
zadacha_59_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 27
№ 59 Есеп Науқас М. , 55 жастағы ер адам Шағымдары: Іш қуысындағы тығыз түзілістің болуына шағымданады.
Ауру анамнезі Ауыспалы іш қату мен іш өтуіді, соңғы аптада іш қуысында пайда болған ауырсынбайтын тығыз түсілісті айтады. Тұрғылықты жердегі хирург дәрігерге тексерілуге барған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан – созылмалы гастритті және созылмалы бронхитті айтады. Аллергологиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсті. Пульсі 80 рет/мин. АҚҚ - 130/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, таза.
Пальпация Іші қалыпты пішінді, желденбеген, жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жақ бөлігінде 6 -7 см. көлемдегі тығыз, аз қозғалмалы, аздап ауырсынатын түзіліс анықталады. Іштің тітіркену симптомы теріс. Тік ішекті саусақпен тексерген кезде патологиялық өзгеріс анықталмайды, қолғапта өзгенмеген нәжіс қалдықтары.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Тоқ ішектің ісігі.
Тік ішектің қандай аурулары кезінде тығыз түзілісті анықтауға болады?
1. Ішек инвагинациясы 2. Аппендикулярлы инфильтрат 3. Соқыр ішектің актиномикозі 4. Тоқ ішек ісігі
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Рентгенографиялық шолу 6. УДЗ 7. Іш ағзаларының КТ-сы 8. Колоноскопия және биопсия 9. ирригография
ЖҚА Гб -116 г/л Эр -2, 8 х1012 Лейкоц – 7, 6 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–жоқ Эр – 1 -2 Лейк – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 3 ммоль/л Мочевина 7, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз-60 г/л
ЭКГ – синусотық ритм, ЖСЖ 80 рет/мин.
Іш қуысының УДЗ-і – Бауыр қалыпты көлемді, патологиялық өзгеріс жоқ, ішек перистальтикасы қалыпты, іш қуысында бос сұйықтық жоқ. Іш қуысының жалпы рентгенологиялық шолуы –Клойбер тостағаншалары анықталмайды.
КТ – тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінің ісігі, метастаздар анықталмаған.
Колоноскопия – тоқ ішекті тексерген кезде тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінде, ішкі саңылауына қарай өскен және де оның жартысы апыл жатқан түзіліс анықталған. Биопсия алынған. Биопсияда –цитология кезінде аденокарцинома.
Колоноскопия
Ирригография
Осы дерт кезіндегі клиникалық түрін атаңыз?
Тоқ ішектің клиникалық түрлері: 1. токсико-анемиялық, 2. энтероколиттік, 3. диспепсиялық, 4. обтурациялық, 5. жалған қабынулық, 6. ісікті (атиптік).
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қатерлі ісігі, ІІ саты, ісіктік түрі.
Осы кездегі емдеу тактикасы?
Метастаздар жоқ болғандықтан, науқасты операцияға дайындағаннан соң - радикальді операциялық ем жасау.
Осы жағдайда қандай операция жасау қажет?
Операция – Лапаротомия, оң жақтық гемиколэктомия (15— 20 см қашықтықта тоқ ішектің терминальді бөлігін, соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғарлаған және көлденең ішектің оң жақ бөлігін алып тастау), операция «соңы бүйіріне» немесе «соңына» түрдегі илеотрансверзоанастомоз салу арқылы аяқталады.
zadacha_59_po_khirurgii_kaz.ppt