+3 Тема- U пен инфляция_стат данный.ppt
- Количество слайдов: 28
3 - ТАҚЫРЫП. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: ЖҰМЫССЫЗДЫҚ. ИНФЛЯЦИЯ Қарастыратын сұрақтар: 1. Экономикалық циклдер және оның фазалары. 2. Экономикалық циклдың ұзақтығы 3. Жұмыссыздық түрлері 4. Жұмыспен қамтылғандар деңгейі мен жұмыссыздық деңгейі. 5. Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық 6. ЖІӨ және Оукен заңы 7. Инфляция және оның пайда болу факторлары 8. Инфляцияның түрлері 9. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс. Филипс қисығы 10. Антиинфляциялық саясат
Экономикалық циклдер. Экономикалық (іскерлік) цикл - өңдірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді. Циклдік өзгерістердің фазалары • Өрлеу • Дағдарыс • Тоқырау • Жандану
Экономикалық циклдың ұзақтығы Циклдің жалпы ұзақтығы әдетте белсенділіктің екі жоғары көрші немесе екі төменгі көрші нүктелердің арасындағы уақытпен (жылмен, аймен) өлшенеді. Осыған орай, құлдырау ұзақтығы белсенділіктің жоғары және төмен нүктелері арасындағы уақытпен, ал өрлеу белсенділіктің төмен және жоғары нүктелері арасындағы уақытпен өлшенеді.
Жұмыссыздық Жұмысы жоқ, алайда оны іздсетіріп жүрген адам жұмыссыз адам деп аталады және жұмыссыз адам ұғымы еңбекке жарамды халыққа қатысты айтылады. Яғни, экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың жиынтығы ретінде анықталады: L = E + U Белсенді Жұмыспен Жұмыссыздар халық қамтылғандар саны
Жұмыссыздық түрлері • Фрикциондық • Құрылымдық • Циклдық Жұмыссыздық деңгейі • Нақты деңгейі • Табиғи деңгейі
Жұмыссыздықтың нысандары: • жасырын функционалдық, • маусымдық, • құрылымдық, • технологиялық, • институционалды, • ерікті, • жасырын тағы басқа.
Жұмыссыздық деңгейі дегеніміз жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы пайыз түріндегі үлесі: мұндағы: U – жұмыссыздар саны; L=U+Е – жиынтық жұмысшы күші; u – жұмыссыздық деңгейі.
Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық • жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету. • бос орындар туралы хабарлама тарату. • жасөспірімдер арасыңдағы жұмыссыздықты қысқарту. • жасөспірімдерге оқып-үйренуге және енбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.
Көсіподақтармен немесе кәсіподақтарға бірігу қаупінен жұмысшылар тобы арасындағы туындайтын жұмыссыздық: • инсайдерлер • аутсайдерлер
ЖҰӨ және Оукен заңы Жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады. Оукен заңы бойынша, экономиканың төмеңдеуінен нақты ЖІӨ көлемі 1%-ға төмендейді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ арасындағы байланыс: Мұндағы: Ү — нақты өнім көлемі; Ү* — потенциалды ЖІӨ; U — нақты жұмыссыздық деңгейі; U* — табиғи жұмыссыздық деңгейі; β – эмпирикалық коэффициент.
Жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеп және оған кірісуге дайын 15 және одан жоғары жастағы тұлғалар) саны 2013 жылғы 2 тоқсанда 17, 4 мың адамды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1 мың адамға кеміді. Жұмыссыздық деңгейі 5, 0% болып қалыптасты (2012 жылғы 2 тоқсанда 5, 2%).
2013 жылғы 2 -ші тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 49, 1%-ды, әйелдердің үлесі – 50, 9%-ды құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 8, 8 мың адамды құрады, ол жұмыссыз еркектерден 3, 3 мың адамға (49, 0%) артық. 2012 -2013 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі (пайызбен)
Инфляция • Инфляция тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануын білдіреді, әрі ең алдымен бағаның өсуі түрінде пайда болады.
Инфляция пайыз түрінде былайша көрінеді: мұндағы π – инфляция қарқыны; P – ағымдағы кезең бағасының индексі; P 0 – негізгі (өткен) кезең бағасының индексі.
