
Базар апай Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 5
58 ЖАС ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады” Ж. Баласағұн Сарысай негізгі мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Құлтанбаева Базар Қалдығұлқызы
Ұжымның білікті басшысы, ұлағатты ұстаз, Базар Қалдығұлқызы! Сізді 58 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек жолыңыз өзгеге үлгі болардай сан қырлы. Балаларыңыздың бақытты сәттеріне бөленіп, білімді шәкірттеріңізді тәрбиелеп, ұстаздық еңбекті шығармашылықпен ұштастырып, ұжымыңыздың бірлігі мен нәтижелі табыстары үшін аянбай еңбек етіп, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Алда әлі талай асулар мен белестер бар. Сізге деніңіздің саулығын, отбасыңыздың амандығын, бітер дәулеттің көлкөсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, сәулетіңізге сай дәулет орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсін дей отырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймыз. Құтты болсын қуанышты күніңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Алпыстың да асқарына жақындап, Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз. Ұзақ жылдар келесіз басшымыз боп, Игі істерді үйреттіңіз тәлімі көп. Еңбек жолыңыз еліңізге өнегелі, Сондықтан да келесіз қадірлі боп. Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасыз Әлі талай шыңдардан бақ табасыз. Көш керуеніңіз ешқашан тоқтамасын, Ұжымыңызға қадірлі жан боп қаласыз! Сарысай негізгі мектебінің ұжымы
Еңбек жолы ұстаздықпен өрілген. . . Өнер мен білім егіз Өзгелерді үйрете жүріп, өзі де үйренген Ұстаздық еткен жалықпас. . .
Бақытты жан, аяулы жар, ардақты ана Қызыққа толы күндер. . .
Базар апай Office PowerPoint.pptx