клин фарм 5 -Шырын.pptx
- Количество слайдов: 12
№ 5 Дәріс Ішек ауруларының клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы
Жоспар 1. Ішек ауруларына жалпы сипаттама, олардың жіктелуі және зерттеу әдістері. 2. Ішектің түйілуін босаңсытатын дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы. 3. Іш жүргізетін заттардың клиникалық фармакологиясы.
Ішектің функцоналдық аурулары. Ішектің функцональды ауруларына оның моторлы және транспортты (сіңіретін, секреторлы)қызметінің бұзылуы жатады. Қазіргі кезде ішек ауруларының түрін мынадай 4 топқа бөлуге болады; • Ішектердің тітіркену синдромы, • Функциональды метеоризм (іш кебу) • Функциональды іш қату (запор) • Функциональды іш өту (диарея)
Бұл аурулардың барлығы ішек рецепторлардың сезімталдығының артуынан, эндокринді қызметінің бұзылуынан, қалқанша без қызметінің бұзылуынан болатын атония және іш қату салдарынан қарындағы және ішектегі табиғи микрофлоранын бұзылуынан болатын аурулар.
ІШЕК АУРУЛАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ Негізгі клиникалық белгілеріне қарындағы ауру белгілері іш қату, іш өту, ішек кебу және т. б. жатады. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ДИАГНОЗ ҚОЮ(БАЛАУ). Диагноз қою үшін анамнез, инструментальды және зертханалық зерттеу әдістері қолданады. Жануарлардың қарнын пальпация жасағанда, онда ауырсыну белгілері байқалады
Инструментальды(аспапты)зерттеу әдістеріне мыналар жатады. Ирригоскопия (рентгенконтрасты заттарды қолдану арқылы жүргізілетін рентгенологиялық зерттеу әдісі). Бұл әдіс арқылы қабыну ошағының орнын, кілегейлі қабықтың өзгерісін анықтауға болады. Ренторомоноскопия. Бұл әдіс арқылы ішектегі гиперемияны, ісінуді, ондағы қан кетуді, ішектің эрозиясын анықтауға болады.
Ішек аурулар кезінде қанның биохимиялық көрсеткіштері өзгерістерге үшырамайды. ЕМІ - Дәрілік заттарды қолдану ішек аурулары функциональдық қызметінің бұзылуының түріне байланысты. Егер симтоматикалық ем жүргізгіміз келсе жалпы организімдегі функциалардың қызметінің жақсаруына, ішектің маторлы секреторлы қызметінің қалпына келуі, микрофлоралардың мөлшерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Емдеудің клиникалықфармакологиялық принциптері. Дәрілік заттармен емдеу ішек аурулары функциональдың қызметінің бұзылу түріне байланысты. Симтоматикалық фармакотерапия ішектің моторлы, секреторлы қызметін қалпына келтіруге, микрофлораны қалпына келтіруге бағытталу тиіс
Егер іш жүрмей қалса жануарларға құрамында клетчаткасы көп шөптерді және сұйық заттарды көп беру керек. Егер негізгі симптом іш өту болса, көбінесе висмут препараттары, смекта, лоперамид, емен қабығының тұнбасы мен жапырағының тұнбасы мен қайнатпасын қолдануға болады. Егер негізгі белгілері ішектердің кебуі, ауырсыну белгілері болса, папаверин гидрохлориды, дротоверин қолданылады. Организімге оңай сінеді.
Іш жүргізетін заттардың клиникалық фармакологиясы Іш жүргізетін заттардың әсер ету механизімі өте күрделі екендігіне қарамастан шартты түрде мынадай түрлерге бөлінеді. 1. Ішектердің рецепторын тітіркендіретін заттар (құрамында антрагликозидтері бар өсімдіктердің препараттары, фенолфталин, изафенин, бисакодил, кастор майы) 2. Ішектің ішіндегі заттардың көлемін үлкейтетін заттар (тұзды іш өткізгіштер, теңіз капустасының препараттары) 3. Ішектегі заттарды (нәжісті) жұмсартатын заттар (вазелин, зәйтін, күнбағыс майы)
Смекта-смектині тәрізді белсенді заты адсорбциялық әсер етеді. Кілегейлі бикарбонатты барьерді қалпына келтіреді, кілегейдегі гликопротеиндермен поливалентті байланыс тудырады, оны асқорту ферменттерінің бұзылуынан сақтайды. Смекта қарын мен ішектің кілегейлі қабығын сутегі иондарының, өт тұздарының, микроорганизмдерімен уытты заттардың және басқада тітіркендіргіштердің әртүрлі қолайсыз әсерінен сақтайды.
Кастор майы. Ішке қабалдағаннан кейін аш ішекте липаза ферментінің әсерінен гидролизденіп рицинил қышқылы п. б. Пайда болған рицинил қышқылы ішектің рецепторларын тітіркендіріп оның перисталтикасын рефлеккторлы түрде күшейтеді.
клин фарм 5 -Шырын.pptx