№ 48 есеп Науқас (ер) З. , 44 жаста Шағымы Дефекациядан кейін тік ішектен ауырсынусыз алқызыл қанның бөлінуі.
Ауру анамнезі Науқастың айтуынша бұл жағдай 2 жылға созылған. Жағдайының төмендеуіне байланысты ЖМКЕ-на жүгінген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Боткин ауруымен , туберкулез, вен. Аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық зерттеу Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ- 120/80 мм. с. бб. PS- минутына 80 Дене қызуы 36, 7 С. Іш қуысының патологиясы жоқ.
Жергілікті Аналь тесігінің аймағы мен саусақпен зерттеуде қандай да бір түйіндер анықталмаған. Аноскопия кезінде айдарша сызығының үстінде 3, 7 және 11 сағаттарда геморроидальды қызарған және шырыштары қабынған түйіндер анықталған.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Созылмалы ішкі геморрой, өршу кезеңі.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Қан тобы
ЖҚА Гб – 85 г/л Эр -2, 8 х1012 Лейкц – 4, 6 х109 СОЭ – 15 мм/час ЖЗА Ақуыз –жоқ Эр – нет Лейкц – 0 -1 -2 в п/зр ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 11, 3 ммоль/л Мочевина 8, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 68 г/л Қан тобы– 0(I)Rh+
ЭКГ – синустық тахикардия ЖСЖ – 80 рет/мин
Осы жағдайда қандай қосымша инструменталды зерттеу әдістерін қолдануға болады?
Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу әдістері : 1. Колоноскопия 2. Ректороманоскопия
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Созылмалы ішкі геморрой, өршу кезеңі. Қансыраудан кейінгі жеңіл түрдегі анемия.
Консервативті емдеу әдістері?
Консервативті емдеу: 1. Гемостатиктер 2. Анемияға қарсы препараттар 3. Қабынуға қарсы препараттар 4. Жергілікті емдеу- свечалар
Осы жағдайда қандай оперативті ем қолдану қажет?
Операция –Milligan-Morgan әдісі бойынша геморроидэктомия, алдын ала қан тамырларын байлау арқылы 3, 7, 11 сағаттарда орналасқан геморроидалды түйіндерді кесіп алып тастау.