11__SABA_1178.pptx
- Количество слайдов: 42
6 курс -интерн ➲ Егде жастағы психикалық бұзылыстар Сабақ 11
ВОЗ классификациясына және критериіне жүгінсек ✔ 60 -75 жас-егде жас; ✔ 75 -89 жас-қарт адам; 90 жоғары-ұзақ өмір сүрушілер.
Қартаю кезеңін- адам ғұмыры ның дамуының келесі фазасы деп қарастыруға болады – тұрақты (статичное) дамуы , яғни физикалық жәнепсихосоциальді дефициттер бұрынғы немесе жаңадан пайда болуы мумкін.
Егде жаста кездесетін психикалық ауруларға жатады: 1. Қартаю алды кезеңі(предсенильді инволюциялық, функциональді) ; 2. Нақты кәрілік кезеңі. Инволюциялық кезең - 45 - 60 жас. Кәрілік кезең(сенильді)60 жас жоғары Инволюциялық психоз 2 -ге бөлінеді: 1. Инволюциялық параноид 2. Инволюциялық меланхолия
Инволюциялық параноид -50 жастан соң байқалатын психоз, күндегілік қатынас садырағы( алысқа бармайтынсандырақ ). МКБ-10 Ғ 22. 0 сандырақты бұзылыстар ; Ғ 22. 8 Басқа созылмалы сандырақтар. Инволюциялық меланхолия 50 -65 жаста дамитын созылмалы үрейлі-сандырақты депрессия. СЕБЕБІ : Стресс , өмір стереотипін өзгерткенмен байланысты. Клиникасында: өздеріне орын таппай мазасызданады, абыржушылық, есту иллюзиясы, суицидке барады, кейде меланхолиялық ступор болады. Сандырақ ойлары: өзін кіналау, айыптау, қайыршылану, кедейлену, ипохондри ялық, нигилистік Котар синдромы. МКБ Ғ 32. 0 Депрессивті эпизод.
Психикалық ауру- физикалық бұзылыстар, дәлірек айтсақ мынандай белгілермен көрініс береді: дене салмағының төмендеуі іш қату, терісінің және ауыз қуысының құрғауы, жүрек қызметінің өзгеруі, тремор (дірілдеу) байқалады. Сонымен қатар : Сана сезім Көңіл күй Қабылдау Ойлау бұзылыстарымен жүреді.
Қарт адамдардың тәртіптерінде ерекшеліктер байқалады: қимыл-қозғалыстары, жүріс тұрыстары өте белсенді, экспрес сивті қозғалыстар жасайды және сөйлесу мәнерінің өзгеруі болады. Кейде терапевт тексергенде байқайды, ал ауру тарихы туыс тарының айтуы бойынша жазылады.
Қарт адамдардың психикалық бұзылыстары типтік болады. Себептері әр түрлі болуы мүмкін, жиі психоорганикалық синдром дамиды.
Қарт адамдардың психикалық бұзылыстары типтік болады. Себептері әр түрлі болуы мүмкін, жиі психоорганикалық синдром дамиды.
Психоорганикалық синдром- психикалық жағдай, ми тканьдерінің функциясының бұзылуымен байланысты. Осы психикалық жағдай келесі белгілермен сипатталады: науқастың бағдары уақытқа, жеке тұлғасына, отырған жеріне бұзылған, яғни науқас қайда отырғанын, өзінің аты -жөнін, жасын, қандай мезгіл екенін айта алмайды және т. б, яғни интелект және ес бұзылуына байланысты, әсіресе осы бұзылыстар есте сақтау қабілетінің бұзылуымен сипатталады, науқастар өздерінің тәртібіне, айтылған сөздеріне деген сыни көзқарас жоғалады. Осы симптомдармен қатар эмоциональді тұрақсыздық байқалады және маңайындағылардың сөздерін түсіну қиындайды.
Кәрілік (сенильді)органикалық психоздар — кәрілік шақта дамитын бас ми атрофиясының салдарынан туындайтын ауру болып табылады. Аурудың дамуы генетикалық факторларға байланысты , сыртқы әсерлер тек процессті асқындырып , қиындатып жібереді. Аурулардың клиникалық формаларын бас мидың қыртыс немесе қыртыс асты бөліктерінің атрофиясына байланысты. Барлық ауруларға тән көрініс: ауру біртіндеп, баяу, үдемелі ағымда өтіп, кейіннен психикалық қызметтің терең ыдырауына әкеледі, яғни тотальді кемақылдылық дамиды. Бөлінеді: пресенильді деменция (Пик, Альцгеймер аурулары) және кәрілік кемақылдылық.
