Л5_МЕГ.ppt
- Количество слайдов: 33
№ 5 лекция ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАУЛАР Жоспар: 1 Жалпы мәліметтер 2 ҚТ пайда болу себептері 3 ҚТ түрлері 4 ҚТ процесі 5 ҚТ салдары 6 ҚТ шарттары бойынша жабдықты таңдау 7 Коммутациялық жабдық
Қысқа тұйықтау
Қысқа тұйықтау деп (ҚТ) фазалар арасындағы тұйықтауларды (электрқондырғының фазалық өткізгіштерінің арасында), фазалардың жерге тұйықталуын және электр машиналарындағы тармақтық тұйықтауларды айтады.
Қысқа тұйықтаудың себептері: • оқшауламаның механикалық зақымдары мен ескіруінен туындаған бұзылулар; • басқа заттарды электрберіліс желілерінің сымдарына тастау; • желілердің астынан ауқымды механизмдердің (жебесі көтерілген крандар және т. б. ) өтуі; • найзағайдың тікелей соққылары; • асқын кернеулер, жабдықты қанағаттандыралмайтындай күту; • қызмет көрсетушілердің қате қимылдары (тогы бар тізбекті айырғышпен қате ағыту, айырғыштарды қысқа тұйықтағышқа қосу, бас сұлбаларда және РҚА сұлбаларында ауыстырып қосулардағы қате әсерлер).
Қысқа тұйықтаулардың түрлері: а – үшфазалық ҚТ; б - екіфазалық ҚТ; в – жерге екіфазалық ҚТ; г - бірфазалық ҚТ Электр машиналарында қысқа тұйықтаулар мүмкін: Тармақаралық - ротор немесе статор орамдары тармақтарының арасындағы тұйықтау; Орамның метал тұрқыға тұйықталуы.
Қысқа тұйықтау. Пайда болу ықтималдығы ҚТ әр түрлерінің пайда болуының салыстырмалы жиілігі үшфазалық 5% екіфазалық 10 % бірфазалық 65 % Жерге екіфазалық ҚТ 20% Кейде тұйықтаулардың бір түрі басқасына көшеді (мысалы, 6 — 10 к. В кабель желілерінде бір фазаның жерге тұйықталуы жиі фазааралық ҚТ өтеді).
Электр доғасы (Вольт доғасы, доға разряды) — физикалық құбылыс, газдағы электр разрядының бір түрі. Бірінші рет 1802 жылы орыс ғалымы В. В. Петров суреттеді, алайда бұл бөлімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Никола Тесла. Электр доғасы заттың төртінші күйінің - плазманың жеке жағдайы болып табылады, иондалған, электрлік бейтарап газдан тұрады. Еркін электр зарядтарының болуы электр доғасының өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
Электр доғасы Бір қатар құрылғыларда электр доғасының құбылысы зиянды. Бұл бірінші кезекте электрмен жабдықтауда және электржетегінде пайдаланылатын түйіспелік коммутациялық құрылғылар: жоғарывольттік ажыратқыштар, автоматты ажыратқыштар, түйістіргіштер. Жоғарыда аталған При отключении нагрузок вышеуказанными аппараттармен жүктемелерді ағытқанда ажыратылатын түйіспелердің арасында доға пайда болады. Түйіспелерді зақымдамау үшін доғаны минималды уақытта сөндіру керек.
Қысқа тұйықтау. Салдары Қысқа тұйықтаулардың салдары: 1 Электржабдығының механикалық және жылу зақымдары. 2 Электрқондырғылардағы өрттер. 3 Электрқозғалтқыштардың айналдыру иінкүшін азайтуға, олардың тежелуіне, жұмыс өнімділігінің төмендеуіне немесе тіпте тұрып қалуына алып келетін тораптағы кернеу деңгейінің төмендеуі. 4 Бөлек генераторлардың, электрстанциялардың және электр жүйесі бөліктерінің синхронизмнен шығып қалуы және жүйелік апаттарды қосқанда апаттардың пайда болуы. 5. Байланыс желілеріне, коммуникацияларға және т. б. электрмагниттік әсер.
