
Лекция 13-1 каз Сеть.ppt
- Количество слайдов: 54
15 лекция Компьютер желілері жұмыстарын ұйымдастыру 1
Сұрақтар 1. Желілерді байланыстыру тәсілдері 2. Ашық жүйелер өзара қатынасының эталондық моделі 3. 3. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар 2
1. Желілерді байланыстыру тәсілдері Желінің негізгі жұмысы – компьютерлер арасында мәлімет (ақпарат) алмасуды ұйымдастыру. Кез келген желі өз абоненттерін бір-бірімен байланыстырудың белгілі бір тәсілін қолданады. Ондай абоненттер қашықта орналасқан компьютерлер, жергілікті желілер, факс-аппараттар болуы мүмкін. Осылардың біреуіне желі арнасын ұзақ уақыт беріп қоюға болмайды. Сондықтан желілерде абоненттерді байланыстырудың белгілі бір тәсілі қолданылады да, ол қатарынан абоненттердің бірнеше парларын бір мезетте байланыстыра алады. 3
Желі түйіндері арасында мәлімет алмасудың үш тәсілі қолданылады: Симплекстік (бір бағытты) түрде мәлімет алмасу (радио, теледидар сияқты); Жартылай дуплекстік түрде мәлімет алмасу (мәлімет екі бағытта да кезекпен беріліп отырады); Дуплекстік түрде (қос бағытта да) мәлімет алмасу, әрбір станция бір мезетте мәлімет жібереді және қабылдайды. Мәліметтер көбінесе тізбекті түрде тасымалданады. Тізбекті мәлімет алмасудың да екі түрі бар: асинхронды және синхронды. Асинхронды алмасуда бір символ жеке жіберіледі. Алғашқы екі (стартты) бит тасымалдау басталғанын білдіреді, сонан соң 8 бит – бір символ жіберіледі. Соңғы 4 бит тасымалдау соңын білдіреді.
Асинхронды мәлімет алмасу 0 старттық биттер 1 1 0 1 тасымалданатын символ коды 0 0 ## жұптық стопбит Артықшылығы: қарапайымдылығы, интерфейстік жабдықтар арзандығы. Кемшілігі: мәліметтің үштен бірі – ұйымдастыру мәліметі (стартстоп биттері, жұптық бит), жылдамдығы төмендеу. Асинхронды тасымалдау мәлімет сирек тасымалданатын орындарда жылдамдыққа да онша көңіл бөлінбейтін кезде қолданылады. Кейде 8 -ші бит те символға кіреді де, бақылау протоколдар деңгейінде 5 жүргізіледі.
Синхрондық тәсілде мәлімет блок түрінде тасымалданады, мәлімет жөнелту және қабылдау істерін қадағалау мақсатында синхрондау (қадамдастыру) биттері жіберіледі де, сонан кейін мәліметтер блогы, бақылау коды және мәлімет соңы символы (стопсимвол) жөнелтіледі. Синхрондық мәлімет тасымалдауда символдар жеке-жеке немесе блогымен тасымалдана береді. Бақылау коды ретінде тасымалданатын мәліметтің циклдік бақылау қосындысы алынады. Ол мәліметтің дұрыс екендігін айқын түрде анықтайды. 6
Синхронды мәлімет алмасу 0 синхрондау биттері 1 1 0 1 тасымалданатын символдар коды 0 0 ## бақ ыл ау ко ды стопсим вол Артықшылығы: мәлімет тасымалдаудың тиімділігі, жылдамдығының жоғарылығы, бақылаудың да сенімділігі. Кемшілігі: интерфейстік жабдықтардың күрделілігі, соған сәйкес қымбаттығы 7
Мәліметтерді коммутациялаудың мынадай тәсілдері бар: 1. Каналдарды коммутациялау – екі станция мәліметтер алмасу кезінде байланыс ажырағанша, каналды толық монопольды түрде иемденеді (телефон каналдары байланысы, тиімсіз, бірақ көлемді мәлімет тез беріледі); 2. Хабарламаларды коммутациялау – екі абонентті физикалық түрде байланыстырмай, мәліметтің біртұтастығын ұстай отырып, буферлеп виртуальды каналды пайдаланады; мұнда транзитті компьютерде мәлімет уақытша сақталып, кейіннен адресіне сәйкес компьютерге жөнелтіледі. Бұл тәсіл жылдам жауап алу қажет етілмейтін орындарда, мыс. , электрондық поштада қолданылады. 3. Пакеттерді коммутациялау – мәлімет шағын көлемді пакеттерге бөлініп, виртуальды канал арқылы тек жеке пакеттер беріледі, бірақ мәлімет тұтастығы сақталады. Бұл ең тиімді, 8 әрі жылдам байланыс түрі болып табылады.
