№ 37 Есеп Науқас (ер) П. , 25 жаста Шағымдары: Оң жақ мықын аймақтағы ауырсынуға, лоқсуға, қайталанбалы құсуға, әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, іш өтуге шағымданады.
Ауру анамнезі Айтуы бойынша ауырғанына 2 тәулік болған, бастапқысында іштің барлық аймағындағы ауырсыну, ауқыт өте оң жақ мықын аймаққа ауысқан. Өздігімен емделген, дәрі-дәрмектерді қабылдаған: Но-шпа, левомицетин. Жағдай нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Аллергиалық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. Тілі құрғаған, ақ жабындылармен жабылған. АҚҚ – 120/80 мм. с. бб. PS 114 рет/минутына дейін. Температурасы 37, 80 С. ТАЖ – 20 рет/мин.
Пальпация Іші аздап желденген, перистальтика әлсіреген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймақта бұшықеттері қатайған және қатты ауырсыну байқалады, төменгі бөліктерде Щеткин. Блюмберг сынамасы оң.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел аппендицит
Анамнезге және жалпы қарауға сүйене отырып жіктелу бойынша осы жағдай кезінде аурудың қандай түрін қоюға болады?
Өршіген интоксикация (тілінің құрғауы, қайталанбалы құсу, тері жабындыларының бозғылттығы, тахикардия), «токсикалық қайшылық» , ауырсынудың өршуіне қарамастан бұлшықеттердің қатаюының анықталмауы, қабынудың іш пердесіне ауысуы –осы жағдайда гангренозды аппендицит түрін анықтауға болады
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары 1. 2. 3. 4. 5. 6. ЖҚА ЖЗА Қан биохимиясы Іш қуысының УДЗ ЭКГ Лапароскопия
ЖҚА Гб -145 г/л Эр -4, 0 х1012 Лейкц – 14, 0 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз– 0, 125 Эр – 1 -2 Лейкц – толық Қан биохимиясы Билирубин 20, 2 ммоль/л Общий белок 76 г/л Сахар крови 5, 6 ммоль/л Мочевина – 78, 0 ммоль/л
ЭКГ – синустық тахикардия, ЖСЖ 110 рет/мин
УДЗ – іш қуысындағы бос сұйықтық
Диагностикалық лапароскопия өткізген жағдайда осы патологияның тура және қосалқы көрсеткіштерін көруге болады?
Гангренозды аппендицит кезіндегі көрсеткіштер Тура – өсінді қатты қалыңдаған, тұйықжасыл түсті, оның серознды қабаттарында көптеген ошақты немесе жиынтықталған қанға толуды және фибрин жабындыларын көруге болады, шажырқайы қатты қабынған. Қосалқы көрсеткіштері – іш қуысында бұлдыр серозды-фибринозды бөлініс.
Клиникалық диагноз қойыңыз
Клиникалық диагноз Жедел гангренозды аппендицит. Диффуздық перитонит.
Операцияға ең тиімді кесіндіні атаңыз?
Жедел операциялық ем көрсетілген– аппендэктомия. Өсіндінің деструция белгілері және диффузды перитонит болуы себебінен төменгі-ортаңғы лапаротомия көрсетілген.
Операциядан кейінгі ем?
1. 2. 3. 4. 5. 6. Антибактериальді терапия Анальгетиктер Күнделікті таңғыштау Дренажды түтікшені 3 -4 тәулікте алу Науқасты ерте активтендіру Жергілікті физио ем