§ 37 Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болуы туралы теориясы.
Ч. Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары: 1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі; 2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы; 4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі; 5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.
Ч. Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен 5 жылдық саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор себепші болды Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы-анатомия, цитология, т. б. ) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.
Чарлз Дарвин
Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді.
Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары: 1. Эволюция бірлігі – түр. 2. Әр организімге тән жек - дара өзгерістер ұрпақтан – ұрпаққа тұқым қуалайды. 3. Кез келген түр даралары көп мөлшерде ұрпақ қалдырады. 4. Тіршілік үшін күресте орта жағдайларына бейімделеді. 5. Табиғи сұрыпталу – бұл аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы.
. Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік тұқым қуалаушылық табиғи сұрыпталу Тұқым қуалайтын өзгергіштік тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп өзгеріп отырады.
Үге тапсырма § 37 Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болуы туралы теориясы. Дәптерге термин сөздерді жазып, оларға анықтама беріңдер.