Мұнда кез келген пакет 3 бөліктен тұрады: Тақырып (адрестер, маршрутты көрсету, пакеттерді біріктіру туралы нұсқау); Мәліметтер (512 байт – 4 Кб көлеміндегі бөліктер); Тасымалдаудың қателігін тексеру (циклдік бақылау қосындысы) ақпараты – қате болса, қайта тасымалдау керек. Пакеттерді коммутациялауда 2 режим бар: виртуалды каналдар режимі (байланыс орнатып барып тасымалдау, көлемді мәлімет үшін тиімді) және дейтаграммдық режим (байланыс орнатпай тасымалдау, шағын мәліметтерге тиімді). Виртуальды канал режимінде әр түрлі хабарлар пакеттері тасымалданып, кейбірі кешеуілдеп, кейбірі жылдам жете береді. Мәлімет берілу дұрыстығы старт-стоп тәсілімен әр пакет үшін соңғы пунктте немесе түйінді компьютерлерде 9 жүргізіледі.
Мәлімет берілу дұрыстығы терезе тәсілімен N пакет үшін де жүргізіледі. Мұнда қате К-пакетте кеткен болса, онда пакеттерді қайталап жіберу осы нөмірден қайта басталады. Дейтаграммдық режимде хабалама дейтаграммаларға бөлінеді. Дейтаграмма – бір хабар ішіндегі басқа пакеттерден тәуелсіз түрде тек өзіне тән маршрутпен тасымалданатын ақпарат бөлігі. Дейтаграммалар соңғы пунктке кез келген ретпен келіп түсе береді, тексеру тек соңғы пунктте жүргізіледі. Осының салдарынан соңғы компьютердің буферінде желі бұғатталып (блокировка сети) қалуы мүмкін. Желінің бұғатталуы – буферде әр түрлі хабарлар дейтаграммалары жиналып, олардың кейбірі түгел келмей, 10 буфер көлемінің толып қалуы.
Дейтаграммалық режим схемасы 3, 2, 1 3, 1 2, 3, 1 А 2 3, 2, 1, ЗП 2 В Пакеттерді жинақтау Виртуальдық режим схемасы В А 3, 2, 1 ЗП 3, 2, 1, ЗП 11
2. Ашық жүйелер өзара қатынасының эталондық моделі Компьютерлік желілер жұмысының негізі - әр түрлі құрылғыларды бір-бірімен байланыстыруды стандарттау іcі болып саналады. Осы стандарт бойынша ашық жүйелерді байланыстырудың жеті деңгейі қарастырылады. Ашық жүйе дегеніміз – стандартқа сәйкес алдын ала келісім бойынша қабылданған ашық сипаттамалар (спецификациялар) арқылы құрылған кез келген жүйе. Желідегі құрылғылардың өзара қатынас құруы күрделі мәселе болып саналады, оны бірнеше шағын деңгейлерге бөліп қарастыру қажет. Осы деңгейлердің атқаратын жұмысы, бір-бірімен байланысуы, сигналдар мен программалар үйлесуі халықаралық стандартпен бекітілген. 12
Компьютерлердің байланысу деңгейлері мен желідегі мәлімет тасу протоколдары Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты 1983 ж. жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі — Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 сатыға бөлініп қарастырылады. Оның ең жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады. 13
Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзара байланысуының 7 деңгейі: 1 -физикалық, 2 -каналдық, 3 -желілік, 4 -транспорттық, 5 -сеанстық, 6 -мәліметтерді ұсыну деңгейі (представления), 7 -қолданбалы деңгей қолданбалы —тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. физикалық — құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей. 14
Байланысу моделінің деңгейлері 15
Байланысу моделінің деңгейлері Деңгей Ұқсастығы Қолданбалы деңгей Хат қағазда жазылды. Оның мазмұны анықталды. Ұсынылу деңгейі Хат конвертке салынды. Конверт толтырылды. Маркасы бар. Клиент жөнелту протоколының барлық талабын орындады. Сеанстық деңгей Хат пошта жәшігіне салынды. Жеткізетін транспорт табылды (хатты бөтелкеге салып суға ағызып жіберуге болар еді, бірақ басқа жолы табылды) Транспорттық деңгей Хат почтамтқа жеткізілді. Ол көліксіз баратын жергілікті хаттардан бөлінді. Желілік деңгей Хаттар сұрыпталып қапшыққа салынды. Енді тасымалдана-тын хат емес, қапшық болады. Каналдық (арналық) деңгей Қапшықтар вагонға тиелді. Енді тасымалданатын вагон болды. Физикалық деңгей Вагон электровозға тіркелді. Енді поезд тасымалданатын болды. Хатты жеткізуге басқа ведомство кірісті, ол басқа протоколмен (ережемен) жұмыс істейді. 16
ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады. 1. Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды. 2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұр-ғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды. 3 17
3. Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьюте-рі жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады. 4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамала-ры талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы фор-матқа (пакеттерге) түрлендіріледі. 5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану марш-руты анықталып, пакеттер адреспен толықтырыла-ды. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді. 18
6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады. 7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерін-де осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқы-лы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жо-лымен 19 атқарылады.
OSI моделінің 7, 6, 5, 4 -ші деңгейлері информация өлшеу бірлігі ретінде «хабарлама» (сообщение) ұғымын қолданады. Желілік деңгей мәліметтерді пакеттер деп атаса, каналдық деңгей кадрлармен жұмыс істейді де, физикалық деңгей байттармен жұмыс істейді. 20
Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән протоколы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады. 21
Протокол (хаттама) – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері. Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялары жиыны. Протоколдар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға керекті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны. 22
Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында қатесіз мәлімет тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген протоколдан немесе солардың жиынынан тұрады. 23
3. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар • Байланыс арналары мен интерфейстер • Желілік карта (Сетевая карта) • Қайталауыш (Repeater) • Концентратор (Hub) • Көпір (Мост-Bridge) • Коммутатор (Switch) • Маршрутизатор (Router) 24
Байланыс арналары (Мәлімет тасымалдаудың физикалық ортасы) Мәлімет тасу ортасы мынадай топтарға жіктеледі: Сым арқылы – даладағы бағандарға ілінген изоляциясы жоқ жай телефон сымдары, жылдамдығы төмен, ақауларға да төзімсіз (помехозащита слаба); Коаксиальды кабель - коаксиальды кабель түріндегі изоляциялық экранға оралған мыс сым; жергілікті желіге арналған түрі, ауқымды желіге арналғаны және кабельдік теледидар үшін жасалғандары бар; Есілген қоссым (витая пара) – изоляциямен қоршалған және изоляциясыз түрлері болады, есілген түрдегі сымдарда сыртқы сигналдар ішкі импульстарға әсері әлсірейді; Оптоталшықты кабельдер – диаметрі 5 -60 микрон жарық сигналдарын тасымалдайтын талшықтар, жылдамдығы жоғары (10 Гбит/сек-тан жоғары), ақауларға төзімді; 25 Сымсыз (радиоканалдар және спутниктік байланыстар) арналар;
Түрлері Кабельдік байланыс сымдары арқылы Есілген қоссым Коаксиалды кабель Оптоталшық Сымсыз байланыс арналары (радиоарна, спутник арнасы) 26
Коаксиальды кабель құрылымы Коаксиальды кабельдердің екі түрі бар: жуан және жіңішке. Жіңішке коаксиальды кабель теледидар антеннасының кабеліне ұқсас, бұлар жергілікті (локальді) желілерде жиі қолданылады. Кабельді компьютерге қосу үшін BNC-қосқыштар (разъемы) пайдаланылады. Жуан коаксиальды кабель диаметрі үлкенірек, ол сенімді (помехоустойчивый) түрде жұмыс істеп, сигналдарды алысқа тасымалдауға қолайлы. Иілмейтін болғандықтан және арнайы қосқыш қажет етілетіндіктен жіңішкеге қарағанда сирек 27 қолданылады.
