
шакарим.ppt
- Количество слайдов: 12
1858 жылдың шілде айының 11 жұлдызында қарт Шыңғыстың сыртындағы Құнанбай әулетінің жайлауында шекесі торсықтай бір атұстар дүниеге келді. Жалғыздың бәйбішеден туған жалғызына Шаһкәрім деген ат берілді. Жалғыздың жалғызы деп отырғанымыз Құнанбай Өскенбайдың Зере есімді бәйбішесінен туған жалғыз болса, ал сол Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден Құдайберді жалқы туғанды. ²
Шаһкәрім!. . Шаһы түсінікті десек, ал Кәрім деген сөз арабша мәрт, жомарт, қайырымды, ізетті деген ұғымды білдіреді екен. Сәби сол атына сай бала кезінен ізетті, сезімтал боп өседі. ²
Ал бозбала Шәкәрім орыс тілін ағасы Абайдың ықпалымен үйренеді. Бір жылы бұлардың еліне жер өлшеу мақсатымен орыс инженері келеді. Абай оны әрі орыс тілін, әрі өнерін үйренсін деп әлгінің жанына қосып жібереді. Сол үш ай уақыт бұған жылға бергісіз үлгі өнеге болады. Яғни, Шәкәрім орысша тіл сындырып қана қоймайды, ғылым сырына үңіліп, геометрия заңдарын үйренеді. Оның ғылым, білімге деген құштарлығына сүйсінген ана инженер болса кетерінде көп құралдарын, дүрбісін беріп кетеді. Одан кейінгі жерде Абай ағасы Дол гополов, Михаэлис сынды орыс дос тары елге келгенде Шәкәрімді арнайы шақыртып алдырады екен. Абайдың бұған керекті кітаптарды оқытып қана қоймай, өлең, өнер жөніндегі берген кеңестері өз алдына. Соған аса риза көңілмен ағасына арнап өлең жазғанда мұның жасы жиырмадан енді ғана асса, ал ағасының жасы сол шақта отыздың ортасына да жетпеген ді. ²
Шәкәрім өмірінің алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның, ұлы ақынның қасында өткізсе, оның рухани бесігінде тербеліп өсіп, оның тәлім –тәрбиесін алса, өмірінің кейінгі кезінде өзі де М. Әуезов сынды болашақ ұлы жазушыға , ғұлама ғалымға рухани аға, ұстаз бола білді. Басқасын былай қойғанда, Шәкәрімнің “Еңлік –Кебекті” жырлауын , оны М. Әуезовтың алғаш болып сахналауын айтсақ та жеткілікті. Осы орайда көрнекті ғалымдар Ә. Тажібаев пен Ш. Сатбаевтың пікірлерін айта кеткен жөн. ”. . . Біз бүгінгі қауым адамдары да “Еңлік –Кебектің” өзінің атақты драмасына айналдырған , сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған М. Әуезовте Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес. Біз мұны бүгінгі жас қауым үшін айта кетуіміз керек. ¹(193 б)
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) Зертеуші ғалым М. Мағауин ақын поэмаларының тақырыбы мен жанры туралы былай дейді: ”Шәкәрімнің үш поэмасы да ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих-фон ғана, автордың назар аударғаны әлеуметтік –проблемалар мінез- құлық жайлы. Жанрлық тұрғыдан алғанда “Қалқаман – Мамыр”лиро эпикалық жырға бейім , ”Еңлік – Кебек” – әлеуметтік дастан , ал “Нартайлық- Айсұлу” махаббат драмасы дер едік. ¹(192 б)
“Адамгершілік пен арлылық мәселесі Шәкәрімнің бүкіл шығармашылық табиғатына тән тақырып деуге болады. Лирикалық шығармаларындағы адамның рухани болмысы, ақыл мен талап, ар –ождан, ынсап ұғымдары, қоғам мүшелерінің арасындағы қарым – қатынас шынайылығы тәрізді гуманистік, имандылық сипаттарды айтпағанның өзінде , Шәкәрімнің поэмаларында болсын , прозалық туындыларында болсын, тіпті аудармаларында болсын адамгершілік мәселесі бірінші кезекте көрініп отырады. ”-, деген пікірді ғалым Дәулет Сейсенұлы айтып кеткен. ²(198 б)
Шәкәрімнің өзге ақындарға ұқсамайтын жаңашылдығы Басында Мәжнүн болды барға ғашық , Жолында бір Ләйлінің жанталасып. Мен сорлы жоққа ғашық болып өстім, Менікі кеткен жоқ па онан да асып? – Деген жолдар шығарманың ішкі трагедиялық тынысы мен ақын жүрегінің мұң -шері қаншалықты тұтасып жатқанын аңғартады. Осы тұста ақын өз кейіпкерлерімен бірігіп кеткендей көрінеді. ²(199 б)
Шәкәрім поэмаларының кейіпкерлері -тарихта өмір сүрген адамдар , олардағы жер-су атаулары да нақты. Алайда, оған қарап бұл поэмаларды таза тарихи шығармалар қатарына жатқызуға болмайды. Әйтсе де белгілі фольклоршы ғалым Ш. Ыбыраев эпостық жырлардың тарихилық сипатын да жоққа шығармайды. Ондағы тарихтың қат-қабат ұғымдарынан тұратындығын, түрлі өлшемдермен кесіп-пішілетіндігін айтып : “Қалай болған күнде де эпостың әйтеуір бір дерексіз мерзімді емес, нақтылы тарихи ізі бар кезеңді өзіне дәуір ғылып алу кездейсоқ емес. ” ³(236)
Шәкәрім поэмаларының стилінде Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай ұстазының сарыны сезіледі. Абай тәрізді ол да өз поэмаларын негізінен баяндау үлгісінде жазған. Айырмашылығы Шәкәрімнің поэмаларында авторлық түйінге , кейіпкердің монологтары мен диологтарына мол маңыз берілуде. Мұны ұстаз дәстүрін дамытудағы шәкірт ақынның жемісті ізденісі деп қараған жөн. ³(273 б)
Әндері Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрностович. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н. Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. 4
Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман Мамыр» балетіне, «Еңлік Кебек» пьесасына, «Еңлік Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. 4
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. «Шәкәрімтану мәселелері» Тұрдықұл Шаңбай –Алматы : Раритет-Атамекен 406 б. 2. «Нартұлға Шәкәрім» Дәулет Сейсенұлы ред. А. Акишева – Алматы : Раритет, 2008 -408 б. 3. «Шәкәрім әлемі» Балтабай Әбдіғазиұлы. сер. негізін салған Т. Қ. Шаңбай-Библиография: 398 -406 б. 4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.
шакарим.ppt