№ 21 Есеп Науқас (ер) Д. , 37 жаста Шағымдары: Бірнешерет басылмайтын өтпен құсуға және іштің жоғарғы бөлігіндегі өткір белдеме тәрізді ауырсынуға шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша: жоғарыдағы айтылған шағымдар 12 сағат бұрын пайда болған. Ауруды майлы тағам және алкогольді қабылдаумен байланыстырады. Туыстарымен ЖМКЕ жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды және гастритті айтады. Аллергиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт. Көкшіл түсті. АҚҚ-95/60 мм. с. бб. Пульсі - 96 рет/мин, толуы әлсіз. Температурасы - 37. 20 С. Тілі құрғақ.
Пальпация Іші дұрыс пішінді, желденген, тыныс алу актісіне жартылай қатысады, эпигастрий аймағында қатайған және ауырсыну анықталады. Перкуторлы – барлық аймақтарда дыбыстың қысқаруы байқалады. Щеткин-Блюмберг және Мейо – Робсон сынамалары оң.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Болжам диагноз Жедел деструктивті панкреатит. Перитонит.
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика өткізу қажет?
Салыстырмалы диагностика: : 1. Жүрек инфарктісінің абдоминальді түрі 2. Төменгі бөлікті пневмония 3. Тесілген ойық жара ауруы
Зерттеу жоспары?
План обследования: 1. ЖҚА (6 көреткіш) 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы (глюкозаны, мочевинаны, креатининді, жалпы ақуызды, билирубинді, калий/натрий-ді, диастазаны анықтау) 4. Іш қуысының рентгеноскопиясы 5. Қан тобын және резус сәйкестікті анықтау 6. ЭКГ 7. Іш ағзаларының УДЗ 8. ФГДС 9. Анти-НВS 10. Микрореакция 11. Компьютерлік томография 12. Қанды ЖКТБ-ға зерттеу
ЖҚА Гб – 150 г/л Эр - 4, 3 х1012 Лейкц – 14, 6 х109 ЭТЖ – 20 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 066 Эр – 1 -2 в п/зр Лейкц – 1 -2 - 3 в п/зр Өт пигменті – оң Зәр диастазасы – 16 ЕД ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 28, 2 ммоль/л Жалпы ақуыз 66 г/л Қан глюкозасы 10, 6 ммоль/л Мочевина – 12 ммоль/л
ЭКГ – сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, синусты тахикардия ЖСЖ – 100 рет мин.
ФГДС –атрофиялық гастрит, дуоденит белгісі
УЗИ – өт қабы ұлғаймаған, саңылауы біртекті, холедох 0, 5 см. Ұйқы безі ішек желденуі жоғары болуы себебінен анықталмайды. Сондай-ақ оң жақ бүйір және ішек аралық аймақта бос сұйықтық анықталады.
Рентгенография лық шолуда – ішек пневматизациясы
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Жедел асептикалық панкреонекроз. Перитонит.
Ауыр түрдегі панкреатит кезіндегі дәрілік ем қандай?
Ауыр түрдегі панкреатит кезіндегі дәрілік ем: : 1. Базистік терапия (аштық, асқазанды зондтау және аспирациялау, жергілікті гипотермия (ішке суық басу), анальгетиктер, спазмолитиктер, 24 -48 сағат бойы 1 кг-ға. 40 мл. сұйықтык мөлшерде инфузионды терапия; коллоидтардың кристаллоидтарға ара қатынасы – 1: 4). 2. Антисекреторлы терапия (оңтайлы уақыт–аурудың бастапқы үш тәулігі): сандостатин (октреотид), квамател, 5 -фторурацил. 3. Антиферментті терапия (контрикал, гордокс, протенол; оңтайлы уақыт – аурудың бастапқы 5 тәулігі). 4. Қан реологиясын жақсартушы препараттар (гепарин, реополиглюкин, рефортан и др. ). 5. Детоксикация; 6. Антибактериальді терапия кең спектірлі екі антибиотиктер (фторхинолон, метронидазол)
Операцияға көрсеткіштер және негізгі операция түрлері?
Операцияға көрсеткіштер: 1. Іштің жедел қабыну синдромы, 2. Парапанкреатиқалық ағындылар, 3. Секвестрлардың іріңдеуі. Негізгі операция түрлері: 1. декомпрессия және өт жолдарын дренаждау: 2. Іш қуысын, шарпы қалтасын және парапанкреатикалық аймақты жуып-дренаждау: 3. перитонеальді лаваж өткізу. 4. секвестрэктомия, ұйқы безінің резекциясы, панкреатэктомия.