№ 40 Есеп Науқас (әйел) Н. , 48 жаста Шағымдары: Оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, өт араласқан қайталанбалы құсуға дене температурасының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады.
Ауру анамнезі Ауру 3 тәулік бұрын жедел басталған, бастапқысында тамақтанудағы бұзылыстардан кейін оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну пайда болған. Екі тәулік бойы дене температурасы жоғары болған. Жалпы жағдайы нашарлауы себебінен жедел жәрдем көмегімен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан артериальді гипертонияны айтады. Аллергиалық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Шырышты жабындыларының сарғаюы анықталады. АҚҚ 150/90 мм. с. бб. Пульсі 110 рет/мин. ТАЖ – 28 рет/ мин. Тілі құрғаған, ақ жабындылармен жабылған.
Пальпация Іші қатайған және оң жақ қабырға астында қатты ауырсынады, сандай-ақ сол аймақта өт қабы түбі анықталады және Щеткин-Блюмберг сынамасы оң. Ортнер, Мэрфи, Мюсси симптомдары оң.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел деструктивті холецистит
Осы ауруға тән белгілер?
Холециститке тән белгілер : 1. Ортнер сынамасы 2. Оң жақ қабырға астында бұлшық еттердің қатаюы; 3. Өт қабының түбінің анықталуы; 4. Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну; 5. Өт аралас құсу.
Қандай аурумен салыстырмалы диагностика өткізу қажет?
Салыстырмалы диагностика - тесілген асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруымен, - жедел аппендицитпен, - жедел панкреатитпен, - бүйрек ұстамасымен, - жүрек инфарктісімен, - оң жақты оқшауланған пневмониямен, плевритпен, - Қабырға аралық нервтің зақымдалуымен асқынға белдемшелік теміреткі.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. ЖҚА ЖЗА Қан биохимиясы Іш қуысының УДЗ-і ФГДС ЭКГ Кеуде қуысының рентгенографиясы Іш қуысының рентгенографиясы
ЖҚА Гб – 125 г/л Эр -3, 3 х1012 Лейкц – 18, 6 х109 ЭТЖ – 40 мм/сағ ЖЗА Ақуыз –нет Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 Зәр диастазасы – 16 ЕД ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 18, 2 ммоль/л Мочевина 5, 2 ммоль/л Жалпы ақуыз 72 г/л Қан глюкозасы 4, 6 ммоль/л
ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ЖСЖ – 110 рет мин.
ФГДС – атрофиялық гастрит белгілері
Іш және кеуде қуысының рентгенографиясы – өзгеріссіз
УЗИ - өт қабырғасы қалыңдаған, екі еселенген, саңылауында акустикалық көлеңкесі бар 2, 5 см. көлемдегі үлкен тас анықталады, сондай-ақ мойынында анықталады, холедох кеңеймеген, панкреатит белгілері жоқ.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жедел тасты холецистит. Перитонит. Артериальді гипертония ІІ дәреже, ІІІ қауіп.
Тиімді консервативті ем?
Осы жағдайда консервативті ем операцияға дайындау алдындағы ем ретінде қолданылады: 1. Тыныштық, суық басу және аштық, 2. Спазмолитиктер, 3. Дезинтоксикация, 4. Жұмыр байламға, паранефральды аймаққа тосқауыл кою, 5. Инфузионды терапия, 6. Антибактериальді терапия, 7. Терапевта кеңесі, АҚҚ түзету
Хирург тактикасы?
Өткізілген консервативті емнің тиімсіздігі кезінде және перитонит белгілері өршіген кезде жедел түрдегі операциялық емхолецистэктомия.