Қарт адамдардағы депрессия жиілігі • Қарт жастағы адамдар арасында • 20 адамның — 1 -інде айқын депрессивті бұзылыстар байқалады. • Суицидальді ойлар қарт адамдарда әдеттегі популяцияға қарағанда 2 есе жиі кездеседі 13
Альцгеймер типіндегі деменция (сенильді деменция) БДҰ эксперттерінің қорытындысы бойынша кәрілік шақ пен егде жаста ең көп кездесетін ауру деп танылған. 14
75 - 85% жағдайда альцгеймер типіндегі сенильді деменция 65 -85 жасында дамиды. Ауру ұзақтығы 4 жылдан 15 жылға дейін. 15
Альцгеймер ауруының нейропатологиялық сипаттамасы Қыртыс атрофиясы Синапс пен нейрондардың жойылуы Амилоидты ядросы бар нейритикалық сенильді түйіндер( бляшки ) Нейрофибриллдер жұптасыпбұралған филаменттермен альцгеймерлік өзгеруі болады Амилоидты ангиопатия Микроглияның қабыну реакциясы 16
Альцгеймер типіндегі деменция (сенильді деменция) Холинэргиялық нейрондардың үдемелі дегенерациясы және бас ми қыртысының маңдай бөлігі, төбе және самай бөліктерінің ассоциативті байланыстарының бұлылуы ауыр когнитивті дефицитке, әлеуметтік дезадаптацияға және тәртіп бұзылыстарына әкеледі, кемақылдылық синдромының қалыптасады. 17
Инициальді кезеңі Клиникаалды белгілері Жұмсақ деменция Әрқашан ұмытшақтық байқалады, оқиғаларды толық еске түсіре алмайды, ұқсастық пен айырмашылығын анақтағанда қиындық туындайды, күнделікті белсенділік толық сақталғанмен әлеуметтік және кәсіптік қызметте нашарлау байқалады Ес бұзылыстары айқын , әсіресе қазір болып жатқан оқиғаларға, хронологиялық және географиялық бағдардың бұзылуы байқалады, абстрактілі ойлау, пікір, салыстыру мен қорытындылау нашарлайды. 18
Орташа кезеңі Амнестикалық кемақалдылық синдромы. Жаңа информацияны жаттап алу мүмкін емес, науқастар автобиографиясының хронологиялық тізбегін айта алмайды. Науқастарда уақытқа, қоршаған ортаға бағдары жоғалады, біртіндеп бұрын жинаған білім қорларын жоғалта бастайды. «Амнестикалық бағдардың бұзылуы» және « жағдайдың бұрын болған уақытқа жылжу» феномені байқалады. (сдвиг ситуации в прошлое) 19
Ауыр кезеңі Тотальді деменция естің терең бұзылысы, толық фиксациялық амнезия және амнестикалық дезориентировка болады. Науқастар уақытқа, қоршаған ортағадеген бағдарды жоғалтады, өзі туралы өте аз мәлімет біледі. Ой түйіндеу және пікір айтудан қалады. Тәртібінде регресс ұлғаяды : науқастар ашқарақ, салақ, сырт келбетіне немқұрай, кейіннен -тіпті өз-өзіне қызмет көрсете алмай қалады 20
Неврологиялық симптоматика: Сенильді тремор Жүрістің өзгеруі (семенящая и шаркающая) Психотикалық бұзылыстар : Сандырақты және конфабуляторлы-сандырақты бұзылыстар және «псевдоделирий» суреті байқалады. Сананың шатасуы Сахнатәрізді галлюцинацияның болуымен Редуцирленген делирийлік синдромдар 21
92% науқастарда тәртіптік бұзылыстар байқалады Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарда ең жиі кездесетін тәртіптік бұзылысқа – Апатия және мотивацияның жоғалуы жатады. (M. S. Mega et al. , 1996). Агрессиясимптомдар комплексін құрайды, жиі-жиі психиатр кеңесін талап етеді. 22 www. themegallery. com