Оқшауламаның зақымдалуы Кабель желісінің зақымдалуы қысқа тұйықтауға алып келді Кабельдің қысқа тұйықталуы. Салдары
Қысқа тұйықтаулардың салдары Трансформаторлар кабинасындағы қысқа тұйықтау
Қысқа тұйықтаулардың салдары Трансформаторлар кабинасы. Кірме кабеліндегі қысқа тұйықтау
Оқшауламаның зақымдалуы Трансформатордың активтік бөлігі. Оқшаулама зақымдалу себебінен болған қысқа тұйықтау
Қысқа тұйықтаулардың салдары Ауыстырып қосқыш құрылғының жетегі. Қысқа тұйықтау асинхронды қозғалтқыштың орамында болды
Қысқа тұйықтаудан қорғану әдістері Қысқа тұйықтаудан қорғану үшін оның тогын шектейтін арнаулы шараларды қабылдайды : • Ток шектейтін электр реакторларын қояды; • секциялық және шиналарды қосатын ажыратқыштарды ағытып тастайды; • Төменгі кернеудің ыдыратылған орамы бар төмендеткіш трансформаторларды пайдаланады; • Қысқа тұйықтау тогын шектейтін қасиеті бар коммутациялық аппараттарды, яғни балқыма сақтандырғыштарды, автоматтық ажыратқыштарды пайдаланады; • Тізбектің зақымдалған айландарын ағыту үшін релелік қорғаныс құрылғыларын қолданады.
Коммутациялық аппараттар Коммутациялық аппарат — бір немесе одан да көп электр тізбектерінде токты қосып – ағытуға арналған аппарат. Негізгі электрлік коммутациялық аппараттар: ажыратқыштар; айырғыштар; қорғаныстың ағыту құрылғылары ; реле; шапқыштар; сақтандырғыштар және т. б.
Ажыратқыштар Жоғарывольттік ажыратқыш — қолмен, арадан немесе автоматтық басқару кезінде қалыпты немесе апаттық режимдерде энергия жүйесіндегі бөлек тізбектерді немесе электржабдығын оперативтік қосып ажыратуға арналған қорғаныс – коммутациялық аппарат.
Коммутациялық аппараттар Қиыстырмалық ерекшеліктері және доғаны сөндіру тәсілі бойынша ажыратқыштардың келесі типтерін айырады : - майлы бактік (майлы көпкөлемді); - аз майлы (майлы азкөлемді); - ауа; -элегаздық; - электрмагниттік; - автогаздық; - вакуумдық. Қалыаты режимнің токтарын ағытуға есептелген жүктеме ажыратқыштары ерекше топқа жатады.
Майлы бактық ажыратқыштар Майлы ажыратқыштарда май доғаны сөндіруге және ток өтетін бөлшектерді оқшаулауға арналған. ВМГ-10 майлы ажыратқышы МКП-110 бактық ажыратқышы ВМТ-220 азмайлы ажыратқышы
Бак ажыратқыштарының артықшылықтары: - қиыстырманың қарапайымдылығы; - жоғары ағыту қабілеті, сыртқа орнату мүмкіндігі; - Ендірілген ток трансформаторларын орнату мүмкіндігі. Бак ажыратқыштарының кемшіліктері: - жарылу және өрт қаупі; - Бактегі және кірмелердегі майдың жағдайын және деңгейін уақытылы бақылау қажеттілігі; - майдың үлкен көлемі, бұл оны ауыстыру үшін көп уақыт талап етеді, майдың үлкен қоры қажет; - Тұрғынжайлардың ішіне орнатуға жарамсыздығы; - Жылдамәсерлі АҚҚ жасауға жарамсыздығы; - металдың үлкен шығыны; - үлкен массасы; - тасымалдау, монтаждау және баптау ыңғайсыздығы.
Ауа ажыратқыштарында доғаны қысылған ауамен сөндіреді, ал доғасөндіргіш құрылғының ток өткізетін бөліктерін оқшаулау фарформен немесе басқа оқшаулайтын материалмен жасалынады. Номиналды кернеуі 750 к. В ауа ажыратқышы (бір полюс) Ауа ажыратқышы
Ауа ажыратқыштарының артықшылықтары: - жарылу- және өртқауіпсіздігі; - - жылдамәсерлігі және жылдамәсерлі АҚҚ жасаудың мүмкіндігі; - жоғары ағыту қабілеті; - - қызмет көрсету ыңғайлылығы; - - сыртқа және ішке орнату мүмкіндігі. Ауа ажыратқыштарының кемшіліктері: - компрессорлық қондырғының қажеттілігі; - - бір қатар бөлшектер мен түйіндердің күрделі қиыстырмасы; - - салыстырмалы жоғары құны; - - ендірілген ток трансформаторларын орнатудың қиындығы.
