клин фарм 3.pptx
- Количество слайдов: 13
№ 3 Дәріс Асқорыту жүйесі ауруларының клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы
Жоспар 1. Гастрит. Клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы. 2. Гастроэзофагеальды рефлексты ауру. Зерттеу әдістері, балау және емдеу. 3. Ойық жара. Клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы. 4. Антацидтер мен антисекреталды дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы.
1. Гастрит. Клиникалық фармакологиясы мен фармакотерапиясы. Гастрит-клиникалық тұрғыда диспенсия және ауру белгілерін тудыратын, қарынның кілегейлі қабығының қабынуы, оның жіті және созылмалы өтетін түрлері бар. Жіті гастрит- қарын кілегейлі қабығының эрозияға ұшырап және қан кетіп зақымдануы. Созылмалы гастрит-қарынның кілегейлі қабығының созылмалы қабынуы. Соның салдарынан оның моторлы және секреторлы қызметінің бұзылуы.
Этиологиясы мен патогенезі. Гастритті тудыратын факторлар көп болғандықтан, ол полиэтологиялық аурулар қатарына жатады. Жіті гастриттің себептерін дәрілік заттарды шектен тыс қабылдау, стресс(сепсис, миокард, инфарктысы) кілегейлі қабықты зақымдайтын ащы қышқыл азықтарды көп қабылдау және т. б. жатады.
Созылмалы гастритті тудыратын этиологиялық факторына байланысты 3 түрге бөлінеді. 1. А-түрі-аутоиммунды гастрит, созылмалы аутоиммунды ауруға жатады. Гастриттің бұл түрінде қарынның кілегейлі қабығы атрофияға ұшырап, секреторлы қызметі нашарлайды ондағы сіңірілу қызметі бұзылғандықтан анемия пайда болады. 2. В-түрі-Гастриттің бұл түрін Helicbacter pylori бактериялары қоздырады. Қарын сөлінің гиперсекрециясы пайда болып, соңы жараға ұласады. Себебі Н pylori микробтары өсіп-өнгенде қарынның кілегейлі қабығын бүлдіретін биологиялық белсенді заттар көп бөлінеді. 3. С-түрі - Гастриттің бұл түрі химиялық, заттардың дәрілердің және өттің ұзақ уақыт әсер етуінен болады.
Гастритті зерттеу әдістері және балау. Жітті гастритті эндоскопиялық әдіс арқылы балайды. Аталған әдіс арқылы қарынның кілегейлі қабығындағы қан кетулерді және эрозияны анықтауға болады. Созылмалы гастритті балау үшін морфологиялық әдістер қолданылады. Балауды толық дәлелдеу үшін қарынның әртүрлі бөлігінен (кілегейлі қабығынан) зерттеуге қажетті биопрепараттар алынады. Созылмалы гастритте Helicbacter pylori микробтары маңызды рөл атқарады. Емдеу. Жіті гастритті емдеу үшін Н 2 - гистамин мен ингибиторлары қолданылады.
Созылмалы гастритті емдегенде біріншіден оны тудыратын факторларды жою қажет. Қарын сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда Н 2 -гистаминді рецепторлардың блокаторлары қолданылады. Ол үшін хлоритромицин, амонсицимин, метронидазол және т. б. препараттар пайдаланылады. Хлоритромицинді метронидазолмен қосып бергенге қарағанда, хларитромицинді амоксицименмен қосып берудің емдік нәтижелілігі жоғары болады. Егер емдеу нәтижелілігі төмен болған жағдайда, емдеудің келесі кезеңінде Н 2 гистаминді рецепторлардың блокаторлары + висмутты субсалицилат + метронидазал + тетрациклиннен тұратын дәрілік заттарды қолдану жоғары нәтижелілікке қол жеткізеді.