Инфляцияның пайда болуына әртүрлі факторлар әсер етеді: мемлекеттік бюджеттің тапшылығына байланысты ақшаның шығарылуы; өндірістік емес мемлекеттік шығындардың болуы; тауарлар тапшылығы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасын орынсыз көтерілуіне мүмкіндік беретін дара өнімді өндірушілердің монополиялық билігінің болуы; өндірістің жаппай төмендеуі.
Инфляция әсер ететін факторларға байланысты • сұраныс инфляциясы • шығын инфяциясы болып бөлінеді.
Сұраныс инфляциясы кезінде өндірістің нақты көлемінен жиынтық сұраныстың артықшылығы байқалады. Осы инфляцияның қалыптасуында тұтынушылар қатысады, сондықтан бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды.
Шығын инфляциясы өндіріс шығынының өсуінен немесе өндіріс факторларының күрт қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныстың кемуінен туындайды.
Шығындардың көбеюі нәтижесінде, бағалардың өсу (AS- жиынтық ұсыныс, AD – жиынтық сұраныс) AS 1 P AS 0 P 1 P 0 AD 0 Y 1 Y 0 Y
Сұраныс инфляциясы мен шығын инфляциясының үйлесуі. P AS 1 AS 0 P 1 AD 1 P 0 AD 0 Y 0
Инфляцияның көрінісі: • ашық инфляция • жасырын инфляция Жасырын инфляцияда бағалардың экономикалық тұрақтылығы байқалады, алайда оның көрінісі ретінде тауар тапшылығын аңғаруға болады
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс Ағылшын экономисті Бағаның өсу А. Филлипс жұмыссыздық қарқыны деңгейі мен жалақы мөлшері арасындағы айырмашылыққа анализ жасады, жұмыссыздық деңгейінің 5 -5, 5% бар деген болжамға келді, жалақы деңгейі тұрақты болғанда. Жұмыссыздық қалыпты деңгейден төмендегенде, жалақы деңгейі мен бағаның өсуі 5, 5 байқалады және керісінше ℅ жұмыссыздық деңгейі
Филлипстің қисық сызығының қасиеттері: 1) керісінше көлбеу болады, яғни жоғарғы деңгейлі жұмыссыздыққа жеңіл инфляция әсер етеді, және керісінше. 2) екі биіктіктің арасында сызықтық емес ара қатынас бар, жұмыссыздық деңгейі төмендегенде, инфляцияның әр кезеңіне жылдам, қарқынды түрде өседі.
Қысқа мерзімдегі Филлипс қисығының теңдігін былай көрсетеміз: Wt + і = πе - β(U – U*), мұндағы, Wt+і - болашақта жалақының нақты өсуі; πе - инфляцияның болашақта күтілетін бағаның өсу деңгейі; U - жұмыссыздықтың қарапайым деңгейі; β - нақты жұмыссыздық деңгейіндегі, нақты жалақыны анықтайтын коэффициент.
Антиинфляциялық саясат мемлекеттің реттеу аспаптарының жиынтығы, олар инфляцияның бәсеңдеуін қадағалайда. Қазіргі кездегі антиинфляциялық саясаттың екі негізгі бағыты: • кейнсиандық • монетарлық.
2013 -14 жыл Қазақстандағы инфляция • « 2013 жылдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін 4, 8% құрады. Инфляцияның бұл деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш» , -деді Агенттік басшысы Әлихан Смайылов. • Оның айтуынша, инфляцияны ауыздықтау әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге реттемелі тарифтың өсуін тежеу есебінен мүмкін болды.
• Агенттік төрағасы атап өткендей, тұтастай алғанда, 2013 жылы макарон өнімдерінің 6 пайыз деңгейінде, картоп 5, 8, күріш 5, 1, сүт пен шай бағасының 4, 9 пайызға өскені байқалды. • Сондай-ақ, оның келтірген мәліметіне қарағанда, бірқатар тауарлардың бағасы түсті. «Мысалға, 16 пайызға төмендетілген жармақ өнімі мен 7, 4 пайызға түскен жаңа жұлынған көкөністер бағасы жыл бойына сол деңгейде сақталып тұрды. Күнбағыс майы орташа 3, 5 пайызға, қант 6, 2 пайызға, ұялы байланыс қызыметі 14, 1 пайызға арзандатылды» , -деп нақтылады ол.
+3 Тема- U пен инфляция_стат данный.ppt