zadacha_56_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 26
№ 56 Есеп Науқас Н. , 30 жастағы әйел адам. Шағымдары: Оң жақ аяғындағы кеңейген көк тамырладын пайда болуына шағымданады.
Ауру анамнезі: 20 аптадағы асқынбаған жүктілік кезінде оң аяғында кеңейген көк тамырлар пайда болған. Дәрігерге қаралған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Аллергологиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсті. Іш қуысы ағзалары патологиялық өзгеріссіз. АҚҚ – 120/80 мм. с. бб. Пульсі 72 рет/мин.
Локальді Қарау кезінде оң жақ балтыр және сан аймақтарында кеңейген көк тамырлар анықталған. Пальпациялаған кезде көк тамырлар жұмсақ, ауырсынусыз, бетіндегі тері жабындылары өзгеріссіз.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз: Оң жақ аяқтың көк тамырларының варикозды кеңеуі.
Осы науқастың дерті кезінде қандай функциональді тексерулер жүргізу қажет?
Функциональді тексерулер - клапандық аппараттың қызыметін, терең көк тамырлардың өткіздігіш қызыметін және оның бұзылуы кезінде перфорантты көк тамырлардың клапандарының қызыметін анықтауға көмектеседі. Негізгі керекті функциональді сынамалар 1. Беткей көк тамырлардың клапындық апаратының жетіспеушілігін анықтауға арналған сынамалар: Троянов – Тренделенбург және Гаккенбрух 2. Терең көк тамырларға Дельбе-Пертестің «қадамдық» сынамасы Фитта – Хиджелдің лобелиндік сынамасы 3. Перфоранттық көк тамырларға Пратта, Шейнистің үш жгуттық сынамасы.
Оң жақ терең көк тамырларыдың өтімділігі толық екені хирургпен анықталған. Бірақ беткей және перфорантты көк тамырлардың клапандарының жетіспеушілігі анықталған.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Коагулограмма 4. Қанның ұю жылдамдығы 5. ЭКГ 6. Қан биохимиясы
ЖҚА Гб -128 г/л, Эр -3, 0 х1012, Лейкц – 6, 6 х109, ЭТЖ – 35 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–жоқ, Эр – 0 -1 көр/айм, Лейкц – 0 -1 көр/айм ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 8 ммоль/л Мочевина 6, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 65 г/л АЛТ – 0, 45 ммоль /л АСТ – 0, 57 ммоль/л Холестерин – 5, 0 ммоль/л, Глюкоза-8, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест IV, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л.
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ – 72 рет/мин.
Қандай қосалқы зерттеулер жүргізу қажет?
1. УДДГ, 2. Контрасттық флебография, 3. Флебоманометрия –Вальдеман құрылғысымен, көк тамырлық қысымды өлшеу үшін 4. венография
Флебоманометрия –Вальдеман құрылғысымен, көк тамырлық қысымды өлшеу үшін
УДДГ Контрасттық флебография венография
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Біріншілік көк тамырлардың кеңеюі, I-II дәреже.
Осы науқасты емдеу жоспары?
Емдеу жоспары Эластикалық таңғыштарды таңып жүру және радикальді ем босанғаннан кейін флебэктомия
Эластикалық қысудын қызыметі неде?
Эластикалық қысу – терең көк тамырдағы қан айналымды жылдамдатады, тері асты көк қантамырларындағы қан көлемін азайтады, ісінуге тежеу жасайды, кіші қантамырлардағы қан айналымды жақсартады, тіндердегі зат алмасуды орына келуіне көмек жасайды. Аяққа эластикалық таңғыш салу: 1. Таңғыштауды тәнертең төсектен тұрар алдында жасау қажет. 2. Таңғышты қатты тартпай, аяқ бақайларынан бастап санға дейін салу қажет және де өкше сүйегі мен тобық буынын қоса таңғыштау қажет. 3. Әрбір келесі айналым өткен айналымның жартысын басып отыруы қажет.
zadacha_56_po_khirurgii_kaz.ppt