4 нед 2014-15 микроклимат.ppt
- Количество слайдов: 19
4 – Дәріс Өндірістік бөлмелердегі және жұмыс орнындағы микроклимат Байкенжеева А. С.
Жоспар: 4. 1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты n 4. 1. 1. Негізгі түсініктемелермен анықтамалар n 4. 1. 2 Метеорология және оның адам терморегуляциясына әсері. 4. 2 Адам ағзасына зиянды заттардың әсері 4. 3 Желдету, жылыту және ауаны самалдату n 4. 3. 1. Өндіріс бөлмесінің және жылжымалы құрамның жылыту жүйесі n 4. 3. 2 Өндіріс бөлмелерін желдету n 4. 3. 3 Желдету жүйесінің жіктелуі n 4. 3. 4 Қолданылу орны бойынша желдету жүйесі Қолданылған әдебиеттер n Негізгі әдебиеттер n Қосымша әдебиеттер
ОҚУ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК, ҒЫЛЫМИ, АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ӘДЕБИЕТ 1. Еңбекті қорғау. Байкенжеева А. С. Алматы, Қаз. ККА 2008 ж. 141 б. n 2. Еңбекті қорғау (лабораториялық практикум) Зальцман М. Д. , Байкенжеева А. С. , Торгаев А. А. , Абдрешов Ш. А. Алматы, Қаз. ККА 2008 ж. 86 б. n 3. Көліктегі еңбек қауіпсіздігі. Зальцман М. Д. , Байкенжеева А. С. Алматы, Қаз. ККА 2011 ж. 85 б. n 4. Көліктегі еңбек қауіпсіздігі бойынша инженерлік шешімдер. Омаров А. Д. , Целиков В. В. , Зальцман М. Д. , Матушевская Е. С. , Қаспақпаев Қ. С. , Алматы. 2002 ж n
Өндіріс орындағы микроклимат – бұл белгілі ортаның ішкі климаты. Ол адам ағзасына бірдей әсер ететін температурамен, сәйкес ылғалдықпен және ауаның қозғалу жылдамдығымен, және де қоршаған ортаның температурасымен анықталады.
Шаңдану және онда микроорганизмдердің болуы Газдану Жарық Бөлменің микроклиматы Ауа қозғалысының жылдамдығы Температура Ылғалдылық
Технологиялық процесстер Сыртқы орта Өндірістік бөлменің микроклиматы Ғимараттың ішкі орта параметрлері Микроклиматты қамтамасыз ету жүйесі Микроклиматтың кері әсерлері Микроклиматты реттеу ағындары
Таза салқындатылған ауа Ыстық құрғақ ауа Желдеткіш Салқындатқыш сүзгі (фильтр)
Ауаның абсолют ылғалдылығы деп – зерттеу кезінде ауаның су буларының серпінділігін (немесе парциалдықысымды) айтады. (4. 1) мұндағы -психометрдің tв «ылғал» температурасы кезінде қаныққан су буларының серпінділігі , г. Па А- психометрлік тұрақты – ауаның жылжу жылдамдығына тәуелді коэффициент. tс-tв- «құрғақ» және «ылғал» термометр көрсеткіштері, о. С Р- ылғалдылықты өлшеу кезіндегі атмосфералық қысым, г. Па Кейде абсолютті ылғалдылық деп грамм кубтық метрге бейнеленген (г/м 3) ауадағы су буларының тығыздығы айтылады.
5. 1 - кесте ой жұмыстарымен шұғылданатын адам денесіндегі жылу келесі мәлімет бойынша сипатталады Жұмыс түрі Шығындалған жылу, Дж/с Жұмыс түрі Шығындалған жұмыс, Дж/с Жәй оқу Дауыстап оқу Кіші ЭВМ-де жұмыс істеу 105 -115 120 135 Диспечерскийде жұмыс істеу Үлкен аудиторияда дәріс оқу 140 -175 175 -310 Ауада бірдей әсерлі бірнеше ЗЗ бар болса, олардың әрқайсысының әсері (С 1, С 2, . . . Сn)/(ШЖК 1, ШЖК 2, . . . ШЖКn ) қатынасының қосындысы 1 -ден аспауы керек, яғни (5. 4)
5. 2 -кесте келесі кестеден бірнеше зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуін көре аламыз Зиянды заттар ШЖК, мг/м 3 Қауіптілік тобы Адам ағзасына әсері 1 2 3 4 2 Күшті у, Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ), бауырды, асқазанды зақымдайды. Өкпе ауруына шалдықтырады. -ге ауыстырғанда 0, 03 Темір тотығы 3%-ке дейін марганец тотығы бар қоспасында 6 4 Қатты фибриозды әсерлі. Хром (6 -валенттілікке ауыстырғанда) 0, 1 1 Жайлы улы әсерлі аллерген Қорғасын 0, 01 1 Адам ағзасының барлық органдарына әсер етеді, бірігу қабілеті бар. Бензол 5 2 Қоздырады. Хроникалық улану кезінде ОНЖ-і және басқада органдар бүлінеді, қанда өзгерістер пайда болады. Фенол 0, 3 2 Қан органдары бүлінеді.
