zadacha_55_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 24
№ 55 Есеп Науқас Н. (ер), 45 жаста Шағымдары Оң жақ балтыр аймағында кеңейген көк тамырлар және жараның болуына шағымданады.
Ауру анамнезі Соңғы он жыл бойы оң жақ балтырдың ішкі жағында кеңейген көк тамырлардың болуы байқалған. Екі жыл бойы сол аймақтарда мезгілімен жаралар пайда болған, бірақ майлы таңғыштаудан кейін жазылып кете отырған. Анамнезінде терең көк тамырлардың тромбозы болмаған. Дәрігерге қаралған және стационарға жатқызылған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды және созылмалы бронхитті айтады. Аллергиялық анамнез теріс
Клиникалық зерттеу Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсті. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. АҚҚ – 130/80 мм. с. бб. Пульсі 80 рет/мин.
Локальді Қарау кезінде оң жақ балтыр және сан аймағында кеңейген көк тамырлар анықталады. Ішкі тобық аймағында жара анықталады және аймақтарында тері түсі өзгерген.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Оң жақ аяқтың көк тамырларының варикозды кеңеуі.
Қандай функциональді сынамаларда жүргізу қажет?
Функциональді сынамалар көк тамырлардың клапандарының жағдайын бақылауға көмектеседі, сондай-ақ солардың бұзылыстары кезінде перфорантты тамырлардың дамуын анықтауға болады. Келесі сынамаларды жүргізу қажет 1. Беткей көк тамырлардың клапандық апппаратының жағдайын анықтауға көмектесетін сынамалар Троянов – Тренделенбург и Гаккенбрух 2. Терең веналардың жағдайын «Жорық» , Дельбе. Пертес сынамалары лобелиндік сынама Фитта Хиджелла 3. Перфорантты көк тамыр жағдайын Пратта, үш жгуттық Шейниса сынамалары.
Функциональдық сынамалар Троянов – Тренделенбург, Гаккенбрух – оң. Жорықтық Пратта сынамасы кезінде – I жағдайда аяғы ауырмайды, балтыр көлемі өзгеріссіз.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары : 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Коагулограмма 4. Қан ұю уақыты 5. ЭКГ 6. Қан биохимиясы
ЖҚА Гб -128 г/л, Эр -3, 0 х1012, Лейкц – 10, 6 х109, ЭТЖ – 35 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–жоқ, Эр – 0 -1, Лейкц – 0 -1 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 8 ммоль/л Мочевина 6, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 65 г/л АЛТ – 0, 45 ммоль /л АСТ – 0, 57 ммоль/л Холестерин – 5, 0 ммоль/л, Қан глюкозасы - 8, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест VI, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л.
ЭКГ – синустық ритм ЖСЖ – 80 рет/мин
Қандай қосалқы зерттеулер жүргізу қажет?
1. УЗДГ, 2. Контрастты флебография, 3. Флебоманометрия – Вальдемана апппараты арқылы, веноздық қысымды анықтайды 4. венография
Варикозды аурудың салдарынан пайда болған ишемиядан кейін қандай асқыну пайда болған?
Варикозды-трофикалық жаралар, оксигенацияның бұзылу салдарынан пайда болған және балтыр тіндердің индурациясы.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Біріншілік көк тамырлардың варикозды кеңеуі IIIII саты. Асқынулар тері гиперпигментация сы, айқын ауырсыну синдромы бар балтырдың төменгі бөлігінің жарасы.
Науқасқа қандай ем көрсетілген?
Емдеу жоспары операциялық ем көрсетілген, Троянов –Тренделенбург, Бэбкокк, Нарат және Коккет (Линтон), операциялары, жараға Тирш бойынша теріні отырғызу.
Тирш бойынша жарағатеріні отырғызу.
zadacha_55_po_khirurgii_kaz.ppt