№ 29 Есеп Науқас (ер) Р. , 58 жаста Шағымдары: Іштің жоғарғы бөлігіндегі белбеу тәрізді шыдатпайтын ауырсынуға, лоқсуға, жеңілдік әкелмейтін құсцға, жалпы әлсіздікке, Бас айналуына, желдің шықпауына шағымданады.
Ауру анамнезі Ауру басталғанан кеін 6 сағаттан соң ЖМКЕ келіп түсті. Ауруды майлы және шыжғырылған тағамды қабылдауымен байланыстырады.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан ӨТА, созылмалы холециститті (4 жыл бойы) және тұмауратуды айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен және венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа тақау. Объективті қарау кезінде шырышты қабаттарының аздаған сарғаюын және тілінің құрғап, ақ жабындылармен жабылуын көруге болады. Тахикардия 100 рет/мин. АҚҚ– 130/80 мм. с. бб.
Пальпация Іші дұрыс пішінді, пальпациялағанда эпигастрии және кіндіктен 5 -6 см. жоғарғы аймақтарда бұлшық еттердің қатаюын анықталады, қолқа артериясының пульсациясы анықталмайды, көлденең тоқ ішек желденген.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел панкреатит
Осы аурудың УДЗ-і кезіндегі өзгерістерді атаңыз
Жедел ісінбелі панкреатиттің УДЗ-і кезіндегі көрсеткіштері – пішінінің айқынсыздығы, Вирсунг өзегінің көлемі 2 ммден. жоғары болуы.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы (қандағы глюкозаны, мочевина және креатинин мөлшері, жалпы ақуыз, билирубина, калий/натрий, диастаза) 4. Іш қуысының ретнгенографиясы 5. Кеуде қуысының рентгенографиясы 6. ЭКГ 7. Іш қуысының УДЗ-і 8. Эзофагогастродуоденоскопия
ЖҚА Гб – 120 г/л Эр - 4, 3 х1012 Лейкц – 9, 6 х109 ЭТЖ – 12 мм/сағ ОАМ Ақуыз – 0, 033 Эр – 1 -2 Лейкц – 1 -2 Өт пигменттері – теріс Зәр амилазасы - 128 мг/ч/мл. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 24, 2 ммоль/л Жалпы ақуыз 76 г/л Қан глюкозасы 5, 6 ммоль/л Мочевина – 8, 0 ммоль/л
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ-92 рет/мин.
ФГДС –гастрит, дуоденит белгілері
УЗИ – өт қабы ұлғаймаған, саңылауы біртектес, холедох 0, 5 см. Ұйқы безі: басы 3, 2 см, денесі 2, 5 см, құйрығы анықталмайды. Вирсунг өзегі 2, 2 мм. Бос сұйықтық анықталмайды.
Іш қуысының ретнгенографиясы - ішектердің желденуі Кеуде қуысының ретнгенографиясы – патологиясыз.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз жедел ісінбелі панкреатит.
Антиферментті және антисекреторлы дәрі дәрмектерді атаңыз
Антисекреторлы терапия (ең тиімді уақыт – бастапқы үш тәулік): сандостатин (октреотид), квамател, 5 -фторурацил. Антиферментті терапия (контрикал, гордокс, протенол; ең тиімді уақыт – бастапқы бес тәулік).
Осы аурудың операцияға көрсеткіштерін атаңыз
Операцияға панкреатит кезіндегі көрсеткіштері – панкреонекроздың іріңді асқынуы