2-lek.pptx
- Количество слайдов: 47
2 – ТАҚЫРЫП. ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЕРТЕ ДӘУІР. Имя докладчика
Дәріс жоспары 1. Полеолит (ерте тас ғасыры) 2. Мезолит (орта тас ғасыры) 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) 4. Энеолит (мыстытас ғасыры) 5. Қола дәуірі (б. з. д. XVIII-IX ғғ. ). Ерте мемлекеттік құрылымдар.
Дәуір атауы Тас дәуірі (2 млн. 500 мың – 3 мыңжылдық ) Кезеңдері Ежелгі тас (палеолит) Орта тас (мезолит) Жаңа тас (неолит) Мыс-тас (энеолит) Қола дәуірі (б. з. б. 2800900 ж. ж) Темір дәуірі Нұра кезеңі (ерте қола) Уақыты Б. з. б 2 млн. 500 мыңж. – 12 мыңжылдық Б. з. б. 12 мыңж. 5 мыңжылдық Б. з. б. 5 мыңж. -3 мыңжылдық Б. з. б. 3000 -2800 жылдары Б. з. б. 18 -16 ғасырларда Атасу-Алакөл кезеңі (орта Б. з. б. 15 -12 ғасырларда қола) Беғазы – Дәндібай Б. з. б. 12 -8 ғасырларда мәдениеті (кейінгі қола) Ерте темір дәуірі Кейінгі темір дәуірі Б. з. б. 8 -3 ғасырларда Б. з. б. 3 - Б. з. 6 ғасырларда
Адамзат баласының шығуы Қазіргі ғылыми ортада адамның пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – «Жаратушылық теориясы» . Бұл көзқарас бойынша адамды құдай жаратқан. Бұл көзқарастың жақтаушылары әлемдік деңгейде танылған діндердегі қасиетті кітаптарға сүйенеді. Діни, идеалистік жолмен түсіндірілетіндіктен ғылыми – матермалистік жолмен дәлелденуі қиын пайымдау. Екіншісі - «Сыртқы себептердің ықпалы туралы теория» . Яғни әлемдік гуманоидтер жөніндегі пікірлер. Ол бойынша, адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген. Бұл әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір. Үшіншісі – «Эволюциялық теория» . Ол бойынша адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан. Ч. Дарвиннің іліміне негізделіп құрылған бұл теорияның ғылыми-материалистік дәлелдері бүгінгі таңға дейін ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылып келе жатыр. Бұл көзқарасты құптамайтын, оған қарсы тұжырымдар бар.
Алайда қазіргі әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарастың дәлелдемелерін құптайды. Сондықтан «эволюциялық теория» тарихтың ежелгі кезеңін зерттеуде, тарихи және археологиялық жәдігерлердің ғылыми негіздемесін жасауда кеңінен қолданылады. Тарихтың ерте кезеңдерін осы теорияның зерттеулерімен жазудамыз. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың өмір сүру деңгейін ғалымдар болжам ғана ретінде айта алды. Сондықтан алғашқы адамның даму деңгейін археологиялық және антропологиялық зерттеу барысында мына төмендегідей мәліметтер береді: Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдары өндірген уақыты – тас дәуірі деп аталады. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары: ü Қазғыш таяқ; ü Үшкір тас; ü Шоқпар.
«Епті адам» Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Тік жүретін адам» § Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. § Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. § Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. § Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. § Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. § Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. § Синантроптар бұдан 500 -200 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Неандерталь адамы» § Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. § Неандерталь адамы Германия жерінен табылды. § 8 -9 жастағы Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Белгілі антрополог ғалым М. М. Герасимов баланың бет-әлпетін қалпына келтірді. § Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100 -35 мың жыл бұрын өмір сүрген. § Неандертальдықтардың сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған.
«Саналы адам» § Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. § Кейінгі тас дәуірінде, б. з. б. 40 -12 мың жылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. § Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40 -35 мың жыл бұрын «епті адам» , «саналы адамға» айналды. § Сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды. § «Саналы адам» өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. § Адамның жетілуінде еңбек шегуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. § «Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есе үлкен болды.
