2 лекция на каз.pptx
- Количество слайдов: 6
2 ШАХТА АЛАБЫН (ШАХТНОГО ПОЛЯ) АШУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ 2. 1. ЖЕРАСТЫ КЕНІШІНІҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ
Кеніштің жылдық өндірістік қуаттылығы геотехникалық шарттар бойынша және экономикалық тиімділікті ескере отырып анықталады. Кенорнындағы қазып алу деңгейінің жылдық азаю мөлшерінің мәні бойынша құлау бұрышы 30 -900 кенорны үшін тау-кен мүмкіндіктері бойынша кеніштің өндірістік қуатын анықтаймыз : А=V*K 1* K 2* K 3* K 4* S*γ*Kn ∕ Kp, мың т/жыл, V- қазып алу деңгейінің орташа жылдық азаюы, м; S- қабаттағы кенді алаңының орташа мөлшері, мың м 2; K 1, К 2, К 3, К 4 – жылдық азаю мөлшеріне түзету коэффициенттері, құлау бұрышы бойынша, кен денелерінің қалыңдығы, қолданылатын қазып алу жүйесі және бір уақытта жұмыс істеп тұрған қабат сандарына тиісті алынады; γ – кеннің тығыздығы, т/м 3; Кп, Кр- жоғалым және құнсыздану коэффициенті.
Қормен қамтамасыз етуге байланысты кеніштің қызмет ету мерзімі мына формуламен анықталады: Tp=Q/Ao, лет, мұндағы Tp – кеніштің есептік қызмет ету мерзімі, жыл; Q - кеннің эксплуатациялық қорлары, мың т; Ao- кенді өндіру бойынша кеніштің тиімді өндірістік қуаты, мың т/жыл. Кеніштің қызмет ету мерзімін Тейлор формуласымен де анықталады : T=6, 5 √ Q, жыл, мұндағы Q – кеннің қоры, млн. т. Жобалауға қабылданған кен қорына Малеев кенішінің қызмет ету мерзімі : T= Q геол *Kn / Kp * Aгод = 37530, 7 *0, 958/ 0, 888*2250=18 лет.
КЕНОРНЫН АШУ СҰЛБАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ Кенішпен немесе шахтамен қазып алуға бөліп берілген кенорнының бөлігін кеніш алабы (рудничным полем ) немесе шахталық алаб (шахтным полем) деп аталады. Шахта алабын ашу дегеніміз жер бетінен кенорнына жетуге мүмкіндік беретін және дайындық қазбаларын жүргізуді қамтамасыз ететін, барлаудан кейін ашу қазбаларын жүргізуді айтамыз. Ашу қазбаларын жүргізу бойынша жұмыстар тау-күрделі жұмыстарға жатады. Ашу сұлбасы – бұл тағайындалуы және орналасуы бойынша ашу қазбаларын орналастыру. Бас және қосымша оқпандарды өзара орналастыру қабылданған желдету сұлбасына және қазып алудың дамуы бойынша анықталады. Орталықтанған желдету сұлбасы кезінде бас және қосымша оқпандар шахта алабының ортасында орналасады, немесе орталық маңында бірінен 30 м арақашықтықта орналасады. Диогональді желдету сұлбасы кезінде бас оқпан орталықта, ал қосымша оқпандар қапталда (флангах) орналасады.
Кенді кенорындарын ашу әдісі мен сұлбасын таңдауға әсер ететін факторларды, кеніштің негізгі параметрлерін есепке ала отырып қаралатын ашудың негізгі параметрлерінен тұрады. Ашудың тиімді әдісі келесі талаптарға сай болу керек : еңбек қауіпсіздігі, күрделі шығындар және пайдалану шығындары бойынша тиімді, кенді қазып алудың толықтығын қамтамасыз ету. Кенді кенорындарын ашудың негізгі әдістерінің сұлбалары. Қарапайым әдістер: 1. Кенорны бойынша тік шахталық оқпанмен ашу, ол жатыс бүйірінде, аспалы бүйірінде және қапталда орналасуы мүмкін. 2. Кенорны бойынша еңіс шахталық оқпанмен ашу, жатыс бүйірі және қапталда орналасқан. 3. Кенорны бойынша штольнямен ашу, аспалы және жатыс бүйірінде орналасқан.
Аралас әдістер: 1. Жер бетінен тік шахталық оқпанмен ашылып ары қарай тік соқыр оқпанмен ашу. 2. Жер бетінен тік шахталық оқпанмен ашып ары қарай еңіс шахталық оқпанға жалғасу. 3. Жер бетінен еңіс шахталық оқпамен ашып ары қарай соқыр еңіс оқпанмен ашу. 4. Штольнямен ашып тік соқыр оқпанмен жалғастыру. 5. Штольнямен ашып еңіс соқыр оқпанмен ашуға өту.
2 лекция на каз.pptx