
Мем.бюджет СРСП 2.ppt
- Количество слайдов: 8
2015 -2017 жылдарға арналған Республикалық бюджеттің қайта қарастыру себептері мен мәселелері Үкітай Асқар Фск-302
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінде «Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын ескере отырып, 2015 -2017 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы қайта қаралды» деп мәлімдеді.
2015 -2019 жылдарға арналған әлеуметтікэкономикалық даму болжамдарын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған "Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол" атты Жолдауында берілген тапсырмаларды ескере отырып, 2015 -2017 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамдары қайта қаралды. 2015 жылы республикалық бюджет кірістері 4 159, 5 миллиард теңге сомасында (бюджет жобасымен салыстырғанда 178, 9 миллиард теңгеге аз), 2016 жылы 4 606, 2 миллиард теңге (147, 3 миллиард теңгеге аз), 2017 жылы 4 971, 7 миллиард теңге (176 миллиард теңгеге аз) болады деп болжанып отыр.
2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде бекітілген: 1) кiрiстер - 6 744 976 569 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 4 024 397 054 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 125 596 084 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 9 508 247 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 585 475 184 мың теңге; 2) шығындар - 7 209 953 778 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 85 039 259 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 197 154 951 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 112 115 692 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 447 080 549 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 448 030 549 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 950 000 мың теңге; 5) тапшылық - 997 017 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2, 3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 997 017 мың теңге.
Министр Республикалық бюджет кірістері: 1) 2015 жылы 4 159, 5 млрд. теңге (бюджет жобасымен салыстырғанда 178, 9 млрд. теңгеге аз), 2) 2016 жылы – 4 606, 2 млрд. теңге (147, 3 млрд. теңгеге аз), 3) 2017 жылы – 4 971, 7 млрд. теңге (176, 0 млрд. теңгеге аз) сомасында болжанып отырғанын атап өтті.
2015 -2017 жылы бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептеледі: бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ бұрын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсiп келген аударымдары.
2015 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 168 538 087 мың теңге сомасында көзделеді, оның iшiнде: Атырау облысынан – 60 683 258 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 16 725 915 мың теңге; Алматы қаласынан – 83 656 400 мың теңге; Астана қаласынан – 7 472 514 мың теңге.
2015 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемi 904 371 171 мың теңге сомасында көзделген, оның iшiнде: Ақмола облысына – 59 210 424 мың теңге; Ақтөбе облысына – 19 926 241 мың теңге; Алматы облысына – 102 811 145 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 86 527 329 мың теңге; Жамбыл облысына – 95 371 591 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 36 203 569 мың теңге; Қарағанды облысына – 33 833 329 мың теңге; Қызылорда облысына – 83 180 589 мың теңге; Қостанай облысына – 58 910 235 мың теңге; Павлодар облысына – 14 477 485 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына – 58 719 253 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына – 255 199 981 мың теңге.
Мем.бюджет СРСП 2.ppt