« 2 апта ауылда» Аманғалиева Асель 8 А
Атырау облысы бойынша орналасуы
Бесікті ауылы Ертеде, қазақ халқы көшпенді халық болып саналған. Сол кездері көшіп жүріп, Жайық өзенінің жағасына тоқтаған екен. “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген осыдан болар деп, - тылда болған қарияларымыз айтып отыратын. Сол мезгілдерде аталарымыз өзенге барып балық аулап, үйге азық әкеліп отырған. Сөйтіп жүргенде өзеннің жағалауында қалқып бара жатырған бесіктегі сәбиді көрген екен. Одан соң, сол сәбиді жерлеп, үстіне бесігін қойып кеткен екен. Содан бұл жер “Бесікті” деген атқа ие болған.
Бесікті ауылының халық саны Бесікті – Атырау қаласынан 20 шақырымда орналасқан ауыл. 1999 жылы Бесікті ауылында 856 адам тұрды(432 ер адам және 424 әйел адам). 2009 жылы 1021 адам құрады(499 ер адам және 522 әйел адам). Қазіргі кезде 1200 -ден астам тұрғын өмір сүріп жатыр
2 апта ауылда болған кездегі сәттер
Күш-білімде, білім-кітапта Мектеп-білім тірегі. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Ауыл шаруашылығы Ауылда көбінесе егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Егінде көбінесе бақша дақылдары, жемісжидектер, көкөністер өседі. Ал мал шаруашылығына келетін болсақ, көпшілігі туйе, жылқы немесе сиыр асырайды.
“Бесікті” демалыс орны Бесікті ауылындағы бұл демалыс орны жақында ашылған. Жалпы, ол Бесіктіден 1, 5 км қашықтықта орналасқан. Ең біріншіден, бұл жердің табиғатының әсемділігін көз алдыңа елестете отырып, керемет бір күйге бөленесің. Таза ауа, жасыл желектер, түрлі-түрлі гүлдер және т. б. табиғаттың ғажайып көрінісін байқайсыз. Және де бұлардың барлығы бізге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Негізі, демалыс орны дөңгелек пішінді құрайды және оны жылдың 12 айына бөлген. Яғни, мысалы, қазір қыркүйек айында баратын болсақ, оны сол мезгілге сәйкес құрастырады. Дәл сол секілді басқа айды да өз мезгіліне сәйкес құрған. Бұдан басқа, әрқайсысында да киіз үй, демалуға арналған құралдар бар. Сонымен қатар футбол секілді ойындар ойнауға арналған алаң(газон), балалар ойын алаңы(детская площадка), демалыс орындықтары(скамейка) болады. Демалыс орнының ерекшелігі басқа елде мекендейтін үй құстарды, үй жануарларын асырап, бағады. Одан басқа, атпен серуендеуге арналған орын бар. Қорытындылай келе, Бесікті демалыс орны жақындармен, достармен бірге демалуға барлық жағдай жасалған орын.
«Тұлпар» демалыс кешені «Тұлпар» лагері- балалардың жазғы демалыс кезінде демалатын орны. Бұл лагерь Бесікті ауылының табиғатымен бірге балаларды физикалық және мәдени тұрғыда дамытады.
Болашақтағы Бесікті Болашақта осы шағын ауылдың көркейіп, қалалық тұрғындармен бірдей дәрежеде дамуына, яғни, халықтың тұрмыс-жағдайына қолайлы аурухана, бала-бақша және т. б кешендер салынуына үміттенемін.
Назар аударғандарыңызға рахмет !