5_ta_1179_yryp__1178_R__1200_ltty_1179__1179_ory.pptx
- Количество слайдов: 39
№ 5 тақырып. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
План: 1. ҚР Ұлттық қоры: экономикалық мәні, рөлі және функциялары 2. ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру көздері 3. ҚР Ұлттық қорының активтерін пайдалану 4. Шикізат кірістерін қорландырудың әлемдік тәжірибесі
Дәріс мақсаты: Білім алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптасуы мен дамуы туралы, оның құрылу мақсаты, қызмет ету негіздері туралы, шетелде тұрақтандыру қорларын құрудың мақсат, міндеттірін зерттеп, түсінік беру.
ҚР Ұлттық қоры «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен бюджет кірістерінің қомақты бөлігі табиғат ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылған болатын. 2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда оның активтерін басқарудың негізі қағидаттары мен тәсілдері айқындалды.
ҚР Ұлттық қоры Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын құру мақсаты • елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету; • болашақ ұрпаққа қаржы ресурстарын жинақтау; • экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалына тәуелділігін төмендету; • республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік баға конъюктурасына тәуелділігін төмендету.
ҚР Ұлттық қорының функциялары • Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейiнде ұзақ мерзімді перспектавада Ұлттық қор активтерінің табыстылығын қамтамасыз етеді. Жинақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгіленеді, сондайақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшеріне шек қойылмайды. • Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуді көздейді. • Ұлттық қордың жинақтау бөлігі 75 % мөлшерінде, ал тұрақтандыру бөлігі 25 % мөлшерінде белгіленген.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді: • ашықтық– Ұлттық қордың бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерін, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есептерді, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық басқару туралы есептерді міндетті түрде жариялау; • толықтық – Ұлттық қор туралы есептемеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету; • уақтылылық – Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Үкіметтің шоттарына тиісті нормативтік - құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып мерзімінде аудару; • тиімділік – Ұлттық қорды тәуекел деңгейі орташа болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада активтерді сақтау мен табыстылықты қамтамасыз ету қажеттігіне сүйене отырып басқару.
Ұлттық қор құрылған кезеңнен бері оның механизмі үш мәрте өзгерді, осыған байланысты Ұлттық қордың дамуында үш кезеңді атап өтуге болады: I кезең. Ұлттық қордың қалыптасуы мен дамуы(2000– 2005 жж. ). II кезең. Ұлттық қордың орта мерзімді даму тұжырымдамасы (2005– 2010 жж. ). III кезең. Ұлттық қордың жаңа даму тұжырымдамасы (2010 ж. бастап).
Ұлттық қор құрылған кезеңнен бері оның механизмі үш мәрте өзгерді, осыған байланысты Ұлттық қордың дамуында үш кезеңді атап өтуге болады: - Бірінші кезең 2001 ж. бастап 2005 ж. дейін қалыптасу кезеңі, ол уақытта ҚР Ұлттық қорының қызмет ету механизмінің заң базасы күшіне енді. Бірінші жарна- «Тенгизшевройл» БК атты мұнай өндіру компаниясының қазақстандық 5% үлесі үшін американдық «Шеврон» компаниясымен төленген 660 миллион долларды құрады, 2001 жылы ҰҚ- 1, 2 млрд. доллар салынды, 2002 жылы – 700 млн. доллар, 2003 жылы- 1, 7 млрд. доллар салынды. Ұлттық қор дың құрылған кезеңінен бастап, мұнай секторының шамамен 48% құрайтын табыс мөлшері қорға жіберілді және 2005 жылы 8, 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын активтердің сомасы жиналған, бұл ЖІӨ-ге қатысты 14, 5% құрайды. - Екінші кезең- 2006 -2009 жылдар аралығында «теңгерімді бюджет» кезеңі. 2006 жылы қорды құру және қолдану тәртібін өзгерткен «орта мерзімді болашаққа Ұлттық қордың қаражатын құру және қолдану Тұжырымдамасы» қабылданды. - Үшінші кезең- 2010 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін тіркелген трансферттік құру кезеңі. Мемлекет халқының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздық деңгейін болдырмау, индустриалдық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шараларын жүзеге асыру үшін бюджеттің табысты бөлігін арттыру шараларының кешені қабылданды.
Основной механизм формирования, управления и использования средств Национального фонда Республики Казахстан: 1. Активы фонда сосредоточиваются на счете Правительства Республики Казахстан в Национальном Банке Республики Казахстан. 2. Управление активами фонда осуществляется Национальным Банком Республики Казахстан. 3. Объем и направления использования фонда определяются Президентом Республики Казахстан по предложению Правительства Республики Казахстан. 4. Правительство Республики Казахстан ежегодно представляет на утверждение Президенту Республики Казахстан годовой отчет о формировании и использовании фонда.
ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру көздері 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық түсімдер; 3) Заңмен рұқсат етілген түрлі түсімдер мен кірістер.
Ұлттық қордың түсімдері келесілерден құралады: 1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, экспортқа рента салығы пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлес және қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады. Негізгі қызметі табиғат ресурстарын өндіру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар мұнай секторының ұйымдары болып табылады. Мұнай секторы ұйымдарына шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сонымен бірге шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңи тұлғалар жатады. Мұнай секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді; 2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда); 3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер; 4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 5) Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттары: 1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке тіркелген кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерге; 3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: 1) Ұлттық қордың сақталуын; 2)Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды; 3)тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін; 4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Ұлттық қорды бақылаудан түсетін инвестициялық табыстар, материалдық емес активтерді қоспағанда, оны қаржылық активтер мен өзге мүлікке орналастырудан құрылады. Рұқсат етілген қаржылық активтер мен өзге мүліктің тізбесін Қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесе отырып үкімет анықтайды. Қор қаражаттарын басқару кезіндегі инвестициялық операциялардың негізгі мақсаттары сақталу, өтімділіктің жеткілікті деңгейін қолдау, тәуекелдің орташа деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада табыстылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшері • Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін қайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілдендірілген трансферт болып табылады. • Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері абсалюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. • Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес • Қор активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Респуьликасының Ұлттық банкі, қызметті жалпы үйлестіруді Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады. • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. • Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттің бекітуіне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару бойынша Кеңес құрамы: - Қазақстан Республикасы Президенті – Кеңес төрағасы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - ҚР Парламентінің Сенат төрағасы (келісім бойынша) - ҚР Парламентінің Мәжіліс төрағасы (келісім бойынша) - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы; - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетінің төрағасы; - ҚР Қаржы министрі - ҚР Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестік функциялары: • ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап жасау; • қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап –жасау; • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап -жасау болып табылады. Қазақстан Респубубликасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді. Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 -сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.
Әлемдік тәжірибе Қазіргі таңда 15 -тен астам елдерде тұрақтандыру және жинақ қорлары бар (тек мұнай ресурстары ғана емес, сонымен қатар мыс, фосфат сияқты толтырылмайтын табиғи ресурстар қорлары). Бұл қорлардың мақсаты- болашақ ұрпақтың мүддесі үшін уақытша артық табыстарды жинау үшін шикізатқа деген жоғары бағалардың кезеңін қолдану. Бұл қорлардың қаражаты жағдаяттық ауытқуларының нәтижесінде немесе табиғи жер қойнауындағы ресурстардың толығымен таусылған жағдайда, сыртқы қарыздың өсуі және т. б жағымсыз кезеңдерде бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде толтырылмайтын ресурстардың қорларын құрудың негізгі көздері келесілер болып табылады: - мемлекеттік өндіруші компаниялар табыстарының бөлігін аудару; - қаржы жылының нәтижелері бойынша бюджеттік қалдықтар; - бюджеттік табыстардың тіркелген үлесі; - қор активтерін басқарудан түсетін табыстар.
Толтырылу қағидасына байланысты тұрақтандырушы қорларды екі түрге бөлуге болады: - шикізаттық ресурстардың бағасына тәуелді аударымдардың қоры (Оман, Венесуэлла, Чили мемлекеттерінде құрылған қорлар) - бағалардың деңгейіне тәуелділігі жоқ қорлар (Кувейтте, АҚШ-тың Аляска штатында, Норвегияда құрылған қорлар).
Шикізат секторы ұйымдарының тізбесі: Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ұлттық қорға табыс тоғыз мұнай компаниясы мен үш кен-руда компаниясының салық төлемақысынан түсiп отырды. Атап айтсақ, олар мына 12 аса iрi компаниялар: - ҚҰМК- Ақтөбемұнайгаз; - Дон кен байыту комбинаты; - Қазақойл-Ембi корпорациясы; - Теңiз-Шевройл бiрлескен кәсiпорны; - Қазмырыш корпорациясы; - Қазақмыс корпорациясы; - Харрикейн Құмкөл Мұнай корпорациясы; - Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. ; - Торғай Петролеум; - Маңғыстаумұнайгаз корпорациясы; - Өзенмұнайгаз корпорациясы; - Қаражанбасмұнай ААҚ. 2007 жылдың қарашасында үкiмет 12 iрi компанияның небары төртеуiн ғана қалдыруға шешiм қабылдады, олар: Қаражанбасмұнай ААҚ, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. , Маңғыстаумұнайгаз корпорациясы мен Өзенмұнайгаз корпорациясы.
