№ 41 есеп Науқас (ер) М. , 80 жаста Шағымы Іштегі толғақ секілді ауырсыну, іштегі жел шықпай, 3 күн дәреті болмаған.
Ауру анамнезі Науқастың айтуынша соңғы алты айда іштің кебуі, нәжістегі шырыш пен қан бөліністер байқалған. Жалпы жағдайы соңғы 3 күнде нашарлаған. Жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан жүрек инфарктісін, гипертониялық ауруды айтады. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық зерттеу Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Минутына 90 -ға дейінгі тахикардия, тамыр толысы әлсіз, реттік экстрасистолия. АҚҚ - 110/60 мм. с. бб. Тілі құрғаған, ақ жабындылармен жабылған.
Пальпация Іші біртекті желденген, кейде көзбен қарағанда ішек перистальтикасы байқалады, палпациялағанда іші жұмсақ, аздап ауырсынады. Ішек шуылдары байқалмайды. Іштің тітіркену симптомы теріс. Тік ішекті саусақпен тексерген кезде бос, үңірейген ампула анықталды.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел ішек өтімсіздігі
Осы жағдайға қандай симптомдар тән?
Сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігіне тән симптомдар: 1. Цеге-Монтефейль сынамасы 2. Обуховски ауруханасы сынамасы 3. Нәжістегі шырыш пен қан бөліністері
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Рентгенологиялық шолу 6. УДЗ
ЖҚА Гб -115 г/л Эр -3, 0 х1012 Лейкц – 12, 6 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз –нет Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 3 ммоль/л Мочевина 10, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 60 г/л
ЭКГ – миокардтың артқы қабырғасындағы тыртықтар, аритмия ЧСС 90 в мин.
Іш қуысы ағзаларының УДЗ – ішек иілімдерінің кеңеюі, перистальтика әлсіреген, іш қуысындағы бос сұйықтық.
Іш қуысының рентгенографиясы- Клойбер тостағаншалары.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігіне байланысты жедел обтурационды ішек өтімсіздігі. ЖИА, ифарктен кейінгі кардиосклероз. Артериальді гипертония
Осы жағдайдағы емдеу тактикасы?
Гомеостаздың бұзылысын түзетуге бағытталған қысқа мерзімді дайындықтан кейін жедел операция жасау.
Осы жағдайда қандай операциялық ем жасалуы қажет?
1. Операция – Лапаротомия, сигма тәрізді ішекті қатерлі ісігімен резекциялау, соңына түріндегі анастомоз салу(Гартман операциясы). Перитонит болған жағдайда колостома салу, іш қуысын санациялау және дренаждау. 2. Науқастың жағдайы ауыр және перитонит белгілері болмаған жағдайда цекостома салу.