№ 53 есеп Науқас (әйел) Д. , 56 жас Шағымы Аяқ тамырларынан көп мөлшерде профузды қан кетуіне.
Ауру анамнезі Ұзақ жылдар бойы аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюімен ауырады. Компрессионды ем қолданған. Жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілді.
Өмір анамнезі Басынан өткен аурулардан тұмаурату мен созылмалы бронхитты айтады. Аллергиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа. Тері жабындысы бозарған. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. АҚҚ – 110/70 мм. б. Пульс 98 рет/ мин.
Локальді Қарау кезінде улкен тері асты тамырының аймағында кеңею, жамбас жіліңшігінде түйіндері бар иреленді тамырлар анық көрінеді. Сол жақ жіліңшектің ортасында жарылған күре тамыр түйінінен профузды қан кету байқалды.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Аяқ көк тамырларының түйнеліп кеңеюі. Көк тамыр түйініндегі қан кетумен асқынған.
Науқасқа қандай алғашқы медициналық көмек көрсетілу қажет?
Алдымен: 1. Қансырап жатқан аяққа көтерінкі жағдай жасап қысып таңғыш салу қажет. 2. сонан соң науқасты аурухананың хирургия бөліміне жатқызу қажет. Егер таңғыш салғаннан соң қаңсырау тоқтамаса, тамырдың жүйелеуші және бағыттаушы ұштарын тігіп, таңу қажет
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Коагулограмма 4. Қанның қоюлану уақыты 5. Функционалды сынамалар 6. ЭКГ
ЖҚА Гб -105 г/л, Эр -3, 0 х1012, Лейкц – 9, 6 х109, ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз - жоқ, Эр – 1 -2, лейкц – 0 -2. Қан биохимиясы Билирубин 16, 8 ммоль/л, мочевина 5, 5 ммоль/л, жалпы ақуыз 80 г/л, АЛТ – 0, 45 ммоль /л, АСТ – 0, 57 ммоль/л, холестерин – 5, 0 ммоль/л, қан глюкозасы- 5, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест IV, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л.
ЭКГ – синустық тахикардия, ЖСЖ – 92 рет/мин
Жамбас пен жіліңшектегі терең тамырлардың өтімділгін анықтаудың қандай әдістерін ұсынасыз?
1. Алдымен науқастың терең тамырларының өтімділігін «Дельте-Пертес сынамасын , Тренделенбург симптомын» анықтау қажет. 2. Егер нәтиже дәлелсіз болғанда, науқасқа флебография жасау қажет.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Сол жақ аяғтың варикозды зақымдауы, профузды қанау, III – дәреже, ҮТВ жапқыштарының жетіспеушілігі.
Емдеу шараңыз?
Варикозды кеңеу кезіндегі варикозды қансырау, оперативті емге көрсеткіш?
Осы жағдайдағы патологиялық емге оперативті көрсеткіш?
Троянов-Тренделенбург, Нарат, Бэбкокк операциясы – бірінші этапта шап аумағын кесіп БПВ шығару, таңу және жамбас тамырларының құйылысқан жерін кесіп өту. Бұл Троянов-Тренделенбург операциясы деп аталады. Екінші этап БПВ алып тастау –Бэбкокк әдісі бойынша. Қиылысқан жерінен жіліңшіктің төменгі жақтағы үштен бір бөлігіне дейін зонд жүргізеді, тамырдың дистальды бөлігін таңу және жоғарғы бөлігі ұзын зондтың ілгегі бар ұшына бекітіледі, тамыр бірден алынады. Жара тігіліп, тығыз дәкелеу, үшінші этап - Нарата – ирелеңді тамырлардың ұсақ тамыршалары бар болса, олар тері тілімдері арқылы гемостазбен терінің кескен жерін тігу кезінде кесіледі.