
6 лекция Менеджмент.pptx
- Количество слайдов: 46
6 ЛЕКЦИЯ. БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ. БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК− ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ Дайындаған: э. ғ. к. , доцент Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы
ЖОСПАР: 1. Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны. 2. Басқарудың экономикалық әдістерінің жіктемесі. 3. Басқарудың әлеуметтік−психологиялық әдістерінің жіктелуі мен сипаттамалары. 4. Әлеуметтік−экономикалық дамуды басқарудағы әлеуметтік факторлар ролін арттыру.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ БАСҚАРУ ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ Басқару дегеніміз – алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді үрдіс. Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару субъектісінің басқарылатын обьектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі. Басқару әдістері дегеніміз – басқару үрдісінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістікшаруашылық міндеттерді шешу үрдісінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді. Басқару әдістері басқару үрдісін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер – басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
ЖАЛПЫ ТҮРДЕ АЛҒАНДА, БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН МЫНАДАЙ ЕКІ ҮЛКЕН ТОПҚА БӨЛУГЕ БОЛАДЫ: бүкіл басқару жүйесіне жататындар(жалпы әдістер) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар(шағын ауқымдағы әдістер)
БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдері министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістері ӘДІСТЕРІ: түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістері белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістері
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсы бір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты. Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың тәжірибесі үшін ең алдымен басқару әдісінің мәселесіне бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
ІС ЖҮЗІНЕ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ: өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді) қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді) мақсатымен (қандай обьективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен) қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық)
ОСЫ ЖҮЙЕДЕ ҰЖЫМДАРҒА, ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ, ТҰТАС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРГЕ БЕЛГІЛІ БІР БАС АРУ БУЫНЫНЫҢ АЛДЫНА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ Қ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЫҚПАЛ ЖАСАУДЫ МА САТ ЕТЕТІН ӘДІСТЕР МАҢЫЗДЫ ОРЫН Қ АЛАДЫ, СОЛАРДЫ ІШІНДЕ: Ң экономикалық ұйымдық-әкімшілік әлеуметтік-психологиялық
Басқару әдістер оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты болады. Сонымен бірге әдістердің әр бір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады. Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән обьективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен, басқару әдісі дегеніміз – обьективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны обьективті заңдардың мазмұнына байланысты. Сонымен қатар, мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана обьективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық үрдістер өзінен өзі, өндіріс үрдісіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан, басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.
Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы жүзеге асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды. Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды құқықтық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды. Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді. Нарық қатынастарын көшу кезеңінде өндірістік мотивация қызметкерлердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.
ЫҚПАЛ ЕТУ СИПАТЫ Ж НІНЕН БАРЛЫҚ Ө БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ: материалдық себеп әдістеріне әлеуметтік себеп әдістеріне билік ету себептері әдістеріне
ОСЫ ТОПТАРДЫҢ ӘР ҚАЙСЫСЫ: оңды себепті (ынталандыру) теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды
Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады. Материалдық себептер мынадай үш түрде: қоғамдық; ұжымдық; жеке түрде көрінеді.
МАТЕРИАЛДЫҚ СЕБЕПТЕРГЕ: материалдық жағынан ынталандыру күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық жазалар қолдану жатады
Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор – кең көлемді насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы мүмкін. Билік ету себебі қызметкерді кез-келген жағдайда қимыл жасауға мәжбүр ету мүмкіндігінен негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары арқылы қамтамасыз етіледі.
ЫҚПАЛ ЕТУ ҮЛГІСІ БОЙЫНША БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МЫНАЛАРҒА БӨЛІНЕДІ: тура немесе тікелей ықпал ету міндеттер қою ынталандыратын жағдай жасау
Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән. Міндет қою – сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі. Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиісті. Адамдағы жұмыста бұл әдістің, мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейілінше аз жұмсай отырып, мейілінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал ету болап табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсіндіріледі. Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді. Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның ұжымдары мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
2. БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс үрдістерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің ролін тануды, жоспар жасауда, оны мейілінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді. Олар сонымен қатар барлық экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРНЕШЕ ТОБЫН БӨЛІП КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ. ОЛАР: шаруашылық механизмі және оның құрылымы әлеуметтікэкономикалық дамуды аймақтық басқару экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану мемлекеттік реттеу әдістері
Шаруашылық механизмі – шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.
Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс үрдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық салу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, шаруашылық механизмі ғылым тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге өте жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады. Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарда дамуы іс жүзінде ең алдымен шаруашылық механизмнің жізеге асуына байланысты.
БҰЛ ОРАЙДА МЫНАЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ: Øкәсіпорындардың залалсыз жұмыс жасауына; Øпайдасы жоқ дотациялардың тоқтатылуына; Øбасқалармен салыстырғанда, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылымитехникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға; Øөндіруші жөнінде де, тұтынушы жөнінде де, экономикалық мүдде категорияларының пайдаланылуына; Øмемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге; Øкәсіпорындардың шын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруіне және т. б.