«Епті адам» Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Тік жүретін адам» § Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. § Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. § Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. § Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. § Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. § Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. § Синантроптар бұдан 500 -200 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Неандерталь адамы» § Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. § Неандерталь адамы Германия жерінен табылды. § 8 -9 жастағы Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Белгілі антрополог ғалым М. М. Герасимов баланың бет-әлпетін қалпына келтірді. § Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100 -35 мың жыл бұрын өмір сүрген. § Неандертальдықтардың сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған.
Алғашқы адамдар және олалдың кәсібі: Адамдар қарапаыйм еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. - Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жемісжидектерді. - Жерге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқалардың жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. - Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. - Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. - Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды
Алғашқы адамның іздері Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, қазақстанға және Сібірге алғашқы адамдар Еуропадан және оңтүстік шығыс Азиядан қоныстанған. • Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болды. • Олар адамдардың қоныстауына қолайлы жерлер Оңт. Қазақстанның Каратау жоталарынан, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойын мекен еткен. • Мұны тастан жасалған сол заманының еңбек құралдары дәлелдейді. • Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары болды. • Адамдардың тұңғыш баспаналары үңгірлер болды.
Отты пайдалану • Ертедегі адамдар әуелі найзағайды түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, рны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. • Адам бірте-бірте отты өзі жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Адамдар отпен: • Жылынды; • Жыртқыш аңдардан қорғанды; • Тамақ пісіріп, жеуге мүмкіндік туды. • Жыртқыш жануардан қорғану үшін, үңгірдің кіреберіс жеріне от жаққан. Жердің сууы - Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты. - Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суи бастады. - Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды, оның қалыңдығы 2 километрге жеткен. - Бұдан 13 жыл бұрын мұздық ери бастады. - Б. з. б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат (төрт мезгіл орнады)
Ежелгі тас дәуірі (палеолит) (б. з. б. 2. 5 млн – 12 мыңжылдық) Ерте тас дәуірі үш кезеңнен тұрады: • Ерте палеолит б. з. б. 2 млн. 500 мың жылдан – б. з. б. 100 (140 мың) мыңжылдыққа дейін. • Орта палеолит б. з. б. 100 (140 мың) мыңжылдықтан – б. з. б. 40 мыңжылдыққа дейін; • Кейінгі палеолит б. з. б 40 мыңжылдықтан – б. з. б. 12 мыңжылдыққа дейінгі аоалықты қамтиды.
Еңбек құралдары Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды. • Чоппер – тасты жарып, бөлшектеп, жүзу өткірлерін пайдаланды. • Чопплинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеген, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал. (Қаратау үңгірі. ) • Пышақ тәрізді кескіштер – үшбұрышты қалақша тәріздес, өлтірілген жануарлардың терісін сыпыратын құрал. • Ине мен біз – үшкір сүйектен жасалған. Осылай адам бірте – бірте тастан пышық, найзаның ұшын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады. • Жұмыртас- екі жақ бүйірі қырналған құрал. Олардан адамдар қырғыш, тілгіш сияқты еңбек құралдарын жасаған.
• Бифас – екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал. • Үшкір тастарды тас жарықшақтарынан жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен өндеп өткірлеген. • Ретушь әдісі дегеніміз – бір қабат өнделген тас құралдың жүзін ұсақ кертіқойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. • Аң аулауға шоқпарлармен қатар найзаларда пайдаланылды. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы еңбек құралдарын жасай білуі еді.
Рулық қауымның шығуы Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына рулық қауымға айналды: Ø Бұл шамамен «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Ø Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Ø Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Ø Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды. Ø Рулық бөлініс те аналардың үстемділігімен анықталды. Ø Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең деп есептелді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Ø Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады: Øоған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ер жүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ø Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң айлайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ø Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қоғады. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін шешті. Ø Мұндай рулық бірлесуді басқаратын көсемдер сайланды.
