№ 27 Есеп Науқас (ер) Д. , 36 жаста Шағымдары: Тәнертеңгі уақытта эпигастрии аймағындағы пайда болған сыздап ауырсыну, кешкі уақытта біртіндеп оң жақ мықын аймаққа аусып күшейген
Ауру анамнезі Ауырғанына 8 сағат болған. Іштегі ауырсыну жиі кіші дәретке отырғысы келген сезіммен бірге жүрген, дене температурысы 37, 6°С дейін көтерілген, бір рет құсу болған. Бұрын мұндай ауырсыну болған жоқ. Жалпы жағдайы нашарлауы себебінен жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен, венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиалық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі – 88 рет мин. АҚҚ-120/80 мм. с. бб. Тілі құрғаған және ақ жабындылармен жабылған.
Пальпация Іші дұрыс пішінді, оң жақ мықын аймақта қатайған және қатты ауырсынады. Щеткин. Блюмберг сынамасы іштің оң жақ бөліктерінде оң. Ровзинг, Ситковский сынамалары оң. Пастернацкий сынамасы теріс.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел аппендицит. Жедел цистопиелонефрит?
Науқаста аурудың қандай сынамасы тән?
Кохер-Волкович сынамасы – ауырсынудың орналасуының ауыспалдылығы
Салыстырмалы диагностика үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
1. Тік ішекті саусақпен тексеру (тік ішектің алдынғы қабырғасының ісінуі жіне ауырсынуы), 2. Тік ішектегі температураны тексеру (айырмашылық 1 градустан жоғары) кіші жамбас қуысындағы қабыну, 3. Нечипоренко бойынша зәр анализы, 4. Бүйректін және қуықтың УДЗ-і, 5. Хромоцистоскопия.
Салыстырмалы диагностиканың қиындауы кезінде кандай зерттеу жүргізу қажет?
Диагностикалық лапароскопия
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Іш қуысының, бүректің және қуықтың УДЗ-і, 5. Нечипоренко бойынша зәр анализі. 6. ЭКГ 7. Қанның ұю қасиетін анықтау 8. Қан тобын және резус сәйкестікті анықтау.
ЖҚА Гб – 125 г/л Эр -3, 8 х1012 Лейкц – 4, 6 х109 ЭТЖ – 15 мм/сағ ОАМ Ақуыз – 0, 033 Эр – 0 -1 в п/зр Лейкц – 5 -6 в п/зр ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 11, 3 ммоль/л Мочевина 8, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 72 г/л
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ - 90 рет/мин.
Бүйрек УДЗ-і – Іш қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Бұрек орналасуы дұрыс, патологиялық өзгерістер және тастар анықталмайды.
Нечипуренко бойынша зәр анализі – өзгеріссіз. Қанның ұю қасиеті – 2 мин Қан тобы– 0(І)Rh+ Қосалқы зерттеуле қажет пе?
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жедел аппендицит
Хирург тактикасы?
Хирург тактикасы 2 сағат бақылау. Сол уақыт ішінде диагнозды жоққа шығару немесе аппендэктомия.