Шаруашылық механизмі нарықтық механизмді нарық жағдайында экономиканы басқару дегеніміз – қоғам алдында тұрған мақсаттарға бағытталған заңдар арқылы және экономикалық заңдарды мейілінше жақсы пайдалану жағдайында қоғамдық қондырманың мейілінше ұтымды, экономикалық жағынан дұрыс ықпал жасауы болып табылады. Мұндай көзқарас ғылыми принциптерге негізделеді, ал олардың болмауы стимулдар жоқ және мақсатқа жету мүмкін емес екенін дәлелдейді. Тұтынушы, өндіруші және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан мұндай құрылымдар қажет. Басқарудағы еңбек бөлінісінің формасын басқару құрылымы деп түсіну қажет, ал бұл форма басқарудың белгілі бір функцияларға бөлінуін баянды етеді. Бұл орайда басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады.
ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАТАЫНДАР: басқару қызметкерлері басқару техникасы басқару органдары
Басқару қызметкерлеріне басқару функциясының белгілі бір бөлігін орындайтын индивидтер (адамдар) жатады. Басқару техникасына жататындар – басқару үрдісі үшін қажетті еңбек құралдарының жиынтығы. Басқару органдарына басқару еңбегінің бөлінісі қатынастарымен байланысты қызметкерлер тобы кіреді. Басқару органдарының жиынтығы бұл ретте басқару органдарының жүйесін құрайды.
Мұндай басқару органдары жоғары және төмен тұрған, тең құқықты органдарға бөлінеді. Бұл олардың басқару құрылымындағы жағдайына да байланысты. Басқару құрылымы басқару органдарының арасында бар байланыстар арқылы сипатталады. Барлық нарықтық құрылымдар кез-келген жағдайда белгілі бір принциптерге бағынатынын атап өту қажет. Бұл қағидалар басқару аппараттарына қойылатын талаптардан өз көрінісін табады. Бұл – ең алдымен басқару аппараты құрылымының оңтайлылығы, одан соң – құрылымды аңғарудың оперативтілігі экономикалық дербестік шеңберінде және шаруашылық механизмі анықтайтын жағдайда жұмыс істеудің сенімділігі мен басқару тиімділігі.
ҚАРАЛЫП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕ АЛА КЕТЕТІН БІР ЖАЙ – ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ НАРЫ ҚТАҒЫ БЕЛГІЛІ БІР ТАЛАПТАР А САЙ Ғ КЕЛУГЕ ТИІС. НАҚТЫЛЫ АЙТҚАНДА ОЛАР: Ø біздің санамыздан тыс әрекет ететін экономикалық заңдардың қолданылу шеңберінде оның толық сәйкес келуі; Ø шаруашылық механизмнің ғылыми негізділігі; Ø механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс; Ø қоғамда әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер механизмін жасау; Ø барлық деңгейдегі басқару обьектілерінің мүдделерін біріктіру мен үйлестіру; Ø шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан әрі икемді ете түсу.
Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Осы орайда бір айта кететін жайт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында, бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті. Ол тұста жоспар әр қашанда директивалық құжат түрінде болған және заң күші берілген. Алайда дүние жүзілік тәжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе, басқару жүйесінің төменгі сатысында (шағын және орта кәсіпорындарда) жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.
Жоспарлау – басқаруды обьектісі мен субъектісінің де қоса алғандағы өндіріс дамуының перспективасын және өндіріс жүйесінің болашақтағы жай-күйін белгілейді. Жоспарлау – жүйеге ықпал ететін белсенді басқару үрдісі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері, бүкіл өндірістік организмді дамытудың әдістері мен формалары анықталады.
Өндірісті жоспарлау механизмінің ерекшелігі мынада: мұнда жоспарлы жұмыстың негізгі мақсатымен, қоғамдық қажеттерді қанағаттандырумен диалектикалық байланысы нақты қойылуға тиіс. Жоспарлау жұмысының кеңестік – уақыт жөніндегі ерекшеліктері белгілі бір ауқыммен шектеледі. Өндіріс учаскесінің жоспарлау функцияларын атқару үшін лауазымды адам қажет, ал осы функцияны бірлестік деңгейінде атқару үшін функционалдық жоспарлаушы басқару органдары тұтас құрылады. Алайда жоспарлаудың мәні мен технологиясы барлық басқару обьектілері үшін бірдей. Өндіріс учаскесінің, цехтың жұмысын жоспарлау, мысалы, бірлестік жұмысын жоспарлаудың бүкіл технологиясын кейбір шағын мөлшерде ғана көрсететін тәрізді.
Жоспар – шешімді әзірлеу, негіздеу және қабылдау үрдісінен тұрады, ол үрдістер өндірісті дамыту жоспарлары түрінде рәсімделінеді. Жоспар – сайып келгенде неге қол жеткізу екенін ғана емес, сонымен қатар, мұны қалай істеу керек екенін, жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай және оны орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуге тиіс екенін көрсетеді. Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау: өндірістің болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін, болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.
Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы керек. Сондықтан, қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарымқатынастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатынас жолдары мен коммуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуді және т. б. талап етеді. Мемлекеттік реттеу – басқарудың экономикалық әдістеріне жатады. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде мемлекет ол үрдіске әсер етуге тиісті. Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалануымен іске асырады. Мысалы, несие беру негізінен алғанда: жоспарланбайтын, орталықтандырылмаған және ішінара күрделі қаржылары орталықтандырылған салаларға, бірлестіктерге, кәсіпорындарға қолданылады. Несие беру күрделі құрылыстың, кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
Тұтқалардың бір түрі баға белгілеу. Бір тұтас баға саясатын жүргізу нарықтық экономика тұсында шарт емес. Дұрыс баға белгілеу жүйесі кәсіпорындардың өнімді жаңарту мен оның сапасын жақсарту және ғылымитехникалық прогресті жеделдету мүдделігін күшейтуге тиіс. Жалпы айтқандай ел болса да оның әлеуметтікэкономикалық дамуы, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды.
3. БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК−ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістерінің негізгі элементі - адам. Әлеуметтік-психологиялық әдістер мотивациялауға және адамдарға моральды ықпал етуге негізделеді. Басшының маман екені еңбек ұжымын басқаруда әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады.
ЕҢБЕКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯСЫН БАСҚАРУ ҮШІН БАСШЫ ТӨМЕНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ИГЕРУ ҚАЖЕТ: өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттарын материалдық және моралдық ынталандыру жүйесін өндірісте демократиялық негіздерді дамытуды идеялық тәрбие жүйесін жолға қоюды өз қызметінде жеке үлгіні көрсетуді
БАСҚАРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫ Қ ӘДІСТЕРІ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН: шағын топтарды, ұжымдарды комплектілеу әдісі еңбекке адамгершілік сипат беру әдісі кәсіптік іріктеу әдісі іштей құлшындыру әдісі кәсіптік іріктеу және үйрету әдісі
БАСШЫНЫҢ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖОСПАРЫН ЖАСАУЫ КЕРЕК. ОЛ 4 Б ЛІМШЕДЕН ТҰРАДЫ: Ө Әлеуметтік құрылымды өзгерту, персоналдың біліктілігін көтеру Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және денсаулығын сақтау және сақтандыру Персоналдардың әлеуметтiк жағдайларын жақсарту, халахуалын, мәдени, тұрмыстiршiлiктерiн және тұрғын-үй мәселелерін мейлiнше шешу Қызметкерлердің тәрбиесі, белсенділігі
Жеке адамның ролі мен мінез-құлқын зерттеу үшін оның мінезін темпераментін және қабілетін білу қажет. Темперамент – жеке адамның бүкіл психологиялық көріністеріне көрік береді (сезу, ойлау, ерік). Қабілет - табысқа жету мүмкіндігінің қасиеттерін көрсетеді.
И. ПАВЛОВТЫҢ СИПАТТАМАСЫ БОЙЫНША АДАМДАРДЫ ТИПТЕРІ БЫЛАЙША БӨЛІНЕДІ: Ң ØСангвиник (еті тірі): күшті, байсалды, ширақ, белсенді. Оларды бір сарынды жұмысқа салмау керек. ØФлегматик (сабырлы): күшті, салмақты, байсалды, табанды. Жұмысты ұзақ мерзімге беруге болады. ØХолерик (қызу қанды) – қызба, адамдарды елітіп ерте алады. ØМеланхолик (әлжуаз) – сезімтал, басқаларға жаны ашып, бірге сезіне біледі. Оларға– тыныш жағдай жасап, дөрекілік көрсетпеу керек.
БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (ҚАҒИДАЛАРЫ). ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ МАЗМ ҰНДЫ ҚАҒИДАЛАРЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ: әр қызметкерге өз міндеті мен жауапкершілігін беру әр қызметкер кімге бағынышты кімнен бұйрық алу керек екендігін айқындау қажет
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР КЕЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІКПСИХОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ӨТЕ ЗОР, СЕБЕБІ: жұмыс кезіндегі мотивация қызметтің тұрақытылығын сақтайды жұмысшыларды өз кәспорындарының жақсы қасиеттерін ұстануға тәрбиелейді әкімшілік тарапынан жұмысшыларды жұмыстан босату жағдайы азайады
ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАС ҚАРУДА МЫНА ФАКТОРЛАР НАЗАРҒА АЛЫНУЫ КЕРЕК: жұмыс орнының жақсы ұйымдастырылуы өндірісті тиімді ұйымдастыру және пайдалану жұмысшының жұмыста қалуына (тұрақтылығын) сенімділік ұялату жұмысшылардың мамандық білімдерін көтеру әр түрлі әлеуметтік бағдарлама мен ісшараларды ұйымдастыру
6 лекция Менеджмент.pptx