Кроманьондық адам. Палеолиттік баспана. Ежелгі тас дәуірінің ескерткіштері Ежелгі, орта палеолит. Жамбыл обылысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 -ға жуық тас құралдары табылған. Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтарын тапты. Құралдардың пайдаланылған мерзімі шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын болған. Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар жүзі түзу, кейде пышақ болып келеді. Маңғыстау түбінде – Шақпақата. Шығыс Қазақстанда – Шульбинка.
Кейінгі палеолит Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісінің бірі – Батпақ деп аталатын көне мекен. • Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. • Тұрақтың жас мөлшері – б. з. б. 30 -25 мыңыншы жыл. • Бұл жерден барлығы 300 -ге жуық тас құралы шықты. • Қырғыштар ұзынша келген тас сынығынан жасалған. Сонымен қоса: Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты – үшкір сүйек. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары: Жануарлардың сіңірлері болды.
Орта тас дәуірі (Мезолит) (б. з. б. 12 -5 мыңжылдық) • • Қазақстан жерінде мезолит ерекшеліктері аз табылған. Қазақстан аумағында 20 -дан астам мезолиттік тұрақтар табылған. Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи – климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады. Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендеген. Үнемі жайылымнан ауыстырып отрыған адамдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл. , Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеген. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.
Қоғамдық өзгерістер • • Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Рулар қауым өсе келе тайпаларға бірікті. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Ерлер негізінен аң аулады, әйелдер терімшілікпен айналысты. Негізігі кәсібінің бірі аң аулау болды. Қоғам да қауым мүшелеренің құқығы тең болды. Бірақ балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттері әр түрлі болды.
Қауым үш топқа бөлінді 1. Қариялар қауымның ішінде берекені сақтады, әдет-ғұрыптарды іске асырды, ақылшы болды. 2. Ересектер тамақ тапты, баспана салды, қауым мүшелерін жаудан қорғады. 3. Балалар қауымынан өзіне тиісті үлесін тамақ, киім алғанымен, қауым жиналысында сайлауға қатыса алмады. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау( инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды. Мысалы: • Ұл балалар аң аулау әдістерінен, садақ атудан; • Қыз балалалр үй шаруасы, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.
Еңбек құралдары • • Орта дәірде мезолитте шамамен б. з. б. 12 -5 мың жыл бұрын еңбек құралдары пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады. Мезолит заманынң үлкен жаңалығы – микролиттер, оның ұзындығы 1 -2 см. Ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құрал. Микролит – ұсақ тас дегенді білдіреді. Мезолит заманың тағы бір басты жаңалығы- садақ пен жебенің жасалуы. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кеткен болатын.
Егіншіліктің қалыптасуы • • Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғашпен қопсытты. Одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Адамдар егін оратын қарапайым тас орақ пен дән үккіш сияқты егіншілік құралдарын жасады. • Мал шаруашылығының қалыптасуы Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Қолға үйретілген хайуандардың өсіп-өніп, үй жануарларына айналуы үшін адамдар көп еңбек етті. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Адам ең бірінші итті қолға үйреткен.
ЖАҢА ТАС ДӘУІРІ (НЕОЛИТ) (Б. З. Б. 5 -3 МЫҢЖЫЛДЫҚ)
Еңбек құралдары Б. з. б. 5 мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді: • Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді; • Еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дән үккіш, келі, балта, қайланы т. б. ойлап тапты; • Құрамалы деп аталатыны - олар екі түрлі материалдан құрастырылғандығы. Құралдырдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан жасалды.
Өндіргіш шаруашылыққа көшіуі • • Неолит заманының табиғи-климаттық жағдайы бүгінгі күнге ұқсас болды. Қазақстан жері мен көрші аймақтарда неолит дәуіріндегі егіншелік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. • Таяққа бекітетін қашау балтаға айналды. Неолит тұрғындары: • Шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді; • Ору мен тоқу ісімен шұғылданды; • Кен кәсібімен және тоқымашылқпен айналыса бастады.
Егіншілік • • Неолитте адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар табиғат сыйына тәуелдіктен құтылды. Еңбек құралдарының дамуы адамзаттың терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамлдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты. Малшылық • Жабайы жануарларды қолға үйретті. Қолөнер • • • Неолит дәуірінің тағы бір үлкн жаңалығы адамдар қыш құмыра (керамика) жасауды үйренді. “Қыш құмыралар заманы” деп неолитті атаған. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауын- Көзе деп атаған.
