№ 25 Есеп Науқас (ер) И. , 48 жаста Шағымдары: Оң жақ шап аймақтағы ауырсынуға, сол аймақта томпаюдың пайда болуына, лоқсуға, қайталанбалы құсуға.
Ауру анамнезі Іштегі ауырсыну 3 сағат бұрын ауыр физикалық жүктемеден кейін пайда болған, бастапқысында ауырсыну сыздаған тұрақты түрде болған, кейінен ұстама тәріздіге ауымқан. Айтуы бойынша, жарық ауруымен ауырғанына 10 жыл болған, бастапқысында жарық іш қуысына оңай енетін. Жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан қорасан ауруын, ЖРВИ-ны, созылмалы бронхитты, тұмауратуды айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен, венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты тұсті. Пульсі – 70 рет/ мин. АҚҚ-120/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды.
Пальпация Іші дұрыс пішінді, жұмсақ, төменгі бөлігінде аздап ауырсынады, іштің тітіркену симптомы теріс. Оң жақ шап каналы аймағын объективті тексерген кезде атжақты (продолговатой) пішінді 8 х4 см. көлемді, пальпациялағанда қатты ауырсынады. «Жөтел түрткі» феномені теріс.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз: Қысылған шап жарығы
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Микрореакция 5. Нәжісті қүртқа тексеру 6. ЭКГ 7. Іш қуысының рентгенографиясы
ЖҚА Гб – 125 г/л Эр -4, 8 х1012 Лейкц – 9, 6 х109 ЭТЖ – 10 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–нет Эр – 0 -0 -1 Лейкц – 1 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 11, 3 ммоль/л Мочевина 6, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 68 г/л Микрореакция – теріс Нәжісті құртқа тексеру – теріс
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ – 72 рет мин.
Іш қуысының рентгенографиясы – патологиясыз
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Оң жақты қысылған шап жарығы
Қандай 4 белгі қысылған жарыққа тән?
Қысылған жарыққа тән белгілер: 1) Жарық аймағында немесе іштің барлық аймақтарындағы қатты ауырсыну; 2) Жарықтың ішке кірмеуі; 3) Жарықтын тығыздалуы және ауырсынуы; 4) «Жөтел түрткі» феномені теріс.
Науқасқа қандай ем көрсетілгенін айтыңыз?
Науқасқа жедел оперативті ем көрсетілген – жарықты алып тастау және жарық қақпасының пластика
Осы патология кезіндегі операция ерекшелігін айтыңыз.
Жарықтың қысушы қақпасын жарық қабын ашып, оның ішіндігісін фиксациялағаннан кейін ғана босатады, бірақ, жарық қабының флегмонасы болмаған жағдайда ғана.
Сыртқы қиғаш шап жарығы кезіндегі, жиі қолданылатын шап каналының қабырғаларын қатайту түрлерін атаңыз.
1. Мартынов әдісі бойынша шап каналының алдынғы қабырғасын қатайту, 2. Кимбаровский тігісін қолдана отырып Жирар-Спасокукоцский әдісі көмегімен шап каналының алдыңғы қабырғасын қатайту. 3. Бассини, Кукуджанов әдісі бойынша шап каналының артқы қабырғасын қатайту.