Tema_5.ppt
- Количество слайдов: 26
5 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ЖҰЛЫННЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЛЕКТОР: НУРЛЫБАЕВА Қ. А.
Жоспары: Жұлынның құрылысы. Қызметі Жұлынның сыртқы құрылысы Жұлынның ішкі құрылысы Жұлынның рефлекстік функциялары Жұлын нейрондары Жұлынның өткізгіш жолдары
Жұлынның құрылысы Жұлын цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Оның диаметрі 1 см, ұзындығы 42 -45 см. Жұлынның артқы және ортаңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең сайша (борозда) жатады. Жоғарғы жағы сопақша миға жалғасады. Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік орталығы болып табылады. Өзектің пішіні көбелекке ұқсас сұр зат(нейрон денелері мен дендриттердің шоғыры) қоршап тұрады. Сұр заттың сыртында ақ зат (аксондардың жиынтығы) орналасады. Сөйтіп, жұлында ақ зат сыртында, ал сұр зат ішінде орналасады. Сұр зат алдыңғы және артқы бүйірлерінен тұрады. әр бүйірде түбірлері (өсінді) бар.
Алдыңғы түбір қозғалтқыш нейрондардан тұрады. Одан шығатын түбірлер осы қозғалтқыш нейрондардың аксондары. Артқы түбір байланыстырғыш нейрондардан тұрады. Олар бүйірлерден тыс жерде сезгіш нейрондарға жалғасады. Артқы бүйірден шығатын түбірлер осы сезгіш нейрондар аксондарынан тұрады. Жұлынның ақ заты сұр заттан шығатын түбірлерден құралған омыртқа аралық тесікте қимыл және сезім түбірлері қосылып, аралас жүйке түзеді. Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды, бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйкелері таралады.
Жұлынның құрылысы
Жұлынның қызметі Жұлын, негізінен, рефлекстік (қозғалыс) және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Жұлын сезгіш нейрондардың аксондарынан түзілген артқы түбірлерден қозуды жоғары миға және мидан қозғалтқыш нейрндардың аксондарынан түзілген алдыңғы түбірлер арқылы шеткі жүйке жүйесіне төмен қарай өткізіп отырады. Жұлынның рефлекстік қызметі: рефлекс (лат. Reflexus жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады: Рецепторлар – жүйке ұштары. Сезгіш нейрондар. Жүйке орталығы. Қозғалтқыш нейрондар.
Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше. Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар t, қышқылдық, дыбыс және тағы басқалары сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді. Жүйке орталықтары деп жұлынның әр жерінде белгілі бір мүшенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде, зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде, көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде, көкеттің (диагфрагма) реттелу орталығы III – IV мойын омыртқаларында орналасқан. Жүйке оралығында талдап, қорытындылаудан туған жүйкелік жауапты шетке қарай қозғалтқыш жүйкелер белгілі бір мүшеге жеткізіп, сол мүшенің оған қайтаратын жауабымен аяқталады.
Қарапайым рефлекторлық доға бар-жоғы екі нейроннан (сезгіш және қозғалтқыш), ал күрделі рефлекторлы доға үш нейрон тізбегінен тұруы мүмкін. Адам рефлекстері алуан түрлі. Олардың өте қарапайымы, мысалы ине шанышқанда немесе тері күйгенде қолды тез тартып алу, ащы заттардың әсерінен көзден жас парлауы, кеңсірікке бөгде зат түскенде түшкіру. Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал ол жауаптың қаншалықты тиімді екенін бақылайды.
Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде дереу қолын сол заттан тартып алады. Қол ыстық затқа тигенде терідегі терморецепторлер заттың t-ның дәрежесін сезгіш нейрондар арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындыланып, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмауы үшін, қолды дереу тартуы үшін қолдың бұлшықеттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жіберіледі. Қозу қодың бұлшықетіне жеткенде бұлшықет жиырылып адам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады. Рефлексте импульстің жолы: рецептор →сезгіш жүйкелер→жұлын→қозғалтқыш жүйкелер→мүше. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымдалғанда, өткізгіштік және рефлекстік қызметтер жойылып кетеді. Омыртқа жотасы сынғанда немесе қисайғанда, жұлын мен ми арасындағы байланыс үзіледі. Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады, бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның реттелу өткізгіштік қызметінің біразы іске аспайды. Сондықтан жұлын да, ми да үш қабықпен қапталған: сыртқы - қатты; ортаңғысы - торлы; ішкісі - жұмсақ деп аталады.