Неолит ескерткіштері • • Неолиттік тұрақ қоныстары Қазақстанда көптеп кездеседі. Қазақсатан жерінде кездесетін неолит тұрақтарыны ең көнесі б. з. б. 5 мыңжылдыққа тән. Қазақстан аумағында неолиттің 500 – ден аса тұрағы табылған: • Усть-Нарын – Шығыс Қазақстанда; • Зеленая Балка, Қарағанды- Орталық Қазақстандағы тұрақтарынан үй малының суйектері табылған. Ол олардың мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі; • Пеньки – Сотүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындаға тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғаштар көбірек кездеседі. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта ораналасқан. • Жаңа тас ғасырндаға адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олар мата тоқып, киім тігуді үйренді. • Керамикалық ыдыстарға өрнектер сала білді. • Неолит заманының аңшылары аңдардын соңынан жылжып көшіп отырған, сондақтан көпшілік мекен-жайлары уақытша болған. • Ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген қоныстары да кездеседі.
Неолит ескерткіштері Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізігі белгілері жағынан бір –біріне ұқсас: • Арал өңірінен – найзаның тас ұштары , жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды. • Балқаштың солтүстігінде- шақпақ (кремний) тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустер, жебе ұштары көп кездеседі. • Орталық Қазақстандағы – Жезқазған өңірінен 150 -ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу оындары табылды. Адамның басын солтүстік – батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі.
Неолит ескерткіштері • Шығыс Қазақстан- аймағынан табылған қонсытар құрал – саймандарға өте бай. Мұнда құралдарыдң қызметін атқарған өткір ұсақ сына тастар көп табылды. Олар ұсақ тастрадан өткірленіп жасалған ұштер, кескіштер кездесті. Ондай құрамалы құралдарға жебе мен найза және жүзі өткір тастардан жасалған сабы сүйек не ағаш пышақ пен орақтар жатады. • Қызылорда облысындағы – Сексеуіл тұрағындағы: жануарлардың қалдықтарын зерттей келе, ғалымдар олардың 80 пайызы қой мен сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың қаңқалары екенін дәлелдеді. Тұрғындар мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған
МЫС – ТАС ҒАСЫРЫ (ЭНЕОЛИТ) (Б. З. Б. 3000 -2800 Ж. Ж. )
Еңбек құралдарының жетілідірілуі • Ең бірінші қолданылған металл – мыс. • Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өндіруді үйренді. • Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдарымен қатар қолданылған энеолит кезеңі басталды. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. • Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. • Сол кезеңдерде металлдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Мыс жеңіл әрі қалаған пішінге келтіруге ыңғайлы еді. • Ертедегі зергерлер әйелдердің әсем заттарын мыстан құйып әзірледі. Одан жасаған әшекейлер сәндігімен ерекшеленеді. • Шеберлер еңбек құралдырын мыстан дайындай бастады. Алайда мыс жұмсақ болғандықтан, одан жасалған еңбек құралы тез тозды және ауыр жұмыстарға жарамады.
Мыс- тас ғасырының ерекшелігі Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. • Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс – тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: 1. Еңбек бөлінісі пайда болды; 2. Аталық ру үстемдігі қалыптасты. Шаруашылығы • Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылқтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. • Энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. • Яғни бұл тайпалардың мал шаруашылғымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына итермеледі.
Мыс – тас ғасырының ескерткіштері Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы : • Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші Ботай тұрағы б. з. б. 3 -2 мыңжылдықтармен мерзімделді. • Ботай тұрағы 15 гектар жерді алып жатыр. • Ботай тұрағын қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. • Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. • Қазба жұмыстары барысында жылқы сүйектері табылды. Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағы: • Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. • Ыдыстар саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келді. • Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісті сияқты өрнек қолданылған. • Шебір тұрағының тұрғындары теңіз молюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. • Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
Білімнің дамуы • Адамдар аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, егінді жинау уақытын анықтаған. • Айдың қозғалысын бақылау арқылы алғашқы қарапайым күнтізбе жасап, жылды тепе - тең айларға бөлген. • Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография ( тасқа түсірген хат – суреттер) арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болды. Мысалы: • Шұбар атты салу арқылы малды індет ауруынан қырылғанын білдірген.