Есілген қоссым сыртында изоляциясы бар екі немесе одан да көп бұралған өткізгіш мыс сымдардан тұрады. Сымдарды бұрау олардағы сигналдардың әлсіреуін азайтады. Экранды және экрансыз есілген сымдар болады. Экранды қоссымдар сыртында металдан жасалған қоршау экраны болады. Экран өткізгіштер арқылы берілетін сигналдарды сыртқы ортаның электромагниттік зиянды әсерінен сақтайды. Экраны жоқ есілген сымдарды құрылғыларға жалғау үшін RJ-45 қосқыштары қолданылады. 28
Оптикалық кабель сигналдарды жарық импульстары түрінде тасымалдайды. Бұлар пайдалы сигналды әлсіретпей, қашыққа (бірнеше ондаған кмлерге) тасымалдай алады. Бұған қоса жарық сигналдарын пайдаланатындықтан, сыртқы электромагниттік әсерлерден жақсы қорғалады. Оптикалық кабельдерде сырты изоляциямен қоршалған шыныдан немесе пластик талшықтан жасалған жарық өткізгіштер қолданылады. Оптикалдық талшық қымбат материал, бірақ жоғарғы жылдамдықты алысқа тартылатын байланыс арналары осылардан жасалады. 29
Желілік карта Compex RE 100 TX PCI 10/100 Желілік карта – компью- терге орнатылып, оны желі ортасымен байланыстыратын дәнекер құрылғы. Желілік карта операциялық жүйенің командалары мен мәліметтерін қабылдап алып, соларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, кабель арқылы желіге жібереді және қабылдайды. Қазірде желілік картаның өте көптеген түрлері шығарылады. Олардың есілген сымдарға, коаксиальды немесе оптикалық кабельдерге қосылатындары бар. 30
Желілік адаптерлер (карталар) – компьютерді желімен физикалық түрде байланыстыратын құрылғы. Оны орнатудың жеңілдігі – адаптер типіне байланысты. Кейбір адаптерді аналық тақшаның (материнская платаның) слотына қондыру жеткілікті, Plug & Play (қой да, істей бер) стандартындағы адаптер бірден істей береді. Егер адаптер ол стандартқа сәйкес болмаса, оның параметрлерін орнату қажет. Ол үшін екі нүктені сәйкесінше жалғау (перемычка) керек немесе нөмір енгізу керек. Параметрлерді программа арқылы да меню командаларымен орнататын адаптерлер де бар. Олар адаптерді тексеру (тестирование) мүмкіндігін де береді. 31
Интерфейстер RJ-45 интерфейсі, ажыратып-қосқышы (разъемы) Жіңішке коаксиальды кабельге арналған BNC интерфейстері (Т-коннектор) 32
Концентратор (hub) Micro. Hub TP 1008 C Кабель арқылы байланысатын компьютерлер концентраторға қосылып тұрады. Компьютерлер санына және кабель ұзындығына қарай пассивті және активті концентраторлар болады. Активтілері 4, 16, 32 компьютерді қосуға арналып, сигнал күшейткіштері болады. Пассивтілері тек 3 компьютерді біріктіре алады. Компьютер мен концентратор арасы 100 м-ге дейін, жылдамдығы коаксиаль сымдағыдай 33 10 Мбит/сек.
Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байланыс арналарын біріктіріп тұратын бірнеше порттары бар қайталауышты айтады. Концентратормен байланысып тұрған ДК-лер желінің бір сегментін құрайды. Желі сегменті - мәліметтерді тасымалдау ортасы біріккен, бір концентратормен байланысқан, бір бөлмеде (бірнеше бөлмеде) орналасқан желі бөлігі. Концентратор желінің физикалық топологиясын өзгертеді, бірақ оның логикалық топологиясы өзгермейді. Егер оның бір портына мәлімет келіп түссе, ол оны көбейтіп барлық 34 басқа порттар арқылы жөнелтеді.
Үш портты концентратор схемасы Концентратор T Желілік карта R T R T R T Компьютер Мұндағы: Т-жөнелткіш; R-қабылдағыш 35
Концентраторлы желі мысалы 10 Мбит/с 10 Мбит/с Технологиясы: Ethernet 10 Мбит/с Байланысу кабелі: Есулі қоссым 36
Қайталауыш (репитер) ER-200 Егер кабель ұзындығы желі сегментінің максимальды ұзындығынан артса, онда желіні репитер арқылы бірнеше (5 -ке шейін) сегментке бөлу қажет. Репитерлер бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегменттерді байланыстырады, сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, мәліметті тасымалдау қашықтығын арттырады, информацияны екі бағытта да өткізеді. Қайталауыштар коаксиалды кабельді пайдаланатын желілерді кеңейтіп, олардың мүмкіндігін 37 арттырады.
Репитерлер жіңішке немесе жуан коаксиальдармен істей береді, өйткені олардың әр түрлі қосқыштары (разъемдары) болады. Бұлар кейде аналық тақшаның слотына қойылатын тақша ретінде де жасалады. Ондай жағдайда ол қосылған жұмыс станциясы өшірілмей жұмыс істеуі қажет, әйтпесе репитер істемей қалып, желі сегменттері қосылмай қалады. Жеке құрылғы ретінде істелген репитерлердің өз қоректену блогы болады, сондықтан оның жұмысына жеке компьютерлердің өшірілуі әсер етпейді. 38
Көпір Tiny. Bridge Ауқымды желіде жергілікті желілер арасындағы байланыс көпір арқылы жасалады. Көпір (bridge) желі сегменттерін байланыс-тыратын құрылғы, ол желінің жалпы мәлімет тасу ортасын сегменттерге (бөліктерге) бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады. 39
Көпір екі ұқсас желіні байланыстырады, олардың протоколдары бірдей, тасымалдау ортасы және адрестері құрылымы да да ұқсас болуы керек. Көпір түрлері: Ішкі (файлдық серверде орналасқан); Сыртқы (жұмыс станциясында орналасқан, функциясы азырақ болғандықтан, ісі тиімдірек); Белгіленген көпір – басқа жұмыс атқармайтын жеке компьютер (выделенный); Біріктірілген – көпір, әрі жұмыс станциясы рөлін атқарады (совмещенный); Жергілікті (локальный) – үлкен желілерді және кабель ұзындығына қарай шектелген желілерді байланыстырады (жылдамдығын арттырады); Қашықтағы (удаленный) – ара қашықтығы үлкен, сол себепті кабель пайдаланылмай, телефон каналы қолданылатын желілер. Телефон каналының екі шетінде де көпірлер болады. 40
Жергілікті көпір мысалдары К 1 К 4 К 2 К 5 К 3 КӨПІР К 3 К 1 К 2 К 4 Файл-сервер КӨПІР К 6 К 5 К 1 Файл-сервер 41
Көпірді пайдалану мысалы 1 2 1000 м 1 Hub 1 2 Bridge 1 3 1 2 Bridge 2 Hub 2 4 42
