21 Д. Салық салу және бағалар Мазмұны: Салық салу және бағалармен байланысы. Қосымша салық түрі және оның баға әсері. Бағаға акциздердің әсері.
Қосылған құнға салынатым салық n n n Қосылған құнға салынатым салық, салық жүйссіндегі негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама салықтар немесе тұтынуға салынатын салықтар өнімнің, қызметтің бағасына қосылатындықтан, бұл салықты төлейтін төлеуші мен салық ауыртпалығын көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын тауарды, қызметті тұтынушы көтереді. Қосылған құнға салынатын салық біздің еліміздің салық жүйесіне 1992 жылдың 1 -ші қаңтарынан бастап енгізілген. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі. Косылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасында қосылған құн салыгы бойынша есепке тұрган немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады. Кез келген (он екі айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қосылган құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органдарына өтініш беруге міндетті. Жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша есепке қоюға жатпайтын, бірақ қосылған қүн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ерікті түрде қосылған құн салығы бойынша есепке тұра алады.
n n n Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда: тұлғаның атауы және оның деректемелері; салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмірі; тұлға қосылған кұн салығын төлеуші болған құн көрсетіледі. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң ессп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі. Куәліктің нысаны мен оны беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орған белгілейді. Куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылган жағдайда куәлік салық органына қайтарылуы тиіс. Егер қосылған кұн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңіндегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төменгі айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салык органына өзі қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Тауарлар импорты кезінді қосылган қн салығын төлеушілер – Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағындағы импорттайтын тұлгалар. Қосылған құнға салынатын салық салу объектісі: салық салынатын айналым; салық салынатын импорт.
n n Салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы салық салынатын импорт мөлшеріне Казақстан Рсспубликасының кеден заңдарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар имипорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі. Қазақстан Республикасында қосылған құн салық төлеуші болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және оларға қосылған құн салығы салынады. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде (есепті тоқсан ішінде) оларда салық салынатым айналымы 150000 теңгеден асатын сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактураның тізілімі табыс етіледі. Шот-фактуралар тізілімінің нысанын уәкілетті мемлекеттің орган белгілейді. Қосылған қүн салығын төлеу мерзімін өзгерту өсімпұл ісептелмей, кеден органьг кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жасалады.