№ 38 Есеп Науқас (ер) П. , 45 жаста Шағымдары: Жүрген кезде күшейетін оң жақ мықын аймақтағы тұйық, ауырсынуға шағымданады.
Ауру анамнезі Айту бойынша ауырғанына төрт тәулік болған, бастапқысында ауырсыну эпигастрии аймағында басталған және біртіндеп оң жақ мықын аймаққа ауысқан. Өздігімен емделген, дәрі дәрмектерді қабылдаған: но-шпа, жылу қойған. Жағдайы нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды және артериальді гипертонияны айтады. Аллергиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары бозғылт. Тілі ылғалды. АҚҚ– 120/80 мм. с. бб. PS 84 рет/мин. Температурасы 36, 80 С.
Пальпация Іші дұрыс қалыпты, пальпациялағанда жұмсақ, оң жақ мықын аймақта бұлшықеттердің қатаюы және қатты ауырсыну анықталады, сондай-ақ сол аймақта дұрыс пішінді, қозғалмалы түйін анықталады, іштің тітіркену симптомы теріс.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Аппендикулярлы инфильтрат
Анамнезге және жалпы қарауға сүйене отырып жіктелу бойынша осы жағдай кезінде аурудың қандай түрін қоюға болады?
Ауырсынудың орынын ауыстыруы, ұзақ ауру мерзімі (4 тәулік), дене температурасының көтерілмеуі, оң жақ мықын аймақта түйіннің түзілуі – жедел аппендициттің асқынған түрі, яғни аппендикулярлы инфильтратты сәйкес екендігін анықтауға болады.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары 1. 2. 3. 4. 5. ЖҚА ЖЗА Қан биохимиясы Іш қуысының УДЗ-і ЭКГ
ЖҚА Гб -125 г/л Эр -3, 0 х1012 Лейкц – 8, 0 х109 ЭТЖ – 15 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 033 Эр – 0 -0 -1 Лейкц – 1 -2 Қан биохимиясы Билирубин 20, 2 ммоль/л Общий белок 76 г/л Сахар крови 5, 6 ммоль/л Мочевина – 78, 0 ммоль/л
ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, синустық ритм, ЖСЖ 80 рет/мин
УДЗ – оң жақ мықын аймақта 8 х6 см көлемдегі түзіліс, іш қуысында бос сұйықтық анықталмайды.
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика өткізу қажет?
Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің ісіктерімен (жалпы әлсіздік, аздаған анемия, іштің оң жақ бөліктеріндегі тұйық ауырсыну, кейбір жағдайларда ерте жағдайда ісікті пальпациялауға болады) Илеоцекальді инвагинация (ауырсыну ұстама тәрізді, оң жақ мықын аймақта түйін анықталады, нәжісте қан анықталады).
Осы жағдайдағы хирург тактикасы?
Хирург тактикасы: Аппендикулярлы инфильтрат кезінде емі консервативті.
Неге операциялық ем қолданылмайды?
Инфильтрат кезінде аппендэктомия жасауға болмайды, себебі операция жасаған жағдайда ащы ішектерді тесіп алу қауіпі жоғары.
Емі?
1. Төсектік режим 2. Жергілікті гипотермия 3. Антибиотиктерді қолдану 4. Диета 5. 3 -4 күннен соң физиоем (оң жақ мықые аймаққа жылу сәулелерін жіберу).