2. Гастроэзофагеальды рефлексты ауру(ГЭРА)қарындағы қоректік заттарды өңешке лақтырып тастаудың салдарынан пайда болатын клиникалық симптомды комилекс. Этиологиясы мен патогенезі. Аталған аурудың негізгі себебіне өңеш пен қарынның моторлы қызметінің бұзылуы жатады. Патогенездегі ең басты құбылыс өңеш пен қарын арасындағы сфинктерлер тонусының төмендеуі болып табылады. Сонымен бірге қарын сөлінің (тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылдары) әсері, өңештің кілегейлі қабығы қызметінің нашарлауы және Helicbacter pylori микробтары ерекше рөл атқарады.
Зерттеу әдістері және балау. Негізінде балау әдісіне эндоскопиялық зерттеу жатады. Аталған әдістің көмегімен өңештегі гиперемияны, ісікті, эрозия мен жараны анықтауға болады. Рентгенологиялық зерттеу әдістері аталған әдіске қосымша болады. Емдеу шаралары зақымдап әсер ететін қарын сөлінің өңешке түсуін шектеуге бағытталған жануарларға өте салқын немесе ыстық, ащы қоректік заттар берілмейді. Өңеш пен прокенетиктер беріледі. Қарын сөлінің қышқылдылығын төмендету үшін Н 2 - гистаминді рецепторлардың блокаторлары қолданылады. Helicbacter pylori микробына қарсы антибактериальды заттар пайдаланылады.
3. Ойық жара(язвенная болезнь)- қарын сөлімен жанасып тұратын асқорыту жүйесі кілегейлі қабығының кейбір бөліктерінің созылмалы және қайталанып өтетін ауру. Ойық жара асқынуға бейім келетіндіктен, жануарлар өміріне қауіп тудырады. Этиологиясы мен патогенезі. Аурудың дамуына және қайталануына мынандай факторлар қолайлы әсер етеді. Генетикалық бейімділік Созылмалы гастрит Созылмалы доденит (қажалану) Қоректену режимінің бұзылуы Кейбір дәрілік заттарды шектен тыс көп қолдану және т. б.
Қарын мен он екі елі ішектегі ойық жараның пайда болуына 2 түрі патофизиологиялық механизм септігін тигізеді. 1. Асқорыту жүйесіндегі тұз қышқылының гиперсецициясы. Соның салдарынан қарынның секреторлы қызметі күшейіп қарын сөлінің мөлшері шектен тыс көбейіп кетеді. 2. Қарын мен он екі елі ішектегі кілегейлі қабақтың резистенттілігінің төмендеуі. Кілегейлі қабақтың резистенттілігі мынандай жағдайлардың әсерінен төмендейді. - кілегейлі эпителиальды барьер қызметінің бұзылуы, - қарындағы қан айналудың нашарлауы. - сүтегі иондарының диффузиялық процесінің күшейеді. - әртүрлі әсерлерден қорғайтын эндогенді факторлар синтезінің нашарлауы. - эпителий клеткаларының (торшаларының) регенерациясының бұзылуы.
Helicbacter pylori микроорганизмдеріде ерекше рөл атқарады. Оның жара кезінде мынадай асқынулар пайда болады: қан кету, қанды құсық, пенетрация және перфорация. Пенетрация кезінде ойық жара қарын мен онекіелі ішектен басқада ұлпалар мен мүшелерге тарайды. Перфорация кезінде ауру сезімі қарынның эпигастральды бөлігінен, басқада бөліктеріне тарайды.
Зерттеу әдістері және балау. Балау кезінде анамнездің және лабароториялық зерттеу әдістерінің мәліметтер ескеріледі. Палпация арқылы қарындағы ауырсыну белгілерін анықтауға болады. Ойық жараны негізгі зерттеу әдісіне эзофагогастродуоденоскопия жатады. Бұл әдіс арқылы гистологиялық зерттеугеде материал алуға болады. Рентгенконтрасты заттарды (барий сульфаты) қолдана отырып жүргізілетін рентгенологиялық зерттеу әдісі қарын мен онекіелі ішектегі ойық жараны дәл анықтауға мүмкіншілік туғызады. Ойық жараны емдеудегі клинико- фармакологиялық шешім.
клин фарм 3.pptx