№ 33 Есеп Науқас (әйел) Х. , 58 жаста Шағымдары: Өршіген жұтынудың бұзылуына шағымданады.
Ауру анамнезі Айтуы бойынша дисфагия 10 ай бұрын басталған. Қазіргі жағдайда бір ұрыттам су әзер өтеді. Жағдайының нашарлауына байланысты хирургия бөліміне жатқызылған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды және созылмалы гастритті айтады. Аллергиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жағдайы орташа ауырлықта, қатты жүдеген. Сол жақ бұғана үстінде тұйық түзілісті бездер анықталады. Тыныс алу жүйесі өзгеріссіз. ЖСЖ 76 рет/мин, АҚҚ - 140/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды.
Пальпация Бауры қабырға доғасы бойынша. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынады. Іштің тітіркену симптомы теріс.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Болжам диагноз Өнештің қатерлі ісігі
Зерттеу жоспарын құрастараңыз.
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Өнештің контрастты R- графиясы 5. ФГДС және биопсия 6. Компьютерлік томография 7. ЭКГ
ЖҚА Гб -110 г/л Эр -2, 8 х1012 Лейкц – 4, 6 х109 ЭТЖ – 22 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – нет Эр – 0 -1 Лейкц – 0 -1 -2 Қан биохимиясы Билирубин- 19. 04 ммоль/л Мочевина -7, 3 ммоль /л Жалпы ақуыз- 60 г/л
ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ЖСЖ – 76 рет мин.
ФГДС – кесушілірден 34 см. қашықтықтағы қатты тарылу анықталды. Эндоскоп асқазанға өткізілген жоқ. Биопсия – гистологиялық тексеру кезінде көп қабатты эпителии анықталды.
Өнеш рентгенографиясында абдоминальді бөлігінің қатты тарылуы анықталған, супрастенотикалық кеңейу. Асқазанның толық толуы анқталмайды, бірақ жоғарғы бөлігінің кіші иілімі бойынша аздап толуы анықталады.
Компьютерлік томография
Толық клиникалық диагнозды құрастырыңыз.
Клиникалық диагноз Жалпақ жасушалы өнеш рагі, IV саты.
Косалқыланған емге не жатқызылады?
Қосалқыланған ем: 1. Сәулелі терапия, 2. Хирургиялық ем, 3. Операциядан кейінгі химиотерапия
Осы жағдайда науқасқа қандай емдеу әдісі көрсетілген?
Науқасқа операция жасауға мүнкіншіліксіз – гастростома салу, сәулелі ем, химиотерапия қолдануға болады (төмен эффектті)