Основы ТПП казз ЛЕКЦИЯ 55555.pptx
- Количество слайдов: 6
5 ДӘРІС: ЖАСУША ҚҰРЫЛЫМЫ. ЖАНУАР МЕН БАЛЫҚ ҰЛПАЛАРЫ, ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫ Дәріс жоспары: - Өсімдік жасуша құрылымы - Жануар және өсімдік ұлпалары
Жасушаларды көрген ең алғашқы адам, ағылшын ғалымы Роберт Гук. 1665 жылы Гук ағаш таяқша неге жақсы жүзетінін түсіну үшін, ағаш таяқшаны өзі құрастырған микроскоп арқылы қарай бастады. Ол таяқшаның көптеген ұяшықтарға бөлінгенін байқады, оны аралар ұясындағы сотыларға ұқсатты, және оларды жасуша деп атады. 1675 жылы итальяндық дәрігер, 1681 жылы ағылшын ботанигі Н. Грю өсімдіктің жасушалық құрылымын мақұлдады. Жасуша жайлы «құнарлы шырыны бар торсылдақ» деп айта ба 1674 жылы голланд ғалымы Антоний ван Левенгук микроскоп арқылы су тамшысында қозғалмалы тірі ағзаларды (инфузориялар, амебалар, бактерияларды) алғаш рет көрді. Сонымен бірге Левенгук алғаш рет тірі клеткаларды – эритроцит пен сперматазоидтерді байқады. Осылайша, XVIII ғ басында ғалымдар өсімдікті микроскоп арқылы қарағанда, жасушалық құрылымы бар екенін көрді және кейбір ағзаларды біржасушалы деп атады. 1802— 1808 ж француз зерттеушісі Шарль-Франсуа Мирбель өсімдіктер жасушалар түзетін ұлпалардан тұратынын анықтады. Б. Ламарк 1809 ж Мирбельдің жасушалық құрылымы жайлы идеясын жануар ағзаларына да таратты. 1825 ж чех ғалымы Я. Пуркине құстардың яйцеклетка ядросын ашты, 1839 ж «протоплазма» терминін енгізді. 1831 ж ағылшын ботанигі Р. Браун алғаш рет өсімдік жасушасының ядросын сипаттады, 1833 ж ядроны жасушаның міндетті органоиды екенін анықтады. Сол кезден бастап клеткаларды ұйымдастыру кезінде маңыздысы мембрана емес, ал оның құрылымы екені белгілі болды.
Жасуша — бұл айырылмас екі бөліктен – цитоплазма мен ядродан тұратын бірегей тірі жүйе. Өсімдік және жануар ұлпаларын түзуші клеткалар формасы, көлемі және ішкі құрылымы бойынша ажыратылады. Өсімдік жасушасы жануар жасушасынан келесі белгілер бойынша ажыратылады: 1) Қалың, мықты жасушалық қабырғасымен; 2) Ерекше органоид – пластидтармен, оларда минералдық заттардан күн сәулесі энергиясы арқылы органикалық заттарды түзудің алғашқы синтезі жүреді; 3) Вакуольдің дамыған жүйесімен, олар жасушаның осмостық қасиеттерін шарттайды. Өсімдік және жануар жасушалар құрылымының ортақ қасиеттері: жасуша тірі, өседі, бөлінеді, зат алмасу жүреді. Өсімдік және жануар жасушаларында: ядро, цитоплазма, эндоплазмалық жүйе, митохондрия, рибосома, Гольджи аппараты болады.
Растительные ткани Ұлпа – бірдей қызмет атқаратын және құрылымдық – функционалдық кешен құрайтын тегі және құрылымы ұқсас жасушалар және жасуша аралық заттар тобы. Ұлпаның негізгі алты тобы болады: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Меристематикалық (түзуші). Қорғаныш (шекаралық). Негізгі. Механикалық. Өткізгіш. Бөліп шығарушы (секретті).
Өсімдік және жануар жасуша құрылымының айырмашылығы. Осы екі жасуша арасындағы ең басты айырмашылығы ол олардың қоректену әдісі. Өсімдік жасушалары, құрамында хлоропласттар бар, олар автотрофтар, яғни өзінің тіршілігіне қажетті органикалық заттарды күн энергиясы арқылы фотосинтез процесінде түзеді. Жануар жасушалары— гетеротрофтар, яғни органикалық заттардың синтезіне қажетті көміртек көзі болып, тамақпен түсетін органикалық заттар болып табылады. Осы заттар мысалы, көмірсулар жануарлар үшін энергия көзі болып табылады. Арасында ерекшелер де бар, ол жжасыл жгутиконосцы, олар күн сәулесінде фотосинтездей алады, ал қараңғыда дайын органикалық заттармен қоректенеді. Фотосинтезді қамтамасыз ету үшін өсімдік жасушаларында хлорофил және басқа да пигменттерді түзетін пластидтер болады.
Основы ТПП казз ЛЕКЦИЯ 55555.pptx