№ 24 Есеп Науқас (әйел) Е. , 25 жаста Шағымдары: Кіндік аймағындағы томпаюға шағымданады
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша кіндік аймағындағы томпаю бір жыл бұрын пайда болға, жүктілікпен байланыстырады (босану бір жыл бұрын болған). Поликлиникада хирургпен қаралған және ЖМКЕна оперативті емге жіберілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурлардан тұмауратуды айтады. Аллергиялық анамнезі асқынбаған
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың тұрып тұрған жағдайында, кіндік маңайында 4 х5 см. көлемді томпаю анықталады, жұмсақ-эластикалық құрамды, ауырсынусыз. Жатқан жағдай іші дұрыс пішінді, ауырсынусы, томпаю қиындықсы іш қуысына енеді, ішті тітіркену симптомы анықталмайды.
Болжам диагноз қоыңыз?
Болжам диагноз Ішке енетін кіндік жарасы
Осы жағдайдағы жарық қабының ерекшелігін көрсетіңіз.
Кіндік жарығы кезінжегі жарық қабының ерекшелігі - барлық тіндер, тері және іш пердесісе бір тыртыққа жабысқан.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. ЖҚА ЖЗА ФГДС Қан тобы және резус сәйкестік Қанның ұю уақыты Қан глюкозасы
ЖҚА Гб -135 Эр -4, 0 х1012 Лейкц – 4, 6 х109 ЭТЖ – 15 мм/сағ ЖЗА Ақуыз –нет Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 Қан глюкозасы – 5, 5 ммоль/л Қанның ұю уықыты – 2 мин Қан тобы және резус сәйкестік – 0(І)Rh(+)оң
ФГДС – Созылмалы гастрит
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жүре пайда болған ішке енетін кіндік жарығы
Осы жағдайдағы емдеу тактикасы?
Емі тек хирургиялық – іштің алдыңғы қабатының аутопластика.
Сіз білетін кіндік жарығы кезіндегі пластика түрлерін атаңыз, сондай-ақ олардың ерекшеліктері
1. Лекснеру (Lexer) бойынша жібек кисеттік, Кохер бойынша кіндіктің астына және үстіне іштің ақ сызығына кисеттік тігіс + ілмектік тігіс – бұл операция негізінде балаларға жасалады. 2. Сапежко бойынша (кіндік сақинасын тігінен киған жағдайда) – кесінді кіндікті сол жағынан айнала өтіп іштің ақ сызығы бойынша. 3. Мейо бойынша апоневрозов дупликатурасымен (кіндік сақинасын қиғашынан киған жағдайда) – кесінді кіндіктің екі жағынан жартылай овал тәрізді, сондай-ақ жарық үлкен болған жағдайда кіндікті бірге алап тастау арқылы.
Жарық қабы Сапежко боынша алынған. Жарық қабын ашқанда ішінде ұлкен шарбы аңықталған және түбіне жабысқан. Байлам байланғаннан соң кесіп алынып тасталған. Жарық қабы мойынына тігіс салынып, байланып, жарық қабы алынып тасталған. Кіндік сақинасының пластикасы Сапежко бойынша жасалған. Жара толығымен тігілінген.