Діни көзқарастың қалыптасыуы Анимизм – қанның жанмен байланысатын сенім: • Жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен: • Қызыл түс қанның түсі. Тотемизм – адамның шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстармен байланыстырды. Магиялық әрекет – табиғаттың тылсым құбылысына сиынудың бір түрі: • Адамдар құлшылық етіп сиынған; • Құрбандық шалған; • Билеп, жалбарынған. Тұмар- жаман күштен қорғайды деп сенген.
Діни түсінгі Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. • Адамды ұйықтап жатқан сияқты қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. • Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың , орман мен таудың иелері болады деп сенген. • Сондықтан оларға құрбандық шалып тұруға тырысқан. Табиғатта тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе дауыл тұрады деп сенген. • Адамдар оларды аруақтар орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.
Өнердің шығуы Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәденитінің дамуы туралы мағлұмат береді. • Адамдар мен жануарлардың суреттері, рельефтер, үңріг қабырғасында бейнеленген. • Алғашқы қауым суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған. • Ежелгі суретшілер жануарларды айнытпай салды. • Археологтар суйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндерін көп тапқан. • Қаратаудығы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған. • Ыдыстардың біразын шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. • Қарағанды облысынан табылған орындалуы бірегей қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
Қола дәуіріндегі Қазақстан (б. з. б. 2800 -900 ж. ж. )
Қола дәуіріндегі Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б. з. б. 2 мыңыншы жылдықта басталған. Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алды. Қола дәуірінде жалпы адамзат металл өңдеуді игерді. Зерттеушілердің көпшілігі Қола дәуірін 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б. з. б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б. з. б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б. з. б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
Қола дәуірінің ерекшеліктері. 1. Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). 2. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. 3. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. 4. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті. 5. Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30 -дан аса қоныстар мен 150 -ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Қола дәуірінің негізгі сипаттамасы Металл игеру ü Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. ü Ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынды. Металл кеніштері: ü Зыряновск; ü Жезқазған маңайында; ü Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ. И. Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда: ü Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. ü Нарын мен Қалба кен орындарда 1100 тонна қалайы өңделген. Көне замандағы кен өндірушілердің орны кенішке жақын орналасты. ü Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандыққа салынды. ü Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. ü Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Андрон деген селоның маңынан табылған. ü Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. ü Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті “Андрон мәдениеті” атанып кетті. Аумағы: ü Орал өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі; ü Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар зерттеу нәтижесінде Андрон мәдениетінің қоныстарын тапты: ü Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80 -нен аса; ü Арқайымды қола дәуіріндегі қалаға ұқсатты; ü Петровка мен Боголюбов дуалдар қоршалған; ü Орталық Қазақстанда 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андронов мәдениеті: ü Дене құрылысы жағынан андроновтықтар еуропоидтерге ұқсаған. Сырт бет-бейнесін академик В. П. Алексеев былай сипаттайды: ü Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған. ü Қостанай жеріндегі қола дәуірі заманында еуропоидтық нәсілге жататын адамдар мекендеген, олар қыр мұрынды, ат жақты, өні ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегін, антрополог М. М. Герасимов оның бет-пішінін жасаған. ü Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық- тайпалық құрылымда өмір сүрді. ü Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасшылар шыға бастады. ü Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. ü Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т. б. ) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т. б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т. б. ) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замаревмәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.
ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР: 1. Адамзат баласының шығуы туралы «Жаратушылық теория» . 2. Ежелгі тас дәуіріндегі еңбек құралдары. 3. Қазақстан аумағында мезолиттік тұрақтар саны. 4. Неолит дәуінінің маңызды ерекшеліктері. 5. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылқтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі қай дәуірде болды 6. Андрон мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған жер.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
2-lek.pptx