Холинергиялық теория Бас ми қыртысының самай-төбе және лимбикалық аумағында холинэргиялық нейрондардың маркерлерінің тапшылығының болуы Көптеген холиномиметикалық препаратты қолданғанда айтарлықтай когнитивтістимульдеуші эффект байқалады. Bartus R. T. , 1982 23
Емі Компенсаторлы (алмастыратын) терапия Альцгеймер ауруында әр түрлі нейрональді жүйелерде нейротрансмиттерлі тапшылықты жоюға бағытталған Нейропротективті және нейротрофикалық терапия, нейрондар мен нейрональді иілгіштіктің ( пластичность) өмір сүру қабілетін( «выживаемости» ) жоғарлатады. Вазоактивті Қабынуға қарсы Гормональді терапия 24
Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, АА бар науқастарға холинергиялық терапия қолданған кезде когнитивті функцияны жақсартып қоймай, деменцияның психитикалық симптомдары мен тәртібіне позитивті әсер етеді. Осыған байланысты тәртіпті түзету мақсатымен қолданатын психотропты препараттарды тағайындауды азайтуға болады , кейде сол дәрілерді қолданудан бас тартады. себебі бас миының самай және маңдай бөлігің паралимбикалық құрылымдарына әсер етуіне байланысты. (J. L. Cummings и D. L. Kaufer (1996). 25
холинэстераза Ингибиторы Дәрілік заттардың ішінде ең жалғыз дәрілер тобы, клиникалық тәжірибенің талаптарына сай, яғни маңызды клиникалық терапевтік әсер беретін, ал кері әсері қанағаттарнарлықтай болатын дәрі. 26
FDA и EMEA 4 препарат деменцияны емдеуге рұқсат етілген. Донепезил (АЛЗЕПИЛ) Галантамин Ингибиторы ацетилхолинэстеразы Ривастигмин Мемантин – глутаматэргиялық рецептор антагонисі 27
Донепезил (Алзепил) 90 жылдары синтезделген 1996 ж. АҚШ қолданылады 1998 ж. Россияда қолданылады Мамырда 2010 ж. Казахстанда тіркелген қаңтар 2012 ж. Республикалық Формулярлы тізімге енді 28
Пик ауруы Егде жаста болатын шектелген бас ми атрофиясы, маңдай және самай бөлігінде атрофиялық процесс байқалады. Ауру 50 -55 жаста басталады, ұзақтығы 5 -10 жылға созылады, тотальді кемақылдылыққа әкеледі. Кейде ерте немесе кеш басталуы кездеседі. Ерлерге қарағанда, әйелдер көп аурады. Ауру тұлғалық өзгерістерден басталады. Адам селқос, апатия , белсенділік төмендейді, эмоцианальді реакциялардың төмендеуі байқалады. Ойлау өнімділігі төмендейді, абстракциялау, біріктіру, ойлану нашарлайды, , адам өзінің өмір салтына деген сыни көзқарасы төмендейді. Кейбір науқастарда эйфория, әуестіктерінің жоғарлауы, мораль мен өнегелік ұстанымдары жоғалады.
Сөзі өте кедей, сөздік қоры күрт азая бастайды, стереотипті түрде бір сөздерді, фразаларды қайталай береді. Жазуы өзгереді, әріпретді жазған кезде көп қателер жібереді, сөздің мәні жоғалады. Науқас біртіндеп заттарды ұмыта бастайды, не үшін қолдану керек екенін білмейді ( орамалды, пышақты ыдысты ұстап тұрып не үшін қолдануды білмейді) Интелектің терең төмендеуі жоғары сенгіштікке әкеледі және маңайындағылардың іс-қимылын стереотипті түрде қайталайды: мимикасын, ым-шара, сөздерін , қимыл т. б. Егер науқасты мазаламаса , ол көп уақыт үндемей отыра береді немесе бір сөзді , фразаны қайталап отыра беруі мүмкін. .
