
Годы Пушкина.ppt
- Количество слайдов: 7
(1520 -1591) Жырау, қолбасшы, батыр
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өз заманында жақсы тәрбие алып, көргені, білгені көп болған, парасатына білімі сай білгір адам Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге жетелеу. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныту. Тәрбиелік: Оқушыларды ақын жырларының астарындағы адами қасиеттер иесі болуға ұмтылдыру, елін сүюге, ұлтын ұлығылауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: а)Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алу; ә)Ақынның жырларында көбірек айтылыатын туған жері туралы деректер іздеп, табу; б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір — бірін тыңдауға дағдылану. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: зерттеу сабағы. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, суреттер, бейнебаян.
Доспамбет жырау (1520 -1591) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. 1588 жылдың 25 -ші шілдесімен таң баланған құжатта До деп хаттаған. Демек, ол сол кезде 60 пен 70 арасындағы ақсақал жастағы адам болған. Жыраудың 1591 жылғы Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520 -1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Өзі туған Азау қаласын «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем? !» деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің қөргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Және Азау қаласының аты ақын шығармаларында жиі кездеседі.
Азаулы қаласының тарихы Азаулы қаласының аты өз еңбегін жаңаша жыл қайыруымыздың І-ші ғасырында жазған Страбонда кездеседі. Азик деп хаттаған. Скандинавия жарты аралының жұрты христиандық дәуірге дейінгі құдайын Один деп атаған. “Эдда” дастанының мәтініне жүгінген Н. М. Карамзин: “Эдда аңыздары бойынша скандинавиялық мұсылман Один Азгард қаласының түлегі” дейді (Н. М. Карамзин …Том І. Гл. ІІ. Прим. -25. 9 -б. ). Грек тарихына қатысты деректерден білетініміз: Азақтың Киммерлік Боспор атанғаны, ал Азов теңізінің Меотида де лін гені. Меотида с азық тайпасы орыс жылнама ларындағы касогтар Сөйтіп, бұл теңіз жаға лауындағы қолтық Азау теңіз Азаулы атанған. Қара теңіз жағалауын моңғолдар мен шіктеген кез өзенінің атымен Тана аталды. Ол Алтын Орданың “ Византия, Генуя, Венеция саудагерлері Алтын Ордамен осы Тана арқылы сауда жасады. 1462 жылы Махмет паша Константи но польді алып оның Қара теңіздің терістік жағалау ларындағы от өзіне қаратты. Осы кезден бас тап Тана қайтада Азаулы ата нып, Тақыт елі, Терістік, Кав каз, Мәс кеу мен сауда-саттық қал серәскері (намест нигі) отырды. Мәскеу князьдіг өкілеттігін ұстатады.
Доспамбет жырау осы Азаулының не сол тараптағы көшпелі тайпаның түлегі. Жыраудың: Айнала бұлақ, басы Тең, Азаулының Ыстамбұлдан несі кем. Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның, Хан ұлында несі жоқ, Би ұлынан несі кем. Тәңірінің өзі берген күнінде, Хан ұлынан артық еді менің несібем – деген жолдарында біраз деректік мәлімет бар (Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 32 -б. ). Ол Азаулының ағасы. Қырым тарапында қала, ұлыс, ру басшыларын “аға” деп ұлықтаған. Доспамбет өзін хан нәсіліне де, би нәсіліне де жатқызбайды, Аймадет қауымынан екенін мақтанышпен атайды. Аймадет – Дешті Қыпшақ пен Ноғайлыда кездеспейтін ру. Толғаудың “Айнала бұлақ, басы Тең” деуі бекер емес. Тең, Тана, Дөң, Дон – бәрі бір өзен. Азау теңізіне құятын осы өзеннің бойында туып өскен жыраудың Азаулыны Ыстамбұлмен шеңдестіре сөйлеуінде мән жоқ емес. Азаулы түрік патшасына бағынышты қала еді. Доспамбеттің Ыстамбұлда болуы да ғажап емес.
Назарларынызға рахмет!!!
Годы Пушкина.ppt