5ESS MAKS MADI.pptx
- Количество слайдов: 22
5 ЕSS / VCDX – коммутациялық жүйелері(5 ЕSS-2000)
Lusent technologies сандық коммутациялық жүйелер 5 ЕSS / VCDX - коммутациялық жүйелері (5 ЕSS-2000) 5 ESS/5 ESS-2000/VCDX – программалық басқарылатын және уақыттық каналдармен бөлінген электронды цифрлық станция, ол функционалдылықтың жоғары сенімділігін, жан-жақтылығын, сонымен қатар үнемділігін қамтамасыз етеді. Станцияның жұмыс икемділігі модульдік құрылымдардың өсуі мен сигналдардың таралған өңделуінің көмегімен жүзеге асады. Сонымен қатар модульдік құрылым станциялардың өткізу қасиетін өсіреді, сондай-ақ жаңа қызметтерді енгізеді, жүйедегі интерфейстер санын арттырады.
Станцияның архитектурасы жаңадан шыққан өңдеулерді жылдам енгізуге мүмкіндік береді, оған мысл ретінде ISDN қызметі мен көпжолақты қол жетімділікті айтуға болады. 5 ЕSS / VCDX- сенімділігі жоғары станция. Ақауларды автоматты түрде анықтау, ақау орнын анықтау және конфигурациясын қайта жасау мүмкіндігі ақауларды анықтап, оқшаулап және қысқа мерзімде жоюға мүмкіндік береді. 5 ЕSS структуралық сұлбасы 1. 1 - суретте көрсетілген.
5 ЕSS станциясының сәулеті 5 ЕSS станциясының таралатын станциясы бар, ол тұрады: Әкімшілік модулден (АМ), біріктірілген жалпы ресурстардан, пайдаланушылық интерфейсті ұсынудан және деректреді сақтаудан тұрады. АМ 3 В 21 Д процессорда базаланады. Коммуникациялық модулден (СМ) Коммуникациялық модулдерді жалғауға және станцияны синхрондауды қамтамасыз етеді. Бірнеше Коммуникациялық модулден(SМ), шақырудың 98% өңдеуін қамтамасыз етеді.
1. 1 -сурет. 5 ESS-2000 негізгі элементтері
Негізгі элементтеріне сипаттама АМ 3 В 21 әкімшілік модулі Әкімшілік модуль пайдаланудың және станцияға қызмет көрсетудің техникалық орталықтандырылған деректер базасын әкімдеу және сақтау үшін қызмет етеді, күрделі шақыруларға қатысады, сондай-ақ шақыруларды өңдеу процесімен тікелей байланысты болмайтын көптеген функцияларды орындайды. АМ көмегімен станцияның диагностикасы өткізіліп, ақауларды анықтау, оқшаулау және оларды жою жүзеге асырылады. АМ арқылы жазу құрылғыларына қатынау және магнитті лентадан оқу (МАТ), сондай-ақ дискілі жинақтаушыларға қатынау жүзеге асырылады. Сонымен қатар, осы модулде тарификация деректері жинақталады. АМ арқылы станцияның қызмет көрсететін персонал әкімдеу және қызметтер көрсету үшін, жергілікті және станцияның кез-келген жүйесіне қашықтан қатынауды жүзеге асыра алады.
АМ арқылы техникалық пайдаланудың автоматтандырылған жүйесімен және трафикті басқару жүйесімен және қызмет көрсетумен 5 ЕSS-2000 байланысы жүзеге асырылады. Техникалық пайдалану орталықтарына немесе тарификация деректерін өңдеу орталықтарына қосылу үшін деректерді беру арналары болады. Файлдар қатынаудың стандартты протоколы және FТАМ деректерін беруді басқару бойынша беріледі.
СМ-3 байланыс модулі Байланыс модулі коммутациялық модулдер арасындағы дауыс арналарының кеңістікті коммутациясын және процессорлы коммутациялық модулдер арасындағы басқару хабарламаларының дестелі коммутациясын, СМ және АМ жүзеге асырады. Сонымен қатар, СМ 5 ЕSS-2000 станциясының синхрондалуын қамтамасыз етеді. СМ негізгі элементтері кеңістікті коммутация матрицасы, хабарламалар коммутациясы, дестелі коммутатор және синхросигналдардың интегралданған көзі болып табылады. Жылдам әрі сенімді байланыс үшін СМ талшықты-оптикалық модуль аралық қосылыстарды қолданады.
Бағдарламалық қамтама сәулеті 5 ЕSS-2000 станцияның бағдарламалық қамтамасының модулді сәулеті бар, бұл станцияның жоғары сенімділігін, жаңа қызметті енгізудің қарапайымдылығын, қолдау және қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. Басқару үшін операциялық екі жүйе қолданылады. ОС UNIX-RTR АМ процессордың әкімшілік қызметін жүзеге асырады.
Негізгі және қосымша қызметтер 5 ЕSS-2000 станциясы байланыс операторына абоненттерге бірегей платформада қосылысты орнату және қызмет көрсетудің қосымша түрлері (ДВО) бойынша базалық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін береді.