Кесте 1 - Экономикада едәуір шикізаттық секторы бар елдердің тұрақтандыру қорларының қызметтері Қордың түрі, мысалдар Қызметтері Ресурстардың көздері Бюджеттік тұрақтандыру Негізгі- өтеу, бюджетке ықпал Шекті мәні бар тиісті қорлары (Вене-суэлланың ету шикізатқа әлемдік шикізаттың түріне әлемдік макроэко-номикалық тұрақ- бағаларды төмендету бағалардың көтерілу тандырушы қоры) жағдайында рента төлемдерінің бөлігі Болашақ ұрпақтың қорлары Бюджеттік ресурстық Қордың қаражаты есебінен (Мемлекеттік мұнай қоры, базасында және/немесе қаржы инвестицияларынан Норвегия; Болашақ ұрпақ әлеуметтік міндеттемелерде түсетін табыстар, рента үшін резервтік қор, Кувейт; ұзақ мерзімді жағымсыз төлемдері, бірқатар Мұнай қоры, Оман) ауытқуларды өтеу үшін жағдайларда – басқа да қаражатты жинау табыстар (жекешелендіруден, салықтардың басқа түрлерінен түскен т. б) Бөлу қорлары (Аляска Негізгі- табиғи рентадан Қордың қаражаты есебінен тұрақты қоры) түсетін табыстарды алуда инвестициялардан түсетін азаматтардың қатысуын рента төлемдері қамтамасыз ету, қосымша- қаражатты ұзақ мерзімді жинау Қаражатты шоғырландыру/ орналастыру тәсілдері Шоттардағы қаражат, шет ел активтері Шет ел активтері, бірқатар жағдайларда- мұнай өнеркәсібінен тыс ішкі инвестициялар Шоттардағы қаражат, шет ел активтері
Мировой опыт Анализ функционирования подобных фондов в разных странах мира позволяет сделать следующие выводы: • классифицируя типы существующих фондов, можно выделить стабилизационные, целями которых является поддержание расходов государственных бюджетов на определенном уровне в течение значительного периода времени, сберегательные (фонды будущих поколений) и бюджетные резервные фонды, либо их комбинации; • принцип формирования и использования средств фонда привязывается обычно к одному виду экспортируемого сырья (нефть, медь, фосфаты); • фонды создаются преимущественно в странах, где действуют государственные компании по экспорту базовых природных ресурсов; • управление активами фондов осуществляется Центральными банками, либо независимыми государственными учреждениями. • в ряде стран отсутствуют четкие принципы накопления и использования средств.
К существующим фондам можно применять общие для каждого типа характеристики, отражающие принципы и правила формирования, использования, управления активами, обеспечения контроля над ними Стабилизационные фонды – Аляска, Венесуэла, Кирибати, Колумбия, Кувейт, Нигерия, Норвегия, Папуа – Новая Гвинея, Чили (в ряде перечисленных стран фонды помимо стабилизационной выполняют и сберегательную функцию). Доходы стабилизационных фондов зависят, как правило, от текущих цен на природные ресурсы и создаются для сглаживания колебаний в доходах и расходах государственного бюджета, дополнительном финансировании государственных расходов на территориях, где ведется добыча ископаемых. Сберегательные фонды действуют в канадской провинции Альберта, в штате Аляска, в Кирибати, Кувейте, Норвегии, Омане. Как уже отмечалось, в ряде стран фонды выполняют смешанные функции (стабилизационные и сберегательные). Источники средств сберегательных фондов (будущих поколений) имеют определенный размер: установленный процент от сырьевых доходов или доходов бюджета в целом, либо полностью все сырьевые доходы. Фонды будущих поколений рассчитаны на их использование после того, как месторождения природных ископаемых будут исчерпаны, либо для выплаты дополнительных платежей населению территорий, на которых ведется добыча ископаемых. Бюджетные резервные фонды - Гонконг, Сингапур, Эстония, ЮАР, Россия. Данный тип фондов связан с аккумулированием доходов в годы профицита государственного бюджета, а также дополнительными источниками для государственных сбережений (например, доходы от приватизации).