Ауру үдей түскен сайын науқастың есте сақтау қабілеті нашарлай бастайды, әсіресе жаңа ақпаратты қабылдау, кеңістікте бағдардың бұзылуына әкеледі. Ең соңында тотальді ыдырау ойлау, танып білу, сөйлеу, жазу, дағдыларда байқалады. Толық психикалық және физикалық дәрменсіздік болады. (маразм). Болжамы қолайсыз. Өлім әр түрлі себептен, әсіресе инфекция қосылса болады. С
Кәрілік кемақылдылық (сенильді деменция) Қартайған кезде бас ми атрофиясы байқалады, біртіндеп психикалық қызметтің ыдырауымен, тұлғаның индивидуальді ерекшелігінің өзгеруімен және ең соңында тотальді кемақыл дылыққа әкеледі. Кәрілік кемақылдылық - қарт шақтағы психиатрияның ең өзекті мәселесі.
Сенильді деменция-популяцияда 60 жастан асқардардың 3 - 5 % , ал 80 -жас - 20 % құрайды. Кәрілік кемақылдылық себебі, басқа атрофиялық үрдістер сияқты, белгісіз. Тұқымқуалаушылықтың мәні зор, оған "жанұялық кемақылдылық" жағдайлары дәлел бола алады. Ауру аяқ астынан басталады 65 -70 жаста, ұзақтығы 6 -8 жыл созылады, бірақ кейде баяу басталып ұзаққа созылуы мүмкін 10 -20 жылға. Ауру терең маразм жағдайында өліммен аяқталады. Ауру біртіндеп , жайлап басталады , тұлғалық өзгерістерге әкеледі.
МЫСАЛЫ: жылдам, энергияға толы адам – әбігер болып, ұқыпты , құнтты адам- сараң болып кетеді. Әсіресе ең бірінші көзге түсетіні: Адам тұлғасы дөрекі болып кетеді, қызығушы лығы
Адамгершілік қасиеттері мен ұят сезімдері жоғалуына байланысты өшіп бара жатқан жыныстық қабілеті бұрмаланған сипат алады: эксгибиционизм, вуайеризм, педофилиятүрінде. Сондықтан жиі СПЭК өтеді. Кейде: қаңғыбастыққа әуестік, керексіз ескі-құсқы заттар жинайды. Аурудың бастапқы сатысында көңіл күйінде эйфория байқалады, кейіннен адам түнеріп, көңіл күйі төмендеп, долданып ашулануы болады.
КӘРІЛІК ДЕМЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: 1. Кәрілік делирийдің пайда болуы, яғни кешке немесе түнде шатасу байқалады, қоршаған ортаға бағдары өзгереді, туыстарын танымайды , мазасызданады, әбігерленеді, бұрынғы өмірінде (жас кезінде) жүргендей сезінеді, өліп қалған адамдармен әңгімелеседі. Осындай эпизодтар бірнеше сағатқа созылады. 2. Тұрақты сандырақ айтады: көрші үйде адамдарды сойып жатыр, менің құндыз тонымды ұрлап алды (ондай тоны бұрын болмасада ). 3. Түнде үрей мен мазасыздық күшейеді: түнімен жүреді , есікті тексереді, ұйықтамайды.
Сонымен қатар психикалық қызметтің темпі төмендейді, зейіні нашарлайды, назар аудару және назарын қадау қиындайды. Ойлау процессі бұзылады: анализ, біріктіру, абстракциялау, логикалық тұжырымдау, пікір алмасу нашарлайды. Тұлғаның дөрекілеуіне байланысты индивидуальді қасиеттері жойылып сенильді қасиеттері алға шығады: қызығушылығы мен ой өрісі төмендейді, көзқарасы мен сөздері шаблонды, бұрынғы байланыстарын жоғалтады, адам тас жүрек, сараң, қазымыр, тез ызаланғыш, сварливый болып кетеді. Кейбір науқастар өмірге риза болып, ақ көңілді, немқұрайлы, орынсыз көп сөйлеп , әзілдеп, критикаға төзімсіз, әдепсіз болып, өнегелік қасиеттерінен жұрдай болады. Сондай адамдарда ұят сезімі жоғалады, элементарлы моральді ұстанымдарынан айырылады. Жыныстық қабілеті нашарлағанмен жыныстық әуестік жоғарлайды, жыныстық бұрмалануға әкеледі( жыныс ағзаларын жалаңаштап көрсетіп, кішкентай балаларға шабуыл жасайды).
