№ 39 Есеп Науқас (әйел) Г. , 68 жаста Шағымдары: Арқаға берілетін іштің жоғарғы бөліктеріндегі ауырсынуға, өт аралас қайталанбалы құсуға шағымданады.
Ауру анамнезі Ауырғанына 2 тәулік болған, бастапқысында тағамданудың бұзылуынан кейін арқаға берілетін іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну пайда болған. Бір тәуліктен соң тері жабындыларының сарғаюы пайда болған, ауырсыну сақталған. Жағдайы нашарлауы себебінен ЖМКЕ жедел жәрдеммен жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды және өт тас ауруын айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен, венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиалық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және шырышты қабаттары сарғайған. Пульсі 90 рет/мин. АҚҚ 120/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, жабындылармен жабылған. Іші аздап желденген, жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсынады. Перитонеальді сынамалар теріс. Өт қабы пальпацияланбайды. Температурасы 36, 70 С.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел холецистит. Механикалық сарғаю
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика өткізу қажет?
Салыстырмалы диагностика: 1. Гемолитикалық сарғаю 2. Паренхиматоздық сарғаю
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Коагулограмма 5. Қан глюкозасы 6. Hbs Ag, Anti-HCV 7. Қан тобын және резус сәйкестікті анықтау 8. Іш қуысының УДЗ-і 9. ЭКГ 10. Өкпе рентгенографиясы 11. ФГДС
ЖҚА Гб – 125 г/л, Эр -3, 8 х1012, Лейкц – 10, 6 х109, ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 033, Эр – 1 -2, Лейкц – 5 -6, өт пигменті – оң. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 160, 8 ммоль/л Мочевина 11, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 68 г/л АЛТ – 0, 45 ммоль /л АСТ – 0, 57 ммоль/л Холестерин – 5, 0 ммоль/л, Қан глюкозасы - 5, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест IV, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л. Қан тобы – 0(І)Rh+
ЭКГ –синустық ритм, ЖСЖ – 90 рет мин. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.
УДЗ - бауыр өзгеріссіз, өт қабы ұлғайған, қабырғасы қалыңдаған, саңылауында тас анықталады. Холедох 1, 5 см дейін кеңейген, терминальді аймағында тас анықталады.
Бүйрек УДЗ – созылмалы пиелонефрит белгілері.
ФГДС –атрофиялық гастрит белгілері
Өкпе рентгенографиясы – созылмалы бронхит
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жедел калькулезды холецистит. Холедохолитиаз. Механикалық сарғаю.
Диагнозды негіздеу үшін қандай қосалқы зерттеу әдістерін қолдануға болады?
1. Компьютерлік томография 2. Магнитті-ядерлі резонансті томография 3. Ретроградты панкреато-холангиография
Емдеу тактикасы?
Емдеу тактикасы- обтурационды сарғаю операциялық емге тұра көрсеткіш болып саналады.
Осы жағдай кезінде қандай операция түрін жасайсыз?
Холецистэктомия, холедохотомия – холедохтағы тасты алу, холедохты (Вишневский, Пиковский әдістері немесе Ттәрізді түтікше көмегімен дренаждау).