Коммутатор (switch) COMPEX SRX 1216 Dual Speed Switch 16 port 10/100 MBit/S (16 UTP) RM Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттарға қосылған желілер арасын бірден байланыстыра алады. Пакеттерді коммутациялау желісінде ол мәліметтерді адресіне сәйкес өз маршрутына бағыттай алады. Сол себепті жалпы желі тасымалдау жылдамдығы артады. 43
Коммутаторды пайдалану мысалы 1 2 10 Мбит/с 3 10 Мбит/с 1 4 2 10 Мбит/с 5 4 3 10 Мбит/с 5 100 Мбит/с 6 Технологиясы: Ethernet 10/100 Мбит/с Байланыстыру ортасы: Коаксиальды кабель/Есулі қоссым 44
Маршрутизатор Cisco 2500 Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т. с. с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі. 45
Маршрутизаторлар LAN желісін WAN желісімен немесе бірнеше LAN желілерін бірімен байланыстырады. Бұлардың жұмысы протоколдарға байланысты болады және көпірлер мен коммутаторларға (2 -ші деңгей) қарағанда басқа деңгейде (3 -ші және 7 -ші деңгейлерде қолданылады). Маршрутизаторлар өздері мәліметтердің ең тиімді жолын протоколдар арқылы анықтап алады. Қазір көп тарағандары Cisco сериялы маршрутизаторлар, олардың соңғы кездерде шыққан Cisco 7200 -7500 түрлері өте сенімді, әрі жылдам істейді. 46
Маршрутизаторды пайдалану мысалы M 1 2 3 M 2 2 S 1 M 3 1 1 1 2 2 M 4 1 3 2 S 3 1 2 S 4 47
Бір мәлімет бөлігінің (пакетінің) желі бойынша жеткізілу процесі Исходная последовательность А Ethernet Восстановленная последовательность Т Т IТ IТ EIТ RIТ В SIТ EIТ Маршрутизатор RIТ Маршрутизатор PIТ T - Заголовок TCP; I - Заголовок IP Е - Заголовок Ethernet; S - Заголовок радио-пакета Р - Заголовок пакета РРР; R - Заголовок Token Ring 48
Шлюздер әр түрлі протоколдар пайдаланатын желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады. Мысалы, Макинтош және IBM PC компьютерлерін сәйкестендіріп байланыстырады. Шлюз ретінде протоколдарды байланыстырушы программалары бар жеке компьютер пайдаланылады. Олар протоколдарға сәйкес мәліметтердің форматтарын да түрленідеді. Толық функциональды шлюз - программалық-аппараттық кешен, өйткені ол аппаратураны да және программаларды да байланыстырады. 49
Модемдер компьютердегі цифрлық сигналдарды телефон желілері арқылы тасымалдауға қолайлы аналогтық сигналға және керісінше де жұмыс атқаратын құрылғы болып табылады. Ол модуляция және демодуляция деген сөздерден қысқартылып алынған. Модемдердің ішкі және сыртқы түрлері болады. Ішкі модем компьютер жүйелі блогы ішінде орналасқан. Ал сыртқы модем өзінше юөлек жеке құрылғы болып табылады. Модем кез келген тұрмыстық компьютерді телефон арнасы арқылы Интернет жүйесіне қосатын құрылғы болып табылады. 50
51
Тасымалдау орталары (Среды передачи) • Магниттік мәлімет жинақтауыштар арқылы • Есілген қоссым (витая пара) арқылы • коаксиальды кабельдер арқылы • Оптоталшық арқылы 52
Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мәлімет қабылдау және жөнелту істерін орындайды. Енді сол протоколдардың құрылымы мен ерекшеліктерімен, мәліметтердің адрестелуімен және пакеттерге бөліну заңдылықтарымен келесі жолы танысамыз. 53
Трансивер тікелей кабельге жалғанып орналасады да, компьютердің желілік картасы арқылы қоректенеді. Трансивер желілік картаға AUI (Attachment Unit Interface) типті интер-фейстік кабельмен қосылып тұрады. 54
Лекция 13-1 каз Сеть.ppt