1991 жылы 25 тамызда.pptx
- Количество слайдов: 31
1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумаіында орналасқан одақтық батыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады
• Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады
• Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады.
• Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді. • Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының[4] 14 -3 бабының 3 -бөлігінің 8, 10 және 13 - тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату
• Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице- президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.
• 1991 жылы 16 қазанда • • "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы[5] қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды.
• Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына[6] белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда • • ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚРда мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
• • • 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы[10] қабылданды, онда алғаш рет "Президент" жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді — 5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды. Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық қүрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін, Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің үсынуымен Министрлер Кабинетінің қүрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды қүрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар қүрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді; Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төраға- сының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен босату туралы үсыныс жасайды
• 1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" ҚР Заңы[11] қабылданды. ҚР Президентіне Конституцияның негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңесі[12] бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар қүжаттар шығару құқығы берілді. Сонымен қатар, Президентке сол мерзімге қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестің ҚР Конституциясы 64 -бабының 12— 15, 18 және 20 тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге асы-у құқығы берілді, кейін оны жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР Конституциясының 78 - бабының 3, 7 және 16 тармақтарында көзделген өкілеттікті дербес жүзеге асыруға құқық берілді. • "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бүрын тоқтату туралы" ҚР Заңы[13] қабылданды.
• 1995 жылы 30 тамызда • • 1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.
• 1995 жылы 26 желтоқсанда • • 1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР жаңа Конституциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы[15] қабылданды.
• Жарлық республика Президентінің мәртебесін, Президенттің қызметке кірісу жағдайын, өкілетгік мерзімін, сондай-ақ Президентгің Парламентке, Үкіметке, Конституциялық Кеңеске, соттарға және судьяларға, прокуратура органдарына, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақы- лау жөніндегі есеп комитетіне, әкімдерге қатысты өкілеттіктері және өзге өкілеттіктері айқындалды. Онан басқа, Президент актілерінің нысандары, оларды дайындау және Президенттің қарауына енгізу тәртібі;
• Президент актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі белгіленді. Заңда сонымен қатар ҚР Президентін қызметінен бүрын босату, кетіру жағдайы жазылды. Президент қызметін қамтамасыз етуге жеке тарау арналды. Бүрынғы президенттердің мәртебесі мен оларды қамтамасыз етілуі айқындалды.
• 1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен[16] ҚР Кон- ституциясында көзделген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі қүрылды. "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңы[17] ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін, қүрылу тәртібін және жүмысының үйымдастырылуын анықтады. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі ҚР Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Заң Кеңестің өкілетгігін анықтады. Кеңес: судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; конкурстық негізде облыстық соттың судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады және оны қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының үсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кан- дидатураны қарайды және оларды ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Соттың Төрағасының қызметіне кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты ҚР Парламентіне үсыну үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасын, облыстық және соған теңестірілген соттар мен алқалары төрағаларын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;
• ҚР Президентіне сот жүйесі мен заңдарды жетілдіру мәселелері бойынша үсыныстар жасайды; ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің регламентін бекітеді; өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады. Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасынан, Конституциялық Кеңестің Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екі судьясынан, облыстық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан, аудандық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан), Кеңес Хатшысынан және ҚР Президенті тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасына, Жоғарғы Соттың Төрағасына, Бас Прокурор мен Әділет министрі Кеңес қүрамына лауазымы бойынша кіреді. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады. [18]
• 1998 жылы 7 қазанда • • "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы[19] ҚР Конституциясына өзгертулер енгізді, ол ҚРПрезидентіне де қаты- сты болды. Мысалы, Президенттің жаңа өкілеттік мерзімі — 7 жылға белгіленді. Жас мөлшері шектеулері өзгертідді; төменгі шек — қырықтан, жоғарғы шек — белгіленбеді. Бүрынғы өкілеттіктермен қатар ҚР Президентіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау қүқығы берілді. 48 бабтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылды: "ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді;
• Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент. Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжілісінің Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер -Министріне көшеді; өзіне Президент өкілеттігін қабылдаған түлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжілісінің Төрағасының және Премьер- Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бүл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады".
• 1999 жылы 10 қаңтарда • • ҚР Президентін сайлауы өтті. ҚР Президенті болып тағы Н. Ә. Назарбаев сайланды. ҚР Парламентінің депутаттар тобының ҚР Президентін кезекті сайлауының мерзімін белгілеу мақсатымен ҚР Конституциялық Кеңеске ҚР Конституциясының 94 баптағы 1 тармағы мен 41 бабының 1 тармағына ресми түсіндірме беруін сүрауына байланысты ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 ж. 19 тамыздағы қаулысымен[20] ҚР Президентін сайлауының мерзімі — 2005 ж. желтоқсанның алға- шқы жексенбісі болып беліленді.
ҚР Президентін сайлауы өтті. Кезекті мерзімге Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Оған 6 млн. 147 мың 517 қазақстандықтар, немесе сайлауға қатысқан сайлаушылардың 91, 15 пайызы дауыс берді 19[21]
1991 жылы 25 тамызда.pptx