Вакуумдық ажыратқыштар Вакуумдық аралықтың электр беріктілігі атмосфералық қысымдағы ауа аралығының беріктілігінен көп есе артық. Осы қасиет вакуумдық доғасөндіргіш камераларында қолданылады. 6 -10 к. В вакуумдық ажыратқыш 27, 5 к. В вакуумдық ажыратқыш
Вакуумдық ажыратқыштар 110 к. В вакуумдық 35 к. В вакуумдық ажыратқыш
Вакуумдық ажыратқыштардың артықшылықтары: - жарылу- және өртқауіпсіздігі; - - қиыстырмасының қарапайымдылығы; - - сенімділіктің жоғары дәрежесі; - жоғары коммутациялық тозуға төзімділігі; - аз мөлшері; - - операцияларда шудың болмауы; - қоршаған ортаны ластамауы; - аз эксплуатациялық шығындары. Вакуумдық ажыратқыштардың кемшіліктері: - аз номиналды және ағыту токтары; - аз индуктивтік токтарды ағытқанда коммутациялық асқын кернеулердің болу мүмкіндігі.
Элегаздық ажыратқыштар Элегаздық ажыратқыш — бұл жоғарывольттік ажыратқыштың түрі, электр доғасын сөндіру ортасы ретінде элегазды пайдаланатын коммутациялық аппарат (алтыфторлы күкірт, SF 6).
Элегаздық ажыратқыштардың артықшылықтары: - жарылу- және өртқауіпсіздігі; - - жылдамәсерлі; - - жоғары ағыту қабілеті; - доғасөндіргіш түйіспелерінің тозуға төзімділігі; - сыртқа және ішке орнату мүмкіндігі. Элегаздық ажыратқыштардың кемшіліктері: - элегазды толтыру, айдау және тазалау үшін арнаулы құрылғылардың қажеттілігі; - элегаздың салыстырмалы жоғары құны.
Элементі шығарылатын ажыратқыш Элементі шығарылатын сериясы КМ 1"Исеть» КРУ – дың жалпы түрі
Реклоузерлер өздерінің аз ауқымдары мен функционалдық қабілеттері есебінен абоненттерді тиімді қосып, электр торабының сенімділігін көтеретін коммутациялық аппараттар.
Айырғыштар Айырғыш - жүктемесі жоқ немесе жүктемесі аз электр торабын ағытып қосуға арналған коммутациялық аппарат. Айырғыштар желі қорегін ағытқанда тізбектің көрінетін үзігін жасауға арналған (жөндеу жұмыстарындағы қауіпсіздік үшін). Айырғыштар бірполюстік және үшполюстік болады; Жіктелуі: орнату тегінен: сыртқа және ішке орнату, орнату тәсілінен: пышақтардың жатық және тік орналасуы. Қиыстырмалық ерекшеліктері бойынша бұрылатын, шабатын, пантографиялық, ілінетін және сырғ анайтын типті аппараттар бар.
Айырғыштар РН-СЭЩ 220 к. В айырғышы жоғары кернеудің электр тізбегінің токсыз айландарын, трансформаторлардың бос жүріс токтарын, ауа желілерінің зарядтық токтарын және ендірілген жерлендіргіштердің көмегімен тізбектің ағытылған айландарының жерлендіруін қосып ағытуға арналған. Айырғыштардың доғасөндіргіш құрылғылары жоқ, сондықтан олармен жүктеме токтарын ағытуға тыйым салынады. Жүктемесі бар тізбекті ағытуға ажыратқыштар пайдаланылады.
Айырғыштар РГН-220/1000 УХЛ айырғыштары. Нысан: Мыңарал қыстағының цемент зауыты.
Бақылау сұрақтары ҚТ деген не? ҚТ пайда болу себептері ҚТ қандай түрлері бар? Жоғарывольттік ажыратқыш деген не? Жоғарывольттік ажыратқыштың айырғыштан айырмашылығы
Л5_МЕГ.ppt