лекция ПГ3.ppt
- Количество слайдов: 10
3 Дәріс Ұңғыманы зерттеудің электрлік әдісі.
Электрлік каротаж әдістері – ҰГЗ практикасында дамыған және ең көп тараған әдістердің бірі. Ұңғымада электрлік әдістерді жүргізу арқылы: Тау жыныстарының меншікті электрлік кедергісін, табиғи электрохимиялық активтілігін және жасанды-шақырылған электрохимиялық активтілігін анықтаймыз. Сонымен басты мақсаты – ұңғыма қимасын электрлік қасиеттері бойынша жіктеу және оның электрлік қасиеттерін анықтау. • Мұнай және газ кен орындарының қималарын жыныс құраушы минералдар және қуыстар, осы қуыстарды су, мұнай, газ немесе осы флюидтердің қоспасы толтырып тұрған шөгінді тау жыныстары құрайды. Көбінесе, жынысты құраушы минералдардың кедергісі үлкен және электр тоғын өткізбейтін болып келеді. • Шөгінді тау жыныстары арқылы электрлік тоқ өткен кезде өткізгіш рольін құрамында еріген тұздары бар қабат суы атқарады. Әрбір жеке жағдайда МЭК – нің көрсеткіші тау жыныстарының қуыстары қабат суымен қаныққан меншікті кедергіге, жыныс қуыстарындағы көмірсутек және сулы ерітінділерінің құрамдық пайызына, жыныстың текстуралық ерекшелігіне байланысты. Тау жыныстарының электрлік қасиеттері: Матрица кедергісі – мыңдаған Ом*м, таужынысын құраушы минералдардың МЭК байланысты.
ҰГЗ әдістерінің зерттеу объектісі Тау жыныстарының қималарының (а) ашық оқпандағы және (б) жабық оқпандағы сұлбасы. 1 -қатты әктастар, 2 -саздар, 3 -өткізгіш құмтастар, 4 -жуу сұйықтығының ену аймағы, 5 -шайылған аймақ, 6 -сазды қабыршақ, 7 -цемент, 8 - шегенделген құбыр, dс-ұңғыма диаметрі, dк-каверна диаметрі, Dзп – ену аймағының диаметрі, hгк – сазды қабыршақ қалыңдығы, h- қабат қалыңдығы, dо. к. -шегенделген құбыр диаметрі
Қабат суының кедергісі – 0, 05÷ 0, 25 Ом*м, минерализациясына және қабат температурасына байланысты. Суға қаныққан құмтастар кедергісі – 0, 5÷ 5 Ом*м, судың минерализациясына және ашық кеуектілікке байланысты. Мұнайға қаныққан құмтастар кедергісі - 5÷ 200 Ом*м, қабаттың ашық кеуектілігіне, қалдық су қанықтылығына және ағымдық мұнай қанықтылығына байланысты. Саздар кедергісі - 1÷ 25 Ом*м, мұнай кедергісі – мыңдаған Ом*м. Электрлік каротаж әдісінің бірінші және басты мақсаты (таужыныстарды электр қасиеттері бойынша жіктеу) әдістемелік тұрғыдан оңай шешіледі, ал екіншісі (электрлік қасиеттерін анықтау) – бұл өздігінше күрделі мәселе. Өйткені, таужыныстар бұрғылау барысында айтарлықтай өзгеріске ұшырап (жарықшақтанады, бұрғылау ерітіндісінің сүзіндісі сіңеді), олардың физикалық қасиеттері өзгереді. Әсіресе, мұнай және газ кенорындарының коллекторы болып саналатын қуысты және өткізгіш таужыныстар үлкен өзгеріске ұшырайды. Ұңғымадағы гидростатикалық қысым мен қабаттық қысым айырмашылығынан бұрғылау ерітіндісі (жуынды сұйық) қабат қуыстарына сүзіледі.
Қабаттағы қуыс мөлшерлері аз болғандықтан, қабатқа ерітіндінің сүзіндісі ғана еніп, сазды бөлшектер ұңғыма қабырғасында қалады, сөйтіп, ұңғыма қабырғасында қалыңдығы бірнеше сантиметр сазды қабыршақ пайда болады. Электрлік каротаж әдісі нәтижелерін интерпретациялау барысында, қимадағы таужыныстардың меншікті электр кедергісі тік бағытта тұрақты қалпында қалмайды. Жалпы алғанда, өлшенген кедергінің мәні көптеген электрлік және геометриялық параметрлерге тәуелді: Сондықтан, ұңғымада өлшенген қабат кедергісі көрінерлік ρк болып саналады. Формуладан ρпл мәнін ρк арқылы анықтау үшін басқа факторлар әсерін есепке алу немесе оларды жою қажет.
Әдеттегі зонд әдісі (ККәдісі). Әдеттегі зондтпен каротаж жүргізу үшін төрт электродты MANB қондырғысы пайдаланылады. М, А, N немесе М, А, В үш электродтары (каротаждық зонд) ұңғымаға кабель арқылы түсіріліп, ал төртінші электрод В немесе N ұңғыма ернеуінде қазық ретінде жерге енгізіледі (заземление). Егер екі электродтың қызметі бірдей болса, ол жұп электрод деп аталады. АВ және NM жұп электродтар деп аталады. АВ-тоқты электродтар, ал NM- өлшеуші электродтар д. а. Ұңғыма ішіне түсірілген электродтардың ара-қашықтығына байланысты градиент және потенциал зондқа бөлінеді. • Градиент зонд деп- жұп электродтардың ара-қашықтығы сыңар электродтар ара-қашықтығына қарағанда аз зондтарды айтады. Мысалы: А 2 М 0, 5 N немесе А 0, 5 В 2 М Градиент-зондтың ұзындығы L жазу нүктесінен сыңар электродқа дейінгі ара-қашықтық. L=АМ+АN/2 немесе L=0 А мұндағы 0 -жазу нүктесі. Жазу нүктесі жұп электродтардың ортасы.
• Потенциал зонд деп- МА ара-қашықтығы жұп электродтар М, N(A, В) ара-қашықтығынан аз болған жағдайда айтылады. Мысалы: N 11 М 2 А немесе А 8 В 1 М Потенциал -зондтың ұзындығы L сыңар электродтардың ара-қашықтығы. L=МА немесе L=ВМ 1 сурет. КС әдісіндегі градиент-зонд және потенциал-зонд
КК қисықтары симметриялық пішінімен ерекшелінеді. Қабаттың ортасы, максимумдармен кедергілердің жоғарлауы, ал минимумдарыментөмендеуі ерекшелінеді. КК қисығында табандылық градиент-зондта максимумдарымен кедергісі жоғары қабаттың табанын және кедергісі төмен қабаттың жабынын, ал жабындылық градиент зонд максимумдарымен кедергісі жоғары қабаттың жабынын және кедергісі төмен қабаттың табанын бөліп көрсетеді. Осылай градиентзонд көмегімен тез қабаттың жабыны мен табанын анықтауға болады
лекция ПГ3.ppt