Формирование фондов в зарубежных странах происходит за счет: - суммы планируемого профицита. При этом размер отчислений определяется уровнем цен на полезные ископаемые и величиной дефицита бюджета при исключении доходов бюджета от недропользователей; - налоговых доходов, а также инвестиционных доходов Фонда; - поступлений свыше базовой величины, определяемой, исходя из средней цены полезных ископаемых; - чистых доходов (валовые доходы – расходы) нефтяной отрасли за вычетом суммы, которая идет на покрытие дефицита бюджета, утверждаемых отдельно парламентом страны в рамках общего бюджетного процесса; - части доходов в экономически развитых странах несырьевого сектора с небогатыми природными ресурсами.
Активы фондов используются на: - финансирование текущих бюджетных программ, а также обслуживание государственного долга и государственных инвестиций; - предоставление кредита для покрытия бюджетного дефицита, который должен быть возвращен в период бюджетного профицита; - ежегодное распределение части активов или суммы инвестиционного дохода от управления фондом для выплаты гражданам; - стабилизацию государственных расходов стран в годы неблагоприятной конъюнктуры на мировых сырьевых рынках.
Норвегия Название фонда – Государственный нефтяной фонд (State Petroleum Fund), включающий «Экологический фонд» (Environmental Fund) Год учреждения – 1990 г. , действует с 1995 г. В январе 2001 года создан Экологический фонд, являющийся частью Государственного нефтяного фонда. Поставленная цель – Стабилизационная (для покрытия дефицита бюджета) и сберегательная (создание обусловлено старением населения и снижением объемов добычи нефти). Функционирует в долгосрочном плане как сберегательный фонд, а в краткосрочном – как стабилизационный. Правила накопления – Сумма каждого отчисления в Фонд утверждается отдельно Парламентом страны в рамках общего ежегодного бюджетного процесса. Таким образом, в Фонд поступают все чистые доходы (валовые доходы – расходы) нефтяной отрасли за вычетом суммы, которая идет на покрытие дефицита бюджета. Активы «Экологического фонда» (портфеля) сформированы за счет разового трансферта в сумме 2 млрд. крон. Изъятие и расходование – Ежегодные трансферты в бюджет (на конец года) на покрытие ненефтяного дефицита (за исключением нефтяной отрасли) с одобрения Парламента. Согласно законодательству, Правительство имеет право запросить разрешения у Парламента на использование средств как для краткосрочных целей (для компенсации падения доходов бюджета), так и для долгосрочного межпоколенческого выравнивания объема доходов бюджета по мере снижения объемов производства нефти и роста социальных расходов. Контролирующий орган – Министерство финансов, которое определяет основные направления инвестирования средств Фонда, а также определяет состав базового портфеля, относительно доходности которого производится оценка эффективности использования средств Фонда. Текущее управление активами Фонда осуществляется Центральным банком. В настоящее время активы Фонда состоят из зарубежных финансовых активов (государственные облигации, ценные бумаги компаний, не связанных с нефтью). Опыт десятилетней работы Фонда оказался чрезвычайно успешным. Так, поддержание сбалансированного бюджета позволило сгладить колебания совокупного внутреннего спроса, снизить инфляционное давление и сдерживать удорожание национальной валюты. В результате следования нецикличной политике использования средств Фонда была достигнута минимальная корреляция между объемом текущих доходов и расходов бюджета. Однако необходимо отметить, что Фонд существовал в условиях жесткой консервативной фискальной политики и экономического подъема в стране, так же успех функционирования норвежского фонда во многом объясняется развитостью всей экономики. Таким образом, с 1996 года суммарные ежегодные поступления в Фонд были положительными (включая 1998 год, когда цены на нефть были минимальны). К концу 1999 года совокупный объем средств Фонда достиг 26 миллиардов долларов США (17, 7% ВВП Норвегии, из которых 15, 4% были получены за счет чистых бюджетных трансфертов, а 2, 3% - как доход от инвестиционной деятельности фонда). Максимальное годовое перечисление средств из бюджета достигало 6, 0% ВВП.
