№ 46 есеп Науқас (ер) Х. , 29 жаста Шағымы Іштің ауырсынуы, алқыну, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі.
Ауру анамнезі Аурудың үшінші тәулігінде сан. авиация көмегімен жеткізілді. Науқас әлсіз, адинамиялы, сөйлеуге, аурудың қашан басталғанын айта алмайды. ЖМКЕ-на жатқызылды.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Боткин ауруы, туберкулез, вен. аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық зерттеу Жалпы қарау Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт. Гиппократ беті. Дене қызуы 400 С. Пульсі 130 рет/мин. АҚҚ 80/40 мм с. бб. ТАЖ – 36 рет/мин. Тілі құрғаған, қоңыр жабындымен жабылған. Іші желденген, бауыр тұйықтылығы анықталмайды, перистальтика естілмейді, іштің барлық аймақтарында ауырсынады Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Per rectum –үңірейген сфинктер, сасық иісті нәжіс, тік ішектің алдыңғы қабырғасының салбырауы.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жайылған іріңді перитонит.
Осы аурудың жиі кездесетін себептері?
Перитониттің ең жиі кездесетін себептері: 1. деструктивті аппендицит (60 % жоғары). 2. жедел ішек өтімсіздігі (15 %), 3. жедел холециститтің деструктивті формасы (10 %), 4. асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруының тесілуі (7 %), 5. жедел панкреатит (3 %), 6. көлдеңен тоқ ішектің дивертикулы мен қатерлі ісіктерінің тесілуі (2 %), 7. ащы және тоқ ішектердің шажырқай артерияларының тромбозы, іш қуысының ашық жарақаттары, іш қуысы ағзаларына салынған аностомоздар тігісінің тұрақсыздығы.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. Жалпы қан анализі 2. Жалпы зәр анализі 3. Қан биохимиясы 4. Коагулограмма 5. Қан глюкозасы 6. Hbs Ag, Anti-HCV 7. Қан тобы мен резус-факторды анықтау 8. іш қуысы ағзаларының УДЗ 9. Электрокардиография 10. іш қуысының рентгенографиясы 11. Эзофагогастродуоденоскопия
ЖҚА Гб – 115 г/л, Эр -2, 8 х1012, Лейкц – 19, 6 х109, СОЭ – 65 мм/час ЖЗА Ақуыз – 0, 125, Эр – 1 -2 в п/зр, Лейкц – 5 -6 в п/зр, өт пигмент –теріс. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 8 ммоль/л Мочевина 10, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 68 г/л АЛТ – 0, 45 ммоль /л АСТ – 0, 57 ммоль/л Холестерин – 5, 0 ммоль/л, Қан глюкозасы - 10, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест VI, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л. Қан тобы– 0(І)Rh+
УДЗ - ішек иілімдері кеңейген, іш қуысында бос сұйықтық.
ЭКГ –синусті ритм 128 рет/мин. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Іш қуысының рентгенографиясы –Клойбер тостағаншасы, бос ауа жоқ ФГДС – жағдайы ауыр болуына байланысты жасалмаған
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жайылған іріңді перитонит, декомпенсация сатысы. (Симонянның К. С. 1971 ж. жіктеуі бойынша терминалды саты)
Емдеу тактикасы?
Емдеу тактикасы– жағдайының ауырлығына қарамастан жедел операция жасалды.
Осы жағдайда операция жасау сатысын атаңыз?
Операция сатылары: 1. кесінді – орта-ортаңғы лапаротомия, 2. перитонит көзін тауып, жою 3. іш қуысын санациялап, кептіру 4. жеңілдетуші илеостома салу 5. перитонеальды диализ жасау үшін түтікшелер қою.
Перитонеальды диализ түрлері мен олардың айырмашылықтарын ата?
Перитонеальды диализ: 1. Тәулік ішінде іш қуысын ағынды тазарту үшін тамшылатып 8— 10 л сұйықтық енгізіледі. Ағынды тазартуды 2 -3 күн жүргізеді. 2. Сол немесе басқа түтікше арқылы фракционды тазарту үшін 2— 3 л. сұйықтық енгізіледі және бірнеше сағатқа жабылады, содан кейін сұйықтық пен экссудатты сорып шығарады. Ағынды және фракционды тазалаудың кемшілігіне іш қуысында абсцесстің пайда болу жиілігі жатады ( 20 %-ға дейін).