Осы қызметтердің арасында келесілер ерекше қызығушылық тудырады: Жергілікті-қала аралық байланыс қызметі Халықаралық байланыс қызметі Қызмет коммутациясының қызметі және зияткерлік желі қызметі Операторлық қызметтер ІSDN қызметі DEBS қызметі ( «Центрекс» ) Ұялы (АМРS және GSM) және бекітілген сымсыз байланыс қызметі , және т. б.
Кең жолақты байланыс қызметі 5 ЕSS- Кең жолақты қатынау мүмкіндігін ANYMEDIA Access System қатынау жүйесі базасында мүмкіндіктер бере алады.
Қолдану 5 ЕSS кез-келген физикалық тасымалдаушыны қолдануға мүмкіндік беретін, бүгінгі күнгі жалғыз ғана станция болып табылады. Бір платформада сымсыз және сымды байланысты, дауыс пен деректерді беруді қоса алғандағы қызметтерді жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. 7 R/Е Packet Driver (5 E –XC) орнатуға байланысты 5 ЕSS станция ІР-АТМ желісін және арналар коммутациясын қолдайды. Бір платформада халықаралық, қала аралық және ақылы байланыс, операторлық қызмет, транзитті беріліс, деректерді және бейне берудің кешенді қызметтері жүзеге асырылады.
Сымсыз байланыс 5 ЕSS станциясы FDMA/TDMA/CDMA қызметін 5 ЕSS платформасында қолдайды. Бірегей платформаны қолдану биллингті жетілдіруге, қызмет көрсетудің түрлі класын қолдануға, ұялы байланыстың түрлі абоненттік топтарына икемді баға саясатын орнатуға мүмкіндік береді.
VCDX коммутациялық жүйесі Өте шағын сандық станция (VCDX) – бұл 5 ЕSS станцияның минималданған конфигурациясы. 5 ESSдан функциясы жагынан айырмашылығы жоқ болатын, аз мөлшерлі автаномды станциялар үшін қолданылады, оның SM-2000 модулінен айырмашылығы жоқ.
Шақыруларды өңдеу функциясын атқаратын SМ(-2000) модулі, бұл жағдайда сервермен басқарылады, ол әкімшілік модулі түрінде (АМ) жұмыс атқарып, әкімшілік жұмыс станциясы АWS аталады. АWS- SUN компаниясының Netra t 1120 микропроцессорлы жүйесіне негізделген. Бұл компьютер 5 ЕSS станцияның Әкімшілік Модулінің 3 В 21 операциялық жүйесін эмульдейді және кез-келген 5 ЕSS станция сияқты сол бағдарламалық қамтаманың жүктемесін орындайды. SМ(-2000) модулмен байланыс Ethernet арнасы бойынша жүзеге асырылады.
VCDX станциясы 25 000 абоненттік желіге дейін, жүктеме 0, 1 Эрл/желі болғанда, немесе 4 080 ЦСЛ арналар, жүктеме 0, 7 Эрл/арна, немесе АЛ және ЦСЛ комбинациясы аталған шекте ( жүйенің жинақты трафигі бойынша шектеулермен) қолдайды.
5 ЕSS абоненттік қатынау блоктары 5 ЕSS абоненттік қатынау блоктары, қарапайым қосжелілік телефон желілерін қосқандағы барлық типтегі абоненттік желіге қызмет көрсету үшін жасалған, таксофондар – қайта полюстейтін монеталы автоматтар түрінде, сондай-ақ карточкалы таксофондар (тарификациялық импульстер 12/16 к. Гц) және ІSДN. Блоктар сервисті мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді және 5 ЕSS сыйымдылығын қызмет көрсету аймағын арттырғанда, тез кеңейтуге мүмкіндік береді. Кең жолақты блок Broadband AIU бір платформада сандық абоненттік желілерді және аналогты қолдайды.
AIU абоненттік қатынау блоктары, шкафқа қондыруға арналған қосарлы биіктегі сөре болып табылады. Блотың жалпы жабдықтарының бәрі СОМДАС платасында монтаждалған, ол сенімділікті арттыруға арналған. AIU блоктар бірнеше конфигурацияда жеткізіледі. Бір сөре блоктармен 32 желі бойынша өсірілетін, 640 абоненттік желіге дейін қолдайды. Бір стативте LTР максимум 3584 аналогты желі сияды, бұл алдыңғы буынды үлгілердің сыйымдылығын екі есеге арттырады. AIU блокқа электр қоректендіргіштегі үзілістен кейінгі автоматты қалпына келтіру функциясы кіреді.
5 ЕSS станциясының сенімділігі 5 ЕSS жүйесі - АRМІ S ұйымының есебіне сәйкес ең сенімді станция болып табылады.
Коммутация түрлері Уақыт-Кеңістік-Уақыт (SМ-СМ- SМ). Ноsт-а (АМ-СМ) абонентке дейін 242 км дейін жете алады, RSM пайдаланған кезде Remore SM - қашықтағы SM ), RISLU( қашықтағы ISLU - абоненттік блок) немесе RAIU (қашықтағы AIU- қатынау блогы).
5ESS MAKS MADI.pptx