zadacha_58_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 29
№ 58 Есеп Науқас М. , 60 жастағы ер адам Шағымдары: Іш қатуына, метеоризмге, іштің желденуіне, ешектерінің құрылдауына, тұрақты тұйық ауырсыну кезіндегі толғақ тәріздес ауырсынуға шағымданады.
Ауру анамнезі Айтуы бойынша соңғы 3 ай бойы жиі іш қатуы анықталған, нәжісі беткей жағылған қан бар құмалақ тәріздес. Арықтап кеткен. Жағдайы соңғы екі күнде толғақ тәріздес ауырсыну пайда болғанда нашарлаған. Жедел жәрдеммен ЖМКА жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан созылмалы гастритті және созылмалы колитті айтады. Аллергологиялық анамнезі теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 90 рет/мин. АҚҚ - 130/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, ақ жабындылармен жабылған.
Пальпация Іші симметриялы, желденген, пальпация кезінде қатайған және іштің сол жақ бөлігінде ауырсынады. Іштің тітіркену симптомы теріс. Тік ішекті саусақпен тексерген кезде сфинктердің тонусы сақталған, ампуласы бос, колғапта шырыш және қалыпты нәжіс қалдықтары.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жартылай ішек өтімсіздігімен асқынған сол жақ тоқ ішектің қатерлі ісігі.
Осы дертке қандай симптомдар тән болып саналады?
Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қатерлі ісігіне мына симптомдар тән болып саналады: 1. Ауыспалы іш қату 2. Тік ішектен патологиялық бөліністер (нәжістегі қан және шырыш қалдықтары) 3. Нәжістің құмалақ тәріздес болуы 4. Жартылай ішек өтімсіздігі белгілері (метеоризм, іштің желденуі, ішектердің шұрылдары, тұрақты тұйық ауырсыну кезіндегі толғақ тәріздес ауырсыну).
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет?
Салыстырмалы диагностика: 1. Созылмалы колит 2. Долихосигма 3. Тоқ ішек полипозы
Қандай қосалқы инструментальді зерттеулер арқылы диагнозды негіздеуге болады?
1. Колоноскопия көмегімен көзделген биопсия 2. Екі еселенген контрасттық ирригография
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Рентгенография шолу 6. УДЗ 7. Ағзалардың КТ-сы 8. Колоноскопия 9. Ирригография
ЖҚА Гб -126 г/л Эр -3, 0 х1012 Лейкц – 12, 6 х109 ЭТЖ – 35 мм/сағ ЖЗА Ақуыз-жоқ Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 3 ммоль/л Мочевина 10, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 60 г/л
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 92 рет/мин.
Іш қуысының УДЗ-і кеңейген тоқ ішек, перистальтика әлсіреген, іш қуысында бос сұйықтық жоқ. Бауыр қалыпты көлемді, патологиялық өзгеріссіз.
Іш қуысының жалпы рентгенологиялық шолуында –Клойбер тостағаншалары жоқ. КТ – тоқ ішектің сигма тәріздес аймағындағы ісік анықталады, жартылай саңылауын бітеген, метастаздар анықталмайды.
Колоноскопия
Ирригоскопия
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қатерлі ісігі, ІІ саты, обтурциялық түрі.
Осы жағдайдағы емдеу тактикасы?
Гомеостаздың бұзылысын түзетуге негізделген қысқа уақытта жүргізілген операция алдындағы дайындықтан кейінгі радикальді оперативті ем.
Осы кезде қандай көлемдегі операция жүргізу қажет?
Радикальді операция – Лапаротомия, трансверзосигмоанастомоз салу арқылы сол жақты гемиколэктомия (көлденең тоқ ішектің жартысын, төмендеген тоқ ішекті және сигма тәрізді ішектің жартысын алып тастау).
zadacha_58_po_khirurgii_kaz.ppt