№ 36 Есеп Науқас (әйел) В. , 35 жаста Шағымдары: Іштің төменгі бөлігінде және санның медиальді бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады.
Ауру анамнезі Соңғы жарты жылда оң жақ шап аймақта томпаю пайда болған және ол өздігінен жоғалып кеткен. Ауыр физикалық күштемеден кейін ауырсыну пайда болғанына 2 сағат болған. Жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан аппендэктомияны және тұмауратуды айтады. Аллергиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм. с. бб. , PS – 80 рет/ мин. Тілі ылғалды.
Пальпация Іші аздап желденген, іштің төменгі бөлігі аздап ауырсынады, іштің тітіркену симптомы теріс. Пупарт байламынан төмен ауырсынатын томпаю анықталады, тұйық-эластикалық консистенциялы, көлемі 3 х2 х3 см. Үстіндегі тері жабындылары өзгеріссіз.
Болжам диагноз қойыңыз?
Болжам диагноз: Қысылған оң жақ сан жарығы.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. ЭКГ 4. Қан тобы, резус сәйкестік. 5. Қан глюкозасы 6. Қан биохимиясы 7. Флюорография 8. Вассерман реакциясы
ЖҚА Гб – 143 г/л Эр -4, 0 х1012 Лейкц – 4, 6 х109 ЭТЖ – 15 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–нет Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 18, 2 ммоль/л Общий белок 72 г/л Қан глюкозасы 4, 6 ммоль/л Қан тобы– 0(І)Rh+
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 80 рет /мин. .
Флюрография өзгеріссіз
Осы ауру кезіндегі хирургиялық тактика?
Хирургиялық тактика – жедел операция.
Осы патология кезіндегі негізгі операция әдістерін атаңыз.
Сан жарықтары кезіндегі негізгі әдістерсандық, шаптық
Осы патология кезіндегі хирургиялық әдіс түрлері қандай.
Қысылған сан жарығы кезіндегі жарық қабын шығарғаннан кейін хирургиялық тактика реттілігі: 1. Жарық қабын ашу, 2. Жарық қабы ішіндегі ағзаны фиксациялау, 3. Жарық қақпасын босату, 4. Жарық қабындағы ағзаның өмірге қабілеттілігін анықтау.
Қысылға ішектердің өмірге қабілеттілігінің көрсеткіштері қандай.
1) Іщектің түсінің ақшыл-қызыл түсі; 2) Перистальтиканың болуы; 3) Қысылған аймақтағы шажырқай қан тамырларының пульсациясы
Ащы ішек некрозы кезіндегі резекциялау аймағын атаңыз
Некроз кезінде өліеттенген жерден әкелетін аймақтан - 40 -35 см, әкететін аймақтан 15 -10 см.