№ 26 Есеп Науқас (ер) Д. , 35 жаста Шағымдары: Іштің жоғарғы бөлігіндегі белбеу тәрізді қатты ауырсынуға, қайталанбалы құсуға шағымданады.
Ауру анамнезі Ауырсыну 12 сағат бұрын басталған, ауруды алкоголь қабылдаумен байланыстырады. Жағдайы нашарлауы себебінен жедел жәрдем арқылы ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен, венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы ауыр. Пульсі 120 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм. с. бб. Тілі құрғаған, ақ жабындымен жабылған.
Пальпация Іші жоғарғы бөлікте қатайған және қатты ауырсынады, іштің басқа аймақтарында перкуторлық дыбыс қысқарған. Перистальтика естілмейді.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел панкреатит.
Осы ауру кезіндегі ерекше белгілер (анамнез жинау және қарау кезінде анықталған).
Панкреатитке тән белгілер: 1. Қайталанбалы құсу; 2. Перитонит; 3. Белбеу тәрізді іштегі ауырсыну; 4. Тахикардия; 5. Ішек парез.
Қарау кезінде кандай сынамаларды анықтауға болады?
1. Керте сынамасы – кіндіктен 5 -6 см. жоғары аймақтақы ауырсыну және бұлшық еттердің қатаюы (ұйқы безінің орналасқан аймағында). 2. Мейо-Робсон сынамасы – пальпация кезіндегі сол жақ қабырға-омыртқа үшбұрышындағы ауырсыну (ұйқы безі құйрығы аймағында). 3. Воскресенский сынамасы – көлденең ішектің парезі және желденуіне байланысты немесе инфильтраттын болуы себебінен қолқа артериясының абдоминальді бөлігінің пульсацясының анықталмау немесе әлсіреуі.
Тексеру жоспары
Тексеру жоспары: 1. Қан құрамына жалпы талдау (6 параметр) 2. Несепті жалпы талдау 3. Биохимиялық талдау (глюкозаны, азот қалдығын, креатинин, жалпы ақуыз, билирубин, калий/натрий, диастаздарды анықтау) 4. Құрсақ қуысының мүшелеріне рентгенография жасау 5. Көкірек қуысының мүшелеріне рентгенография жасау 6. ЭКГ 7. Құрсақ қуысының мүшелеріне УДЗ 8. Эзофагогастродуоденоскопия
ОАК Гб – 140 г/л Эр - 4, 3 х1012 Лейкц – 11, 6 х109 СОЭ – 22 мм/час ОАМ Белок – 0, 033 Эр – 1 -2 в п/зр Лейкц – 1 -2 в п/зр Өт дақтары– теріс Несеп амилазасы - 88 мг/ч/мл. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 24, 2 ммоль/л Жалпы ақуыз - 76 г/л Қан глюкозасы - 5, 6 ммоль/л Мочевина – 8, 0 ммоль/л
ЭКГ –синустық ритм, ЖСЖ -112 рет 1 мин.
ФГДС – эрозивті гастрит белгілері
УДЗ – өт қабы ұлғаймаған, гомогенді ойық, холедох 0, 5 см. Ұйқы безі ұлғайған, пішіні анық емес. Ішмай қалтасында бос сұйықтық бар.
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясында – ішектердің пневматизациясы. Көкірек қуысының шолу рентгенографиясында – патология жоқ.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Асқынған панкреатит, ісінген формада. Эрозивті гастрит.
Алғашқы екі күнде сіздің ауруды емдеу тактиканыз қандай?
Хирургтың емдеу тактикасы: консервативті ем, алғашқы бір күнде нәтиже болмаған жағдайда операция.