Аляска Название фонда 1. Постоянный фонд Аляски (Alaska Permanent Fund); 2. Резервный Фонд Конституционного бюджета (Constitutional Budget Reserve Fund). Год учреждения 1. Постоянный фонд Аляски - в 1976 г. 2. Резервный Фонд Конституционного бюджета - в 1990 г. в ответ на резкое падение цен на нефть в конце 80 -х годов и, как следствие, – сокращение государственных расходов и спад в экономической активности. Поставленная цель 1. Сберегательная - создание инвестиционной базы, которая могла бы обеспечить доходы для будущих поколений, когда запасы нефти истощатся. 2. Стабилизационная - компенсация падения в доходах бюджета штата, в том числе, для финансирования кассового разрыва в течение фискального года. Правила накопления 1. Со времени создания активы Фонда достигли 25, 3 млрд. долларов. Сберегательный фонд формируется за счет 50% отчислений от всего объема платежей за использование минеральных ресурсов (в 1980 году было увеличено с 25%), роялти, федеральных платежей по разделению доходов от минеральных ресурсов и трансфертов, получаемых штатом Аляска. 2. Объем стабилизационного фонда определяется ежегодно Конгрессом штата, как часть налоговых доходов и роялти, а также доходов Фонда от инвестиций. В него направляется также часть выплат в пользу государства в результате разрешения юридических споров с нефтяными компаниями. Контролирующий орган 1. Средства сберегательного фонда находятся в доверительном управлении губернатора, а также у законодательной власти общественной Корпорации Постоянного фонда Аляски (Alaska Permanent Fund Corporation), и инвестируются в портфель из бумаг с фиксированным доходом и акций. 2. Контроль над стабилизационным фондом (Резервный Фонд Конституционного бюджета) осуществляет Конгресс штата. Средства вкладываются в основном вне Аляски, включая зарубежные инвестиции. Комбинация двух фондов позволяет выполнять сберегательную и стабилизационную функции. Основная сумма поддерживается на постоянном уровне с учетом инфляции, оставшаяся часть инвестиционных доходов распределяется среди населения. К концу 1999 года основные средства сберегательного фонда достигли 27, 1 миллиарда долларов США, стабилизационного – 6, 1 миллиарда долларов США. На конец 1999 г. размер «дивидендов» составил 1 770 долларов на человека. Уровень активов - 105% от валового регионального продукта на конец 1998 г. Основная сумма Фонда инвестируется постоянно и не может быть использована без внесения поправки в Конституцию штата на референдуме. Значительная часть доходов от нефтяной отрасли не поступает в бюджет, что делает его менее зависимым от колебаний конъюнктуры.
ОТЧЕТ О ПОСТУПЛЕНИЯХ И ИСПОЛЬЗОВАНИИ НАЦИОНАЛЬНОГО ФОНДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА 2014 ГОД Наименование Сумма, тыс. тенге 2 3 1. Средства Национального фонда (далее-Фонд) на начало отчетного периода ( кассовое исполнение), всего: 13 026 107 161 2. Поступления, всего: 5 459 636 639 в том числе: - прямые налоги от организации нефтяного сектора (за исключением налогов, зачисляемых в местные бюджеты) 3 467 394 959 в том числе: корпоративный подоходный налог 1 307 631 762 налог на сверхприбыль 81 445 086 бонусы 30 030 811 налог на добычу полезных ископаемых 956 090 202 рентный налог на экспорт 734 720 100 доля Республики Казахстан по разделу продукции по заключенным контрактам 357 476 998 дополнительный платеж недропользователя, осуществляющего деятельность по контракту о разделе продукции, от организации нефтяного сектора - другие поступления от операций, осуществляемых организациями нефтяного сектора (за исключением поступлений, зачисляемых в местные бюджеты) 35 883 283 в том числе: административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые центральными государственными органами, их территориальными подразделениями, на организации нефтяного сектора 12 742 437 прочие штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, на организации нефтяного сектора 57 386 средства, полученные от природопользователей по искам о возмещении вреда организациями нефтяного сектора 23 083 052 другие неналоговые поступления от организации нефтяного сектора 408 - поступления от приватизации государственного имущества, находящегося в республиканской собственности и относящегося к горнодобывающей и обрабатывающей отраслям - поступления от продажи земельных участков сельскохозяйственного назначения 1 368 917 - инвестиционные доходы от управления Фондом* 1 954 989 480 - иные поступления и доходы, не запрещенные законодательством Республики Казахстан 3. Использование, всего: 1 963 684 206 в том числе: - гарантированные трансферты 1 480 000 - целевые трансферты 475 000 - покрытие расходов, связанных с управлением Фондом и проведением ежегодного внешнего аудита 8 684 206 4. Средства Фонда на конец отчетного периода, всего: 16 522 059 594 Примечание: *С учетом инвестиционного дохода за 9 месяцев 2014 года, согласно утвержденному отчету НБРК за 3 квартал 2014 года по доверительному управлению Нацфондом. № п/п 1
Поступления и изъятия (2008 -2013)
Поступления и изъятия (2008 -2013)
Динамика изменения объема накопленных средств в Национальном фонде РК с момента основания по начало февраля 2013 года (в млн долларов США)
Источник: Указ Президента РК «Об утверждении отчета о формировании и использовании Национального фонда Республики Казахстан за 2011 год» Показатели доходности Национального фонда РК с момента основания
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
5_ta_1179_yryp__1178_R__1200_ltty_1179__1179_ory.pptx