Жұлынның сыртқы құрылысы Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы - 45 см, ені – 15 см, салмағы – 36 г. Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның (атлант) тұсынан сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы ІІ бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып (conus medullaris) , негізгі жіпшесі (filum terminale) ІІ құйымшақ омыртқасына дейін жетеді де сол жерге бекиді. Құрсақтағы нәрестенің бір айлық кезінде жұлынның ұзындығы омыртқа жотасымен бірдей болады. Өсе келе омыртқадағы жұлын жаңа туылған нәрестеде ІІІ бел омыртқа тұсында болса, ересек адамдарда ІІ бел омыртқа тұсына дейін қысқарады. Жұлынның жуандығы біркелкі емес. Оның бас жағы жуандап, миға жалғасады, ал құйрық жағы жіңішкеріп, тармақталып кетеді. Жұлынның екі жері жуандап, буылтыққа айналған: біреуі –жұлынның VІ мойын омыртқа тұсында,
екі қолға кететін жүйке басталар бөлігінде - оны жұлынның мойын буылтығы (intumescentia cervicalis), ал екіншісі ІХ – ХІІ арқа омыртқасының тұсындағы жуандық бөлігін жұлынның бел сегізкөз буылтығы (intumescentia lumbо sakralis) деп атайды. Бұл буылтықта қол және аяқ мүшесінің сезім және қимыл нейрондар денесінің шоғырлануы әсерінен пайда болған. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында бойлай созылатын екі жүлге болады. Алдыңғы терең жүлгесі алдыңғы орталық сай (fussura mediana ventralis anterior), ал артқы жіңішке, таяздау жүлгесі артқы орталық жүлге (sulcus medianus dorsalis posterior) деп аталады. Жұлынның осы сайы мен жүлгесі жұлынның денесін тең етіп оң және сол жақ бөлікке бөледі.
Жұлынның алдыңғы түбірі мен артқы түбірлерінің жұлыннан шыққан жерінде ұзына бойына созылған түбір атымен аталатын оң және сол жақ бөлігінде бүйір жүлгелері (sulcus antero, - et postero lateralis)болады. Осыған орай жұлынның әрбір бөлігіндегі ақ заттарды бойлай созылған үш (алдыңғы, бүйір, артқы) арқаншаға (будаға) бөлінеді. Бұлар туралы жұлынның ішкі құрлысында баяндалады. Жұлынның денесі 31 жұп мөлтектен түзіледі. Әрбір мөлтектен жұлынныңжүйке түбірі (алдыңғы және артқы) шығып, ол омыртқаның тесігіне бағыттала орналасады. Сөйтіп жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы – мойын, 12 жұбы – көкірек, 5 жұбы – бел, 5 жұбы – сегізкөз және 1 жұбы – құйымшақ жүйкесі деп аталады.
Жұлынның сыртқы құрылысы
Жұлынның ішкі құрылысы Жұлынның ішкі құрлысы. Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады, ол ортақ өзек (canalis centralis) деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат (substantia grisia) жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша (cornu anterius) ал артқа бөлігі артқы аша (corpu posterius) деп аталады. Жұлынның әрбір бөлігіндегі алдыңғы және артқы ашаларының арасы, яғни жұлын өзегінің төңірегіндегі зат орталықтағы аралық зат (substantia intermedia centralis) деп аталады. Бұл жерде аралық нейрондар жатады. Олар әрбір алдыңғы және артқы ашадағы нейрондарды жалғсатырып тұрады. Жұлынның көкірек бөлігінде алдыңғы және артқы ашалардан басқа бүйір ашасы(cornu laterale) орналасады. Сұр затта алдыңғы бағана(columna anterior) және артқы бағана(columna posterior) болады.
Сұр зат дегеніміз - тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Сұр заттың алдыңғы ашасында қимыл күшейтетін ірі нейрондар бар. Оның жұлыннан шығатын нейриттерінен алдыңғы түбір (radix ventralis) пайда болады. Артқы ашада майда сезімтал рецeпторлық нейрондары орналасады. Бұл нейрондардың жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан артқы түбір(radix dorsalis) түзіледі. Бұл екі ашаның аралығындағы бүйір ашаларында қозғылы жүйке жүйесінің симпатикалық жүйкелерінің нейрондары орналасады. Нейрондардардың талшықтары жұлынның алдыңғы ашасынан таралады. Сөйтіп, жұлыннан қиян және ерекше жүйке жүйелерінің жүйкелері басталады. Ақ зат (substantia alba) жұлынның сұр затын қоршап жатады. Жұлынның ақ зат жүйке талшықтарынан және невриттерден түзіледі. Жұлынның ақ затын жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай созылған орасан көп жүйке талшықтарынан түзілген буда немесе арқанша (funiculus) деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтқанымыздай, жұлынның ақ заты үш жұп жүйке арқаншасына бөлінеді.
