№ 34 Есеп Науқас (ер) Р. , 60 жаста Шағымдары: Қатты тағам жұтынудың бұзылуына және төс артындағы ауырсынуға шағымданады
Ауру анамнезі Жоғарыда айтылған шағымдар 2 ай бойы мазалайды. 10 кг. жүдеген. Жалпы жағдайы нашарлау себебінен ЖМКЕ жатқызылған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан артериальді гипертонияны, созылмалы бронхитті және тұмауратуды айтады. Аллергиалық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ-150/90 мм. с. бб. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасы бойынша, іштің тітіркену симптомы теріс.
Бірінші мақсатта қандай ауру туралы ойлауға болады?
Болжам диагноз Өнеш рагі
Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жасау қажет?
Салыстырмалы диагностика: 1. Ахалазия, 2. Химиялық күйіктен кейінгі тыртықтанушы тарылу, 3. Пептикалық эзофагиттен кейінгі қатерсіз тарылу 4. Қатерсіз ісіктер, 5. Туберкулез 6. Артқы көкірек ісігі, 7. Ішкі кеуделік зоб 8. Фиброзды медиастинит
Диагнозды негіздеу үшін ең тиімді зерттеу әдісі қандай?
Зерттеу әдістері: 1. ФГДС және биопсия 2. Өнеш рентгенографиясы 3. Іш қуысының УДЗ-і 4. Компьютерлік томография
Рентгенография – өнештің бір қабырғасының толу дефектісі, шырышты қабатының деформациясы және тегіссіздігі. Тегіс емес қисайған канал тәрізді өнеш саңылауының тарылуы.
ФГДС - өнеш саңылауына қарай өскен ісікке байланысты қиушылардан 34 см қашықтықтағы қатты тарылу. Асқазан шырышының жазықтығы және қабынуы. Биопсия -
Іш қуысының УДЗ-і – патологиялық өзгеріссіз
КТ – бауырда, өкпеде патологиялық ісіктер анықталмайды, өнештің төменгі үштігінде саңылауына қарай өскен ісікке байланысты 3, 5 см. қашықтықтағы тарылуы.
Клиникалық диагноз койыңыз?
Клиникалық диагноз Өнеш рагі II саты (ісік көлемі 3 -5 см).
Осы жағдайда қандай радикальді және паллиативті емдеу әдістері бар?
Радикальді: -жанындағы лимфа түйіндермен бірге өнешті ісігімен бірге алып тастау. -өнеш экстирпациясы Паллиативті: - гастростомия - айналмалы анастомоз салу
Осы жағдайда қандай хирургиялық ем түрлері бар?
Осы жағдайдағы емдеу әдістері 1. Асқазанның үлкен иіліміне пластика жасау арқылы өнеш резекциясы, 2. Льюис операциясын жасау (эзофагогастроанастомоз салу арқылы зақымдалған аймақтың резекциясы), 3. Добромысов-Торек операциясы (резекция, гастростома салу, 3 -6 айдан соң ішек арқылы өнеш пластикасы.