1 2 3 4 Көмірсутектер 300 4 Хроникалық улану, көңіл-күй бұзылып, аппитет төмендейді. Салмағы түсіп ұйқышыл болады. Кейбір көмірсутектер айрықша әсерлі болады. Ацетон 200 4 Тізбектеп ОНЖ бөліктерін бүлдіреді, бірігетін қабілетті. Эфир 300 4 Көздің шырышты қабатын және жоғарғы дем алу жолдарына әсер етеді. Күкірт қышқылы 1 3 Терінің күюі, көздің шырышты қабатына әсерлі. Кремнезем құрамды шаң (70%-тен астам кремнеземнің екі тотығы бар) 1 3 фибриозды әсерлі Өңдеу шаңы 2 4 фибриозды әсерлі Әйнек талшық шаңы 4 4 фибриозды әсерлі Изопропил-бензол 50 4 Бензолдан күшті, наркоздан төмен әсерлі, бірақ ұзақ уақыт әсер етеді. Көміртек тотығы 20 4 Бас ауруды, бас айналуды, ұйқышылдықты, зат алмасу процесін бұзып, талмаға шалдықтырады.
Желдету жүйесінің жіктелуі Ауаның таралуына байланысты желдету жүйесі келесідей болып жіктеледі: n табиғи желдету; n механикалық желдету; n аралас желдету болып бөлінеді. а) б) 5. 1 ші сурет 5. 2 ші сурет Ғимаратты табиғи желдету сүлбесі: а – желсіз кезде; б – желді ауа райында; 1 – ауа шығатын және берілетін саңлаулар; 2–жылу бөлетін қондырғы.
Аэрация дегеніміз – берілетін және шығырылатын табиғи ауа алмасудың реттелген түрі. Ауа аэрациясы жыл мезгілі мен тәүлікке тәуелсіз. Жылдың жылы мезгілінде аэрацияны жылу мен ылғал бөлінетін бөлмелерде қолдануға болады. Фонарлары жоқ ғимараттар бөлмелеріндегі жылы ауаны әкету үшін жабын үстіне ауа шығарылатын шахталар орнатылады. 5. 3 сурет Ауа шығаратын шахта
Қолданылу орны бойынша желдету жүйесі Жергілікті желдету жүйесі зиянды заттарды қаптамалар мен жасырын орындардан әкету үшін қолданылады, олардың ауа беретін және ауаны сыртқа шығаратын түрлері бар: 5. 4 сурет. Механикалық ауа беру шығару бойынша желдету жүйесінің сүлбесі: 1 — ауатасымалдағыш құбырлар; 2 — желдету қондырғысының ауаны беретін нүктелері; 3 — шаңнан тазартқыш қондырғы; 4 — ауажинағыш шахта; S — ка лорифер; 6 — ауаны беретін желдеткіш; 7 — ауаны шығаратын желдеткіш.
5. 5 ші сурет Жергілікті ауа беретін желдету сүлбесі: 1 ауа кіру үшін арналған ауа қабылдағыш саңлау; 2 ауақыздырғыш; 3 желдеткіш; 4 ауа берілетін ауатасымалдағыш құбыр; 5 ылғалдағыш (керек болған жағдайда); 6 ауа берілетін саптаулар
5. 6 ші сурет ауаны тартып алатын жергілікті желдету Жүйесінің сүлбесі: 1 жергілікті ауа тартқыштар; 2 желдеткіш; 3 сүзгі; 4 ауа тасымалдау құбырлары; 5 ауа шығаратын шахта
Өндірістік кәсіпорында құрама немесе аралас желдету жүйесін жиі қолданылады – бұл дегеніміз желдету жүйесіндегіь жергілікті және жалпы ауа алмасу элементтерінің үйлесімділігі (5. 7 ші сурет). 5. 7 ші сурет. Ауаның берілуі жалпылай және жергілікті сорылып әкетілетін аралас желдету жүйесінің сүлбесі: 1 жергілікті ауаны сорып әкететін желдету жүйесі; 2 барлық бөлмеге арналған жалпылай ауа беретін желдету жүйесі.
Негізінен ауалық жаңбырлатуды жылу мөлшері көп бөлінетін цехтарда қолдану ұсынылады. 5. 8 сурет. Ауалық жаңбырлату сүлбесі
4 нед 2014-15 микроклимат.ppt