Есте сақтау бұзылады, жаңа тәжірибе алмасу қабілетінен айырылады. Бұрынғы ақпараттарды еске түсіру қиындайды. Ең алдымен соңғы ақпараттар ұмтылады, содан біртіндеп бұрынғы ақпараттар жоғала бастайды. Науқастар жаңа ақпарат пен бұрынғ болған ақпаратты ұмыту байқалса жастық шақтағы оқиғалары бәрі есінде сақталған. Өмірінің «артқа жылжу» " байқалады, яғни 80 жастағы кемпір өзін 18 жастағы қыздай сезінеді. , Палатадағы адамдарды, мед. персоналды өзі жас кезінде араласқан адамдардың атымен атайды (бұрын қайтыс болған). Науқастар сұрақтарға жауап бергенде бұрынғы өміріне сәйкес жауап беріп, кейде ойынан құрастырған әңгімені айтып отырады. Кейде науқастар әбігер жағдайға түсіп, киімдерін буып -түйіп «жолға шығуға » дайындалады. Оның себебі уақытқа, қоршаған ортаға, тұлғасына бағдардың өзгеруімен байланысты.
Аурудың дамуы барысында психотикалық бұзылыстар галлюцинация мен сандырақ байқалады. Науқастар "дауыстар" естиді, қорқытатын, айыптайтын, жақын адамдарын қинап-қанап жатыр деген сипатта естиді. Сонымен қатар көру галлюцинациясы байқалады (адамды көреді, үйіне кірген), тактильді (терісінде жәндіктер жыбырлап жүр) дейді. Сандырақ ойлар маңайындағы ( туыстары, көршілері), қатысты ұрлау, тонау, уландыру , сирек аңду сандырақтары болады.
Бас мидың атрофиялық процессін анықтау бастапқы сатысында қиындық тудырады, себебі қан тамырлық патология, бас ми ісігі және басқа аурулармен салыстыру. Аурудың айқын клиникалық көрінісін де диагноз қою қиынға түспейді. Диагнозды дәлелдеу үшін жаңа зерттеу әдістерін қолданамыз. (КТ)
ПАРКИНСОН ауруы 50 -60 жаста басталады (дрожательный паралич) — бас миының дегенеративті-атрофиялық ауруы егде жаста басталып, экстрапирамидті бұзылыстармен көрінетін, кейде психикалық бұзылыстармен жүретін ауру. Ең бірінші неврологиялық симптоматика: тремор, акинезия, гипертонус және бұлшық ет ригидтілігі. Адам күмәнданғыш, тітіркенгіш, қайталауға бейім, беймазалы (назойливость). Есте сақтау нашар, снижение уровня суждений. ЕМІ-леводопа.
Крейтцфельдта-Якоба ауруы- өте сирек ауру (1 млн-1 адам) прион тудыратын дегенеративті ауру. Инкубациялық кезеңбірнеше оншақты жылдарға созылады. Алғашқы симптомдар 40 -60 жаста п/болады. Неврологиялық симптомдар: спастикалық паралич, экстрапирамидтік симптоматика тотальді деменцияға әкеледі. Летальділік 1 -2 жылда. Арнайы емі жоқ. ДИАГНОСТИКАСЫ: деменцияның тез үдеуі жоғары церебральді функцияның дезинтеграциясымен жүреді. Пирамидті белгі, экстрапирамидтік , мишық симптомдар, афазия, көру бұзылыстары. Қосымша ЭЭГ - жоғарыамплитудалы комплекстер төменгі фондық активтілігі.
Гентингтон ауруы-аутосомды-доминанантты тұқым қуалайтын ауру. , басталады 30 -40 жаста. 100000 адам-6 аурады. Патоморфологиялық өзгерістер: ми маңдай бөлігі атрофиясы, базальді ганглилердің дегенерациясымен, құйрықты ядро. Ерте симптомы: тәртіп адаптациясының бұзлуы, депрессия, үрейлі-параноидты симптоматика, кейін үдемелі хореиформды гиперкинез бен деменцияға әкеледі. Летальділік 1520 жылда. Симптомдар: ●Қыртыс асты функцияның түсіп қалуы(ойлау тежеледі, моторика кедейленеді, апатия ) ●Ретсіз хореяформды қозғалыстар, бетте қолда ●Жанұялық анамнезінде біреу ауырса ●Моторикасының бұзылыстары басқа себептерге байланысты емес. Арнайы емі жоқ.
11__SABA_1178.pptx