6_ta_1179_yryp_MB.pptx
- Количество слайдов: 34
№ 6 тақырып. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Жоспар: 1. Бюджеттік сыныптаманың ролі мен маңызы. Бюджеттік сыныптаманы құру қағидалары 2 Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы 3 Бюджет шығындарының мазмұны мен сыныпталуы 4 Бюджеттік бағдарламалар мен олардың әкімшілерін анықтау
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып функционалдық, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірдей және міндетті болып табылады. Заң актілерінің, Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама: • бюджет түсімдерінің сыныптамасын • бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын • бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Бюджеттік сыныптаманы құрудың негізгі қағидалары 1. біртұтастық қағидасы, яғни бюджеттік сыныптама бюджеттің барлық түрлерінің құрастырылуы мен орындалуының бірыңғай әдіснамалық амалдарына негіз болады; 2. айқындылық қағидасына сәйкес аумақтардың әлеуметтікэкономикалық дамуының болжамды көрсеткіштерінің сенімділігі мен анықтылығын және бюджеттің барлық түрлерінің кірістері мен шығындарын есептеудің нақтылығын білдіреді; 3. кірістер мен шығындарды талдап көрсету қағидасы кірістердің пайда болу көздеріне байланысты, ал шығындардың мақсатты жұмсалу баптарына байланысты сыныпталатынын білдіреді.
Бюджеттік сыныптама мына міндеттерді шешуге бағытталған: Ø бюджет жүйесінің кірістері мен шығындарының құрамы мен құрылымын бақылау; Ø бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша салыстырмалы жинақ бюджеттік ақпаратты алу; Ø бюджеттік үдерістің заңнамалы бақылау құралдарын қалыптастыру; ØБюджет жүйесінің біртұтастығы қағидасының іске асуын қамтамасыз ету.
Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды. Мысалық түсімдерінде сынып салық тобын білдіреді, кіші сынып салық түрін білдіреді, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектісін білдіріді.
КІРІСТЕР салықтық емес негізгі капиталды сатудан ресми трансферттер
Санаттар келесілерді біріктіреді: 1. салықтық түсiмдер; 2. салықтық емес түсiмдер; 3. негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; 4. трансферттерден түсетiн түсiмдер; 5. бюджеттік кредиттерді өтеу; 6. мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 7. қарыздардың түсiмi; 8. бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары. Қалған бөлімшелер кірістерді одан әрі құралу көздері бойынша бөлшектейді.
Сыныптар келесідей біріктіріледі: Сыныптар түсімдерді пайда болу көздері мен түрлеріне байланысты топтастырады. Сыныптама коды екі таңбадан тұрады. Мысалы, 1 санат «Салықтық түсімдердің» келесі сыныптары бар: 01 - ол табыс салығы; 03 – әлеуметтік салық; 04 – меншікке салынатын салық; 05 - ол тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары; 06 – халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар; 07 - басқа да салықтар; 08 – Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және оған уәкілеттіігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер.
Кіші сыныптар келесідей бөлінеді: Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты кіші сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Кіші сынып түсімдерді олардың пайда болу көздері мен түрлеріне байланысты жете және дәлірек топтастырады. Сыныптау коды бір таңбадан тұрады. Мысалы, 04 «Меншікке салынатын салықтар» сыныбының мынадай кіші сыныптары бар: 1 – млік салығы; 3 – жер салығы; 4 – көлік құралдарына салынатын салық; 5 – бірыңғай жер салығы.
Өзіндік ерекшелік келесідей біріктіріледі: Соңғы екі цифр төлемнің нақты төлеушісін көрсететін өзіндік ерекшелік белгісі. Мысалы, 1 санат «Салықтық түсімдердегі» 04 сынып «Меншікке салынатын салықтардағы» 3 кіші сынып «Жер салығы» бойынша мына ерекшеліктер айқындалады: 01 – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы; 02 – Елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы; 03 – Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы; 04 – Орман қорының жерлеріне салынатын салық; 05 – Су қорының жерлеріне салынатын жер салығы; 06 – Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлеріне, суықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге салынатын жер салығы; 07 - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы; 08 - Елді мекен жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы;
Группировка классификации поступлений бюджета состоит из категорий, классов, подклассов и специфик.
Санат Сынып Кіші сынып Ерекшелік 0 00 Атауы
Бюджет шығыстарының мазмұны мен сыныпталуы Бюджеттік шығындарды қандай да бір белгілер бойынша сыныптау олардың экономикалық үдерістерде атқаратын рөлі мен маңызын анықтауға мүмкіндік береді. теория мен тәжірибеде бюджет шығындарын сыныптаудың бірнеше белгілері бар. Ең алдымен, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейі бойынша бөлумен байланысты шығындардың аумақтық сыныптамасын айыру қажет. Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен пайдалану үшін бюджеттік шығындардың экономикалық сыныптамасы маңызды рөл атақарады. Бюджеттік шығындардың экономикалық сыныптамасы экономиканы дамытуға, кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерістеріне бюджеттен қаражаттарды бөлумен тікелей байланысты. Бұл белгілер бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) мен күрделі шығындар (даму бюджеті) болып бөлінеді.
Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы Бюджет шығыстарын сыныптаудың келесі маңызды белгілерінің біріне бюджеттік қаражаттарды функционалдық (атқарымдық) және ведоствлық бағыттар бойынша бөлуді жатқызуға болады. Функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: - функционалдық топтар; - функционалдық кіші топтар; - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері; - бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
Шығындардың функционалдық сипаттамасы келесі функционалдық топтарды біріктіреді: 01 - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 02 - қорғаныс 03 - қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 04 - білім беру 05 - денсаулық сақтау 06 - әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек 07 - тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық 08 - мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 09 - отын-энергетикалық кешен 10 - ауыл, су, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 11 - өнеркәсіп және құрылыс 12 - транспорт және байланыс 13 - басқалар 14 - борышқа қызмет көрсету 15 - ресми трансферттер 16 – қарыздарды өтеу.
Функционалдық топ Функционалдық кіші топ Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Бағдарлама Кіші бағдарлама 04 4 205 004 000 04 04 4 4 208 017 04 04 4 4 225 033 04 4 225 033 000 100 101 Атауы Спорт және туризм Министрлігі Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету ҚР қорғаныс Министрлігі Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау ҚР Білім мен ғылым министрлігі ҚР азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау және білім сапасына сырттай бағалау жүргізу ҚР азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау Білім сапасын сырттай бағалауды жүргізу
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санат шығыстарды экономикалық белгілері бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.
Санат Сынып Кіші сынып Ерекшелік 1 01 01 110 111 Еңбек ақы 01 01 110 113 114 Өтемақы төлемдері 1 1 Атауы Тауарлар мен қызметтер шығындары Ағымдағы шығындар Жалақы Жинақтаушы зейнетақы қорларына судьялардың қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары және әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы ргандары және мемлекеттік өртке қарсы қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналары
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады: 1) санаттар. Олар шығындардың экономикалық белгілеріне байланысты топтастырады. Сыныптау коды бір таңбадан тұрады. Сыонмен қатар, экономикалық сыныптама келесі санаттарды қамтиды: Ø ағымдағы шығындар – мемлекеттік мекемелердің өз қызметтерін орындауымен байланысты шығындары; Ø күрделі шығындар – негізгі капиталды жасаумен, қайта қалпына келтірумен немесе оларды сатып алумен байланысты шығындар; Ø бюджеттік несиелер – бюджеттен қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік негізде бөлінетін ақша қаражаттары; Ø қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттік меншікке қатысу үлесін, заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялармен байланысты шығындар. Ø қарыздарды өтеу – қарыздар бойынша негізгі берешекті өтеумен байланысты шығындар.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады: 2) сыныптар. Олар мемлекеттік мекемелердің жүргізетін операцияларының негізгі түрлері бойынша шығындарды топтастырады. Мұнда сыныптау коды екі таңбадан тұрады. 3) кіші сыныптар. Олар мемлекеттік мекемелердің жүргізетін операцияларының негізгі түрлері бойынша шығындарды жете топтастырады. Сыныптау коды үш таңбадан тұрады. Мысалы, 1 санат «Ағымдағы шығындар» болатын болса, онда 01 сыныбы «Тауарлар мен қызметтер шығындары» , ал 110 кіші сыныбы «Жалақы» болады. Немесе, 2 санат «Күрделі шығындар» , сыныбы 04 «Негізгі капиталды сатып алу» , ал кіші сыныбы 430 «Күрделі жөндеу» болуы мүмкін және т. с. с 4) ерекшеліктер. Олар бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеменің жүргізетін операциялардың түрлерін анықтайды. Сыныптау коды үш таңбадан тұрады. Мысалы, кіші сынып 120 «Жұмыс берушілердің жарналары» бойынша мына ерекшеліктер: 121 «Әлеуметтік салық» , 122 «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар» , 125 «Міндетті сақтандыруға арналған жарналар» болуы мүмкін.
Ағымдағы және күрделі шығындар Ағымдағы шығындар мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, бюджеттік мекемелердің ағымды қызмет етуін және трансферттер түрінде басқа бюджеттер мен экономиканың жеке салаларына мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған бюджет шығындарының бір бөлігі болып табылады. Бұл шығындар тұрақты сипатқа ие бола тұра мемлекеттік тұтыну шығындарын қамтиды. Бюджеттің күрделі шығындары – бұл инновациялық және инвестициялық қызметті қаржыландырумен байланысты болатын мемлекеттің ақшалай шығындары. Оларға: бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестицияларға арналған шығындар; инвестициялық мақсаттарға арналған бюджеттік несиелер ретінде ұсынылатын қаражаттар; қала құрылысы, инфрақұрылымды дамытуға арналған шығындар; ғылымға, адми капиталға, ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға арналған инвестицияларды жатқызуға болады.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Бюджеттік бағдарламалардың түрлері 1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар: üмемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға; üтрансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; üбюджеттік кредиттер беруге; üбюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; üкүрделі шығыстарды жүзеге асыруға; üмемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар: 1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға; 2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына; 3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға; 4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты: 1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға; 2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.
3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты: 1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға; 2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
6_ta_1179_yryp_MB.pptx