Алдыңғы будасы (funiculus ventralis, anterior) - жұлынның алдыңғы сайы мен алдыңғы түбір аралығында ақ зат, артқы будасы (funiculus dorsalis, posnerior) - артқы түбір мен артқы жүлге аралығындағы ақ зат, ал бүйірлік будасы (funiculus lateralis) алдыңғы және артқы аша аралығында орналасқан ақ зат болып саналады. Жұлынның ұзындығы 45 см екені бізге бұрыннан мәлім. Осыған орай жұлынның ақ заты да, сұр заты да бүкіл денесін бойлай созылады. Жұлынның үш жұп будасынан түзілген ақ заттары жүйке талшықтары екенін білеміз. Бұл жүйке талшықтары жұлынды ағзадағы мүшелермен және жұлынды мимен де жалғастырады. Жұлынның денедегі мүшелермен жалғасқан жүйке жолы жұлынның рефлекс доғасы екенін жоғарыда айтқанбыз. Ал жұлынның мимен жалғасқан жүйке жолы, оның өткізгіштік жолы деп аталады. Жұлын мен мидың аралығындағы өткізгіш жолдарға мидың құрылысымен танысқан кезде тоқталамыз.
Жұлынның ішкі құрылысы
Жұлынның рефлекстік функциялары Жұлынның сұр заты рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар рецепторларынан (кстеро-, проприо-, интерорецепторлардан) серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға қаңқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір–бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз–ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Дегенмен, біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. Орталық жүйке жүйесінде, оның төменгі бөлімдерінің қызметін жоғары бөлімдері реттеп отырады (субординация).
Жұлынның афференттік аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары рецептордағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғарыға қарай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затының артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі бағандарында өтеді. Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла – Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері аффернттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.
Жұлын нейрондары Қозғалтқыш αмотонейрон yмотонейрон Сезгіш Аралық
α-мотонейрон • Ең үлкен клетка. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын ет талшықтарының саны оған байланысты етті жиыру әр – түрлі болмақ. y-мотонейрон • α-мотонейронның тонусын тежейді (реттейді). Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі рецептор – ет ұршығы (интрафузальдық ет) жиырылады. Одан y – мотонейронға барған серпіністер экстрафузальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп, α – мотонейронның әсерін үдетеді.
Аралық нейрондар – басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін синапстар құрады. Демек, олар қозу мен тежелу процестерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы мүйіздің шылбыр бөлімінде орналасады. Шылбыр клеткалардың аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрады. Сезгіш нейрондар – жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл клетканың бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Оның бірі рецепторларда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады.
Жұлынның өткізгіш жолдары Өткізгіш жол Жұлын бағаны Физиологиялық маңызы А. Жоғары кететін (сезгіш) жолдар 1. Нәзік буда (Голля будасы) артқы жанасу, дене қалпы, дененің дәртсіз қимылы, тербелу сезімдерін өткізу 2. Сына тәрізді жіпше (Бурдах будасы) —››— дәл сондай 3. Дорзальдық латеральды жол бүйір ауыру, ыстық – суық сезімдерін өткізу 4. Жұлын – мишықтық дорзальды (Флексиг жолы) бүйір ет, сіңір, жалғауыштар рецепторларының серпіністерін және терінің қысым, жанасу сезімдерін өткізу
5. Жұлын – мишықтық вентральды Говерс жолы —››— дәл сондай 6. Жұлын – таламустық дрозальды жол —››— ауыру және ыстық – суық сезімін өткізу 7. Жұлын – жамылғылық жол —››— көру және ауыру сезімдеріне байланысты қимыл рефлекстері 8. Жұлын – таламустық вентральды жол алдыңғы жанасу сезімін өткізу
Б. Төмен кететін ( қозғалтқыш )жолдар 1. Қыртыс – жұлындық латеральды жол (пирамидалық) бүйір қаңқа еттеріне бағытталған ерпіністерді өткізу. Ерікті қимылдарды қамтамасыз ету 2. Қызыл ядро – жұлындық жол (Манаков жолы) —››— қаңқа еттерін қатайтушы серпіністерді өткізу 3. Кіреберіс – жұлындық дорзальды жол —››— дене қалпын, тепе – теңдігін қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу 4. Оливо – жұлындық (Гельвег) жол —››— қызметі белгісіз. Таламус – жұлындық рефлекстерге қатысуы мүмкін
5. Тор – жұлындық жол алдыңғы қаңқа еттерінің тонусын қамтамасыз етуші және жұлынның вегетативтік орталықтарының жағдайын, ет ұршығы мен проприорецепторлардың сезімталдығын реттеуші серпіністерді өткізу 6. Кіреберіс – жұлындық вентральды жол —››— дене қалпын және тепе – теңдігін қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу 7. Жамылғы - жұлындық —››— көру, есту қимылдарын қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу 8. Қыртыс – жұлындық (пирамидалық) алдыңғы қаңқа еттеріне бағытталған серпіністер өткізу, ерікті қимылдарды қамтамасыз ету
Tema_5.ppt