Лекция 13-2 каз Сеть.ppt
- Количество слайдов: 27
3 лекция Желі сипаттамалары 1
Сұрақтар 1. Желі программалық жабдықтамалары 2. Желі арналарының сипаттамалары 3. Желідегі компьютерлерді адрестеу 2
1. Желі программалық жабдықтамалары Желінің программалық жабдықтамалары бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС). Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т. б. қасиеттері есепке алынады. 3
Мәлімет алмасу кезінде басқа компьютерлерге қызмет көрсететін программа сервер деп, ал сол қызметті пайдаланатындары – клиенттер деп аталады. Программалар әр компьютерге бөлініп (распределенный) орналасады да, бір клиентте қолданбалы программаның бір бөлігі, екінші бөлігі – серверде бола береді. Ол екеуінің өзара әрекеттесуін белгілі бір протокол атқарады. Ал жалпы жұмысты басқару ОС-қа жүктеледі. ОС-тар локальдік дискілердегі мәліметтерді пайдалану құқығын анықтау ісін, экранға қандай хабарлар шығатындығын, ортақ принтерлерге қай мәлімет басылып шығатынын, жалпы желідегі әр компьютердің атқаратын жұмыстарын, ақпаратқа қол жеткізу (доступ) құқығын белгілеп, әрі басқарып отрырады. 4
Сонымен, желі программалық жабдықтамалары негізгі екі бөліктен (компоненттен) тұрады: 1) Клиент-компьютерлерде орнатылатын программалық жабдықтамалар. 2) Сервер-компьютерлерде орнатылатын программалық жабдықтамалар. Желі операциялық жүйесі байланысатын барлық компьютерлер мен шеткері (перифериялық) құрылғылар жұмысын қадағалап, мәліметтер мен құрылғыларға тұтынушылар құқығына қарай қорғалған қатынасу режимін орнатады. 5
Компьютерлер қуатының артуына байланысты ОС негізгі жұмысы - көптапсырмалы режимді іске асыру, оларға мынадай ОС түрлері жатады: Nowell Netware, Windows NT Server, OS/2, Windows 2000, Windows XP, т. б. Оған қоса объектіге бағытталған технологиялар – OLE, Active. X, ODBC, т. с. с. енгізу де мәліметтерді тарата өңдеу жұмысын жеңілдетуді жүзеге асырады. Осындай сәттерде желідегі ОС - Network Operation System – NOS ісі әр түрлі компьютерлер ОС-тары жұмысын басқару болып саналады. 6
Қазіргі NOS-тарда желі ресурстарын басқаруды ұйымдастыруда 3 түрлі тәсіл қолданылады, олар: 1) Объектілер кестесін (Bindery) пайдалану, мұнда Nowell Netware ОС-сы қолданылады. Осындай кесте әрбір файлдық серверде болады. Кестеде жұмыс станциялары туралы, олардың желі ресурстарын пайдалану (мәліметтерді, желілік баспа құрылғысын) құқықтары жайлы мәліметтер сақталады. Бұл тәсіл желіде бір-ақ сервер болған кезде ыңғайлы, ол тек бір ақпараттық базаны қадағалап отырады. Желі администраторы тұтынушылардың барлығын бақылап отыруы тиіс. Егер жаңа компьютерлер желіге қосыла бастаса, онда жұмыс көлемі көбейіп кетеді. Тұтынушылар да қай мәлімет қай жерде орналасқанын біліп, серверде 7 тіркеліп отырады.
2) Екінші тәсіл домендік (Domain) құрылымдарды пайдадаланатын Windows NT Advanced Server мен LANServer-де қолданылады. Мұнда барлық желі ресурстары мен тұтынушылар топтарға біріктірілген. Домен ұғымын объектілер кестесі аналогы сияқты қолдануға болады, тек мұнда осындай кесте бірнеше серверге ортақ болып табылады және желі ресурстары да домен бойынша ортақтастырылады. Әрбір тұтынушы желіге қосылу үшін доменде тіркеледі, содан кейін ол барлық ресурстар және серверлер мәліметтерін пайдалана алады. Бірақ бұл тәсілде де тұтынушылар немесе серверлер саны көбейе бастаса, ақпараттық база құру қиындайды. Ол бірнеше домендерді байланыстыру күрделігіне байланысты болады. 8
3) Үшінші тәсіл каталогтар немесе директорийлар аттары қызметін (Directory Name Services - DNS) ұйымдастыру жоғарыдағы кемшіліктерден құтылу мүмкіндігін береді. Желінің барлық ресурстары: желілік баспа, ортақ мәліметтер, серверлер - барлығы да ақпараттық жүйенің каталогтары ретінде қарастырылады. DNS атаулары анықталатын кесте әрбір серверде сақталады, бұл тәсіл желінің сенімді жұмысына кепілдік береді және тұтынушылардың желі ресурстарын пайдалануын жеңілдетеді. Бір серверде тіркелген тұтынушы барлық желі ресурстарына қол жеткізеді. Мұндай желіні басқару да домендік (Domain) құрылымдарды пайдаланатын желіні басқарудан гөрі жеңіл болады, өйткені барлық ресурстар тек бір кесте арқылы анықталады, ол онда әр домен үшін ресурстар мен тұтынушылар жеке-жеке анықталуы тиіс. 9
Қазіргі кезде ең жиі қолданылатын желілік ОС-тарға: Novell Net. Ware 4. XX, MS Windows 2000 Server, IBM LAN Server-лер жатады. Windows ХР-да жергілікті желіні басқару өте ыңғайлы болып саналады. Программалық жабдықтамалардың ең соңғы сатысына желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәліметтер базасы, пошта жүйесі, мәліметтерді сығу (архивтеу) программалары, ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері, т. б. 10
2. Желі арналарының сипаттамалары мыналар: Амплитудалық-жиіліктік сипаттама (АХЧ); Өткізу кеңдігі (полоса пропускания); Өткізу қабілеті (пропускная способность); Бәсеңдеу (затухание); Кедергіге тұрақтылық (помехоустойчивость); Мәлімет тасымалдаудың айқындылығы (достоверность ПД); Меншікті құны (удельная стоимость). Бұлардың ең маңыздыларына өткізу қабілеті мен мәлімет тасымалдау айқындылығы жатады, өйткені олар желінің жұмыс өнімділігі мен сенімділігіне тікелей әсер етеді. 11
Амплитудалық-жиіліктік сипаттама тасымалданатын сигналдың барлық жиіліктердегі амплитудасы байланыс арнасының шығу (на выходе) нүктесінде оның кіріс нүктесіндегі мәнінен қанша бәсеңдейтінін көрсетеді. Авых/Aвх 1 0, 5 Өткізу кеңдігі 0 Мұндағы Авых/Авх – амплитудалар қатынасы Жиілік, Гц 12
Арнаның амплитудалық-жиіліктік сипаттамасын білу оның кіріс нүктесіндегі сигналының формасы арқылы шығу нүктесіндегі формасын анықтауға толық мүмкіндік береді. Ол үшін кіріс сигналының спектрін тауып алып, оның гармоникалары құрамын амплитудалық-жиіліктік сипаттамаға сәйкес түрлендіру жеткілікті. Практикада амплитудалық-жиіліктік сипаттама орнына одан гөрі қарапайымдылау көрсеткіштерге жататын өткізу кеңдігі мен бәсеңдеу шамаларын жиі пайдаланады. 13
Өткізу кеңдігі (bandwidth) – шығу сигналы амплитудасының кіру сигналы амплитудасына қатынасы белгілі бір шектен (0, 5) артық болатын үздіксіз жиіліктер диапазоны. Бұл көрсеткіш синусоидалық сигналдың арна бойынша көп өзгеріске ұшырамай (әлсіремей) тасымалдану көрсеткіші болып табылады. Бәсеңдеу (attenuation) – тасымалдау кезіндегі белгілі бір жиіліктегі сигнал амплитудасының немесе оның қуатының салыстырмалы түрдегі кішіреюі. Сонымен бәсеңдеу АЧХның бір нүктедегі көрінісін ғана сипаттайтын 14 шама.
Бәсеңдеу - А децибелмен (д. Б, decibel, d. B) өлшенеді де, мынадай формуламен есептеледі: A=10 log 10 Pвых / Pвх , мұндағы Pвых - арнаның шығыс нүктесіндегі сигнал қуаты; Pвх - арнаның кіріс нүктесіндегі сигнал қуаты. Кабель бойынша тасымалдану кезінде аралық күшейтіш құрылғыларысыз сигнал қуаты әлсірейтіндіктен бәсеңдеу әрқашанда теріс шама болып саналады. Сонымен бәсеңдеу АЧХның бір нүктедегі көрінісін ғана сипаттайтын шама. 15
Өткізу қабілеті (throughput) – кабель бойынша мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының мүмкін болатын ең жоғарғы (максимальды) шамасын сипаттайды. Желі сымдарының Өткізу кеңдігі мен оның ең жоғарғы Өткізу қабілеті байланысы Шеннон формуласымен өрнектеледі: C = F log 2 (1+ Pc / Pш) , мұндағы C – бір секундтағы биттер санымен берілген (бит/сек) сымның максимальды өткізу қабілеті; F – герцпен берілген сымның өткізу кеңдігі ені; Pc – сигнал қуаты; Pш - кедергілер 16 (шум) қуаты.
Желінің кедергіге тұрақтылығы (помехоус -тойчивость) сымдардың сыртқы ортадағы кедергі сигналдарды кішірейту деңгейін анықтайды. Бұл көрсеткіш кабель түрлеріне және сымның экранына, изоляциясына байланысты болады. Ең кедергіге тұрақсызы – радиосигналдар, тұрақтылығы жақсысы - кабель сымдары, ал ең жоғарғы көрсеткіштісі - оптикалық кабельдер болып табылады. Әдетте сыртқы электромагнитті өрістерден туындайтын кедергілер әсерін әлсірету үшін металл экран қолданылады немесе сымдарды бір-біріне бұрап қояды. 17
Сым шеттеріндегі айқасқан кедергілер (перекрестные наводки на ближнем конце – Near End Cross Talk NEXT) сымның өз ішкі кедергілеріне тұрақтылығын анықтайды. Бұл көрсеткіш сымдардың бір жұптарындағы сигналды жөнелту кезінде пайда болатын электромагниттік өріске байланысты екінші сым жұптарында туындайтын кедергілерді анықтайды. Осы сәттерде екінші жұпта сигнал қабылданатын болса, ол кедергілерді де пайдалы сигнал деп санауы мүмкін. Осындай айқасқан кедергілер көрсеткіші NEXT (децибелмен өлшеніп) мынадай формула арқылы өрнектеледі: NEXT = 10 log Pвых / Pнав , мұндағы Pвых – шығу сигнал қуаты; Pнав – пайда болған кедергі сигнал қуаты. 18
Мәлімет тасымалдаудың айқындылығы тасымалданатын әрбір биттің өзгеріске ұшырау ықтималдығын сипаттайды. Бұл көрсеткіш шамасы қосымша қателіктерден қорғау мүмкіндіктерісіз (мәліметтерді қайта жөнелтусіз) 10 -4 – 10 -6, ал оптикалық кабельдер үшін 10 -9 аймағында болады. Айқындылық мәні 10 -4 болғаны 10000 биттің біреуі қате болуы мүмкін дегенді білдіреді. Биттердің өзгеріске ұшырауы сымдардағы кедергілерге немесе арнаның шектеулі өткізу кеңдігіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан кедергілер әсерін азайту үшін сымдарға сыртқы электромагниттік әсерлер күшін бәсеңдетіп (экрандарын сапалы ету), сымдардың айқасқан кедергілерін азайтып, өткізу кеңдігін де ұлғайтуға тырысу керек. 19
3. Желідегі компьютер адрестері Желідегі әрбір компьютердің өзіндік атауы болады. Ол үшін ІР (Internet Protocol)-адрестеу жүйесі қолданылады. ІР-адрес желідегі компьютердің қайталанбас нөмірі, ол қаладағы үй адресі секілді желідегі компьютер орналасуын анықтайды. ІР-адрес өзгермейтін статикалық немесе сервер беріп отыратын өзгермелі динамикалық адрес болып бөлінеді. Әрбір ІР-адрес екі бөліктен – желі идентификаторынан және түйін идентификаторынан тұрады. Алғашқысы – физикалық түрде желіні анықтап, ол осы желідегі түйінді компью20 терлер үшін бірдей болып табылады.
Түйін идентификаторы осы желідегі нақты бір серверге, маршрутизаторға не басқа ТСР/ІР түйініне сәйкес келеді. Әрбір ТСР/ІР түйіні өз логикалық адресі бойынша нақты түрде анықталады. Осындай адрес желідегі әрбір түйінді компьютерге беріледі. ІР-адрес екілік не ондық жүйеде нүктелер арқылы бөлініп жазылады, оның ұзындығы 32 бит, яғни ол төрт 8 -биттік өрістерден тұрады. Әрбір октет 0 -255 арасындағы ондық бүтін санмен өрнектеледі, мыс. : 192. 168. 0. 2 – компьютер адресі, ал 194. 226. 80. 160 – РФ мемлекеттік органдары серверінің адресі (www. gov. ru), 213. 180. 194. 129 - www. yandex. ru адресі. 21
Интернетте компьютер желілерінің көлем-деріне қарай ІР-адрестің 5 тобы анықталған, MS TCP/IP үш адрес топтарын сүйемелдейді, олар А, В, С кластары. Класс қай биттердің же-лі идентификаторы және ал қай биттердің тү-йін идентификаторы екенін анықтайды. Оған қоса класс желідегі түйіндер санының мүмкін болатын ең жоғарғы мәнін де анықтайды. ІР-адрестің бірінші октеті класты 22 анықтай-ды, жалпы 32 -разрядты ІР-адрес 3
Төменде әр түрлі кластардағы ІР-адрестер өрістері қалай анықталатыны көрсетілген. Класс А В С ІР-адрес W. X. Y. Z Желі иден-торы Түйін иден-торы W X. Y. Z W. X. Y Z A класы адресі өте үлкен желілерге тағайындалады. Оның адресінің жоғарғы биті 0 -ге тең, келесі 7 бит желі идентификаторы, қалған 24 бит түйін идентификаторы. Бұл әрқайсысында 17 млн түйіні бар 126 желіні адрестей алады. В класы адресі үлкендеу және орташа желілерге тағайындалады. Оның жоғарғы 2 биті 10 -ге тең, келесі 14 бит желі идентификаторы (2 октет), қалған 16 бит - түйін идентификаторы. Бұл әрқайсысында 65000 түйіні бар 16384 желіні адрестей алады. 23
С класы адресі шағын желілерге тағайындалады. Оның адресінің жоғарғы биттері 110 -ге тең, келесі 21 бит желі идентификаторы (3 октет), қалған 8 бит (соңғы октет) - түйін идентификаторы. Бұл әрқайсысында 254 түйіні бар 2 млн желіні адрестей алады. D класы топтық хабарламаларды тарату ісін атқарады. Оны алушылар бір не бірнеше түйінді болуы мүмкін, оның жоғарғы 4 биті 1110 -ге тең, қалғандары алушыларды анықтайды, бөліктерге бөлінбейді. Мұндай адресті пакеттер желідегі таңдамалы топтарға ғана беріледі, олар желіде айрықша түрде тіркеледі. Е класы – эксперименттік топ. Ол болашақта қолданылады, әзірге тіркелмеген. Оның жоғарғы 4 биті 1111 -ге тең. 24
25
Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын 26
Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мәлімет қабылдау және жөнелту істерін орындайды. Енді сол протоколдардың құрылымы мен ерекшеліктерімен, мәліметтердің адрестелуімен және пакеттерге бөліну заңдылықтарымен келесі жолы танысамыз. 27
Лекция 13-2 каз Сеть.ppt