
14-лек Табыстылыкты талдау.pptx
- Количество слайдов: 11
14 ЛЕКЦИЯ Пайданың құрамын және серпінін талдау Дәулетбақов Б. Д. E-mail: dauletbakovb@mail. ru Кафедра «Бухгалтерлік есеп және қаржы» 2012
Пайданың құрамын және серпінін талдау Сұрақтар 1. Табыстылық көрсеткіштері 2. Табыстылық коэффициенті 2
Табыстылық көрсеткіштері Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталаңдыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. 3
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді: 1. жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері; 2. өнімдер; 3. ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері. Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады. 4
Табыстылық көрсеткіштері Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылык коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн. Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілерлер Ø басқару тиімділігінің көрсеткіштері; Ø кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш; Ø табысты болжау әдісі; Ø шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады. 5
Табыстылық коэффициенті Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауга қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады. Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады. 6
Табыстылық коэффициенті Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң турде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. 7
Табыстылық коэффициенті Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі: Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметтермен сипатталады. 8
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі % № Көрсеткіштер 1 2 Өткен Есепті Ауытқуы жыл (+, -) 3 4 5 5040 6538 + 1498 2. Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал = баланс валютасы) 30512 37254 3. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал), % 16, 52 17, 55 +6742 1 Таза табыс, мың теңге + 1, 03 9
Табыстылық коэффициенті Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1, 03 пунктке өскен және 17, 55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады. Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2 -ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынының таза табысы жатқызылады. 10
Табыстылық коэффициенті Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+1, 03) ықпалын анықтау өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (5040: 37254*100), бұл біздің мысалымызда 13, 53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсеpi 2, 99 пунктті (13, 53 -16, 52) құрайды. Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті - 4, 02 пунктке (17, 55 -13, 53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2, 99+4, 02 = +1, 03). 11
14-лек Табыстылыкты талдау.pptx