№ 22 Есеп Науқас (ер) К. , 40 жаста Шағымдары: Іштің жоғарғы бөлігіндегі белбеу тәріздес ауырсынуға, қайталанбалы құсуға шағымданады.
Ауру анамнезі Ауырғанына 6 сағат болған, аурудың себебін диетадағы бұзылысты айтады. Жедел жәрдеммен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерілген аурулар: тұмаурату. Боткин ауруымен, туберкулезбен, венериалық аурулармен ауырмаған. Аллергиалық анамнез – теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары бозғылт. Тілі құрғақ. ТАЖ - 22 рет/мин. Пульсі - 92 рет/мин. АҚҚ - 110/70 мм. с. бб. Температурасы - 37. 20 С.
Пальпация Іші аздап желденген, жоғарғы бөлігінде ауырсынады, Воскресенский, Керте сынамалары оң. Перитонеальды симптомдар теріс, перистальтикалық шуылдар әлсіреген.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Болжам диагноз Жедел панкреатит.
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика өткізу қажет?
Салыстырмалы диагностика: 1. Жүрек инфарктісінің абдоминалды түрімен 2. Төменгі бөлікті пневмониямен 3. Перфоративті ойық жарамен 4. Жедел холециститмен 5. Жедел аппендицитпен
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы (глюкозаны, мочевинаны, креатининді, жалпы ақуызды, билирубинді, калиии/натрии-ді, диастазыны) 4. Іш қуысының рентгенографиясы 5. Кеуде қуысының рентгенографиясы 6. ЭКГ 7. Іш ағзаларының УДЗ-і 8. ФГДС
ЖҚА Гб – 130 г/л Эр - 4, 3 х1012 Лейкц – 10, 6 х109 ЭТЖ – 12 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 033 Эр – 1 -2 в п/зр Лейкц – 1 -2 в п/зр Өт пигменті – теріс Зәр амилазасы - 128 мг/ч/мл. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 2 ммоль/л Жалпы ақуыз 76 г/л Қан глюкозасы 5, 6 ммоль/л Мочевина – 8, 0 ммоль/л
ЭКГ – жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, синустық тахикардия ЖСЖ – 100 рет мин.
ФГДС –атрофиялық гастрит белгілері
УДЗ – өт қабы ұлғайған, саңылауы біртекті, холедох 0, 5 см. Ұйқы безі басы 3, 0 см, денесі 2, 3 см, құйрығы анықталмайды. Бос сұйықтық жок.
Іш қуысының рентгенографиясы – ішектің ауалы керілуі
Кеуде қуысының ретгенографиясы – созылмалы бронхит белгілері.
Клиникалық диагноз
Клиникалық диагноз Жедел панкреатит, ісінулі-ауырсынулы түрі.
Панкреатиттің жеңіл түріндегі медикаментозды терапия?
Медикаментозная терапия легкой формы панкреатита включает: Базистік терапия (аштық, асқазанды зондтау және аспирациялау, жергілікті гипотермия (ішке суық басу), анальгетиктер, спазмолитиктер, 24 -48 сағат бойы 1 кг-ға. 40 мл. сұйықтык мөлшерде инфузионды терапия; коллоидтардың кристаллоидтарға ара қатынасы – 1: 4). 2. Антисекреторлы терапия (оңтайлы уақыт–аурудың бастапқы үш тәулігі): сандостатин (октреотид), квамател, 5 -фторурацил. 3. Антиферментті терапия (контрикал, гордокс, протенол; оңтайлы уақыт – аурудың бастапқы 5 тәулігі).
Емнің тиімсіздігін қандай клиникалық сынамалар және лабораторлық көрсеткіштері аурудың ауыр түрі туралы айтады?
Ауыр панкреатит көрсеткіштері (панкреонекроз): 1. Акроцианоз 2. Денеде көгерген дақтардың пайда болуы 3. Үдемелі тахикардия 4. Перитонеальды синдром, 5. Гемодинамиканың тұрақсыздығы, 6. Олигурия, 7. Гемоглобин 150 г/л-ден жоғары, 8. Лейкоцитоз 14 х109/л-ден жоғары, 9. Глюкоза 10 ммоль/л-ден жоғары, 11. Мочевина 12 ммоль/л-ден жоғары. 12. Дене температурысының көтерілуі.
Операцияға көрсеткішті атаңыз?
Операцияға көрсеткіштер: 1. Перитонит белгілері, 2. Без деструкциясы, іріңдеген секвестрлар.