
K_1199_nikeydi_1187_zhazy_1171_y.pptx
- Количество слайдов: 8
1889— 1931 Жүсіпбек Аймауытов “КҮНІКЕЙДІҢ ЖАЗЫҒЫ” ПОВЕСІ
Ж. Аймауытұлы жары Евгения Қарабатырқызы Сермұхамедовамен бірге Ж. Аймауытұлы – «Қазақ тілі» газетінің редакторы
Ж. Аймауытұлы балаларымен бiрге (Бектұр, Жанақ, Муза) Жүсіпбек Аймауытов абақтыда "Жаңа ауыл" кітабының мұқабасы (Қызылорда, 1929)
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕР
1928 жылдың соңында, 1929 жылдың басында «жаңа әдебиет» журналында жарық көрді. Бұл шығарманың да негiзгi тақырыбы — әйел тақырыбы. Көшпелi қазақ ауылының феодалдық-патриархалдық тұрмысы жағдайындағы кедей шаруалардың тiршiлiгiн жазушы сол ортадан шыққан қыз тағдыры арқылы бейнелейдi. Ауылдағы ауқаттылар мен әлсiздердiң арақатынасын, қогамдық әдiлетсiздiктiң мүсәпiр адамдарды езiп, рухани тоздырып бара жатқанын суреттейдi. Осындай ортада өскен Күнiкейдiң сол бiр әдiлетсiздiкке қарсы бас көтерiп, өзiнiң адамдық, азаматтық құқын қорғауға ұмтылуы, атастырган күйеуiн менсiнбей, өзi сүйген жiгiтпен қашып кетуi — ескi тәртiпке, ата-баба салтына берiлген үлкен соққы тәрiздi елестейдi. Повесть композициясы, негiзiнен, бiрiне-бiрi жалғасқан үш оқиғаның маңында топтасады. Олар — Ордабай ауылының жаңа жерге көшiп-қонуы, бай қызы Шәмшидiң күйеуiн күту және Күнiкейдiң айттырған күйеуiнiң келуi. Шығарма кейiпкерлерi осы оқиғалар төңiрегiнде кездесiп, характер есебiнде танылады.
Повестегi басқа кейiпкерлер негiзiнен Күнiкей тағдырына қатысты керiнедi. Олардың елеулiлерi — қыз шешесi — Шекер, әкесi — Қүлтума, атастырылған күйеуi — Тұяқ, сүйген жiгiтi — Байман, т. б. Шекер — өз заманының тәп-тәуiр әйелi. Кем-кетiк отбасының оны- мұнысын бiлдiрмей, бiрiне-бiрiн құрастырып, бала-шағасын тәрбиелеп отырған да осы әйел. Қүлтума, Тұяқ бейнелерi — кең жобаланбаған, эскиздiк бейнелер. Олар, негiзiнен, жоқшылықтың, кедейлiктiң, қазақ ауылындағы әлеуметтiк теңсiздiктiң символы сияқты.
K_1199_nikeydi_1187_zhazy_1171_y.pptx