5 -ТАҚЫРЫП. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС AD-AS
5-ТАҚЫРЫП. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС AD-AS ҮЛГІСІ
Лекция жоспары: Жиынтық сұраныс (АD) Классиктердің ақшаның сандық теориясы Жиынтық сұраныстың құрамдас бөліктері Баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты мөлшері арасында байланыс Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы Жиынтық ұсыныс (АS) Жиынтық ұсыныс қисығының түрлері Классикалық үлгі негізіндегі жиынтық ұсыныс қисығы Кейнсиандық үлгі негізіндегі жиынтық ұсыныс қисығы
Жиынтық сұраныс (АD) Жиынтық сұраныс дегеніміз — сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Біз жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуі: МV = РҮ М — ақша ұсынысы; V — ақшаның айналым жылдамдығы; Р — баға деңгейі; Ү — өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет саны.
Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін. М/Р = (М/Р)d =кҮ, мұндағы: к = 1/V. Бүл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р = (М/Р)d сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Ү санына пропорционалды екенін көрсетеді.
Өндірілген жалпы ішкі өнімге деген жиынтық сұраныстың бірнеше құрамдас бөліктерін бөліп көрсетуге болады: Тұтынушылар сұранысы (С ); Инвестициялық сұраныс ( І ); Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы ( G ); Сырт елдер тарапынан сұраныс – таза экспорт ( NX );
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы Жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес салынады. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Ү мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады.
Әрі баға деңгейі мен ұлттық өнім өндірісінің нақты мөлшері арасында үш себеп салдарының байланысынан байқалады: 1) пайыз ставкасының әсері. 2) байлықтың әсері. 3) импорттық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу әсері.
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы Ұлттық банк ақша үсынысын қысқартқан жағдайда (МV =РУ) сандық теориясының теңдеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РҮ нақты түрінде пропорционалды қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, ал AD қисығы солға-төменге қарай жылжиды
Керісінше, Ұлттық банк ақша ұсынысы жоғарылатқан жағдайды қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РҮ жоғарылайды. Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны артады, ал AD қисығы оңға-жоғарыға жылжиды .
Жиынтық ұсыныс (АS) Жиынтық ұсыныс — бүл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Жиынтық ұсыныс қисығының түрлері: ұзақ мерзімдік – классикалық үлгідегі жиынтық ұсыныс қысқа мерзімдік – кейнсиандық үлгідегі жиынтық ұсыныс.
Классикалық үлгі негізінде - өнім шығару көлемі баға деңгейіне теуелді емес. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды
Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі өндіріс көлеміне әсер етпейді. Е1, Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
Кейнсиандық үлгі негізінде қысқа мерзімдік кезенде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың көлденең қисығымен қиылысу нүктесі өнім шығару көлемінің деңгейін анықтайды
Бағалар деңгейі өзгермейтіңдікген, кейнсиандық үлгі негізіндегі жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзу болады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік Жиынтық ұсыныстың жиынтық сұраныспен өзара әрекеті процесінде экономика тепе-теңдік жағдайына келетін баға деңгейі мен шығарылым мөлшері анықталады. Баға деңгейі өзгермейтін қысқа мерзімді кезеңде жиынтық ұсыныс сызығы (SRAS) көлденең болады және осыған орай, шығарылымның тепе-тең мөлшері AD жиынтық сұраныс сызығының жылжуына толық тәуелді болады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы тітіркену. Жиынтық ұсыныстың кенет өзrepyi жиынтық ұсыныстың тітіркенуі деп аталады. Тітіркену жағымды және жағымсыз болады. Жиынтық сұраныс жағынан және жиынтық ұсыныс жағынан болатын тітіркенулер – экономикалық тербелістердің себептері. Ұсыныс жағынан болатын тітіркенулер – бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгepyi. Ұсыныс жағынан болатын тітіркенулер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға тітіркенулері деп те атайды
Ақшаға деген сұраныстың азаюы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне әкеледі: М/Р = kҮ. Мұнда k = 1/V. Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
Ұсыныс жағынан болатын тітіркенулер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға тітіркенулері деп атайды. Оған мысалдар: 1. Өнімді жоятын құрғақшылықтар — азық-түлікке ұсыныстың төмендеуі оларға бағаның өсуін туғызады. 2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді. 3. Халықаралық мұнай картельдерінің ұйымы – негізгі мұнай өндірушілерге мұнайға әлемдік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің шектелуі.
Тұрақтандыру саясаты. Ұсыныс жағынан болатын қолайсыз тітіркенулер
өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін жиынтық сұранысты жоғарылату керек
+4takyryp-ad-as_ulgisi